Зерттеу мақсаты: университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісін теориялық негіздеу және әдістемелік қамтамасыз ету.
Зерттеу нысаны: болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлау үдерісі.
Зерттеу пәні: болашақ педагог-психологтарды даярлауда диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруды ұйымдастыру.
Зерттеудің болжамы:егер болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі жасалып, университеттің білім беру үдерісіне ендірілсе, онда қажетті құзыреттілікті мақсатты түрде қалыптастыру қамтамасыз етіледі, өйткені дидактикалық үдеріс теориялық ұстанымдар мен тәсілдердің интегративтік негізіне, сондай-ақ білім беру ортасының әлеуетін тиімді пайдалануға негізделеді.
Мәселеге, мақсатқа, нысан мен пәнге сәйкес, мынадай зерттеу міндеттері белгіленді:
Кәсіби даярлау үдерісінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздерін құрайтын ғылыми еңбектер мен тұжырымдамаларға талдау жасау.
Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырларын негіздеу.
«Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі» ұғымының мәнін нақтылау, мазмұнын, құрылымын сипаттау.
ЖОО үрдісінде болашақ педагог-психологты даярлауда диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың моделін әзірлеу.
Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдістемесін жасап, тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру. Эксперимент қорытындылары бойынша оқу құралы, әдістемелік кешен, диагностикалық дәптер даярлап баспадан шығару.
Зерттеудің әдіснамалық негізін құрайтын теориялар: әдіснаманың болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымы мен компоненттерін жүйе ретінде қарастыратын жүйелілік тұғыры (И.В. Блауберг, В.Н. Садовский, Э.Г. Юдин [71], Н.Д. Хмель [72], В.П. Давыдов, П.И. Образцов, А.И. Уман [73], О.Е. Пермяков [74], А.А. Булатбаева [75] т.б.); диагностикаға қатысты студенттердің алған білімдерін пайдалана алуды көздейтін құзыреттілік тұғыр ( В.А. Бодров [76], В.А. Болотов, В.В. Сериков [77], А.Л. Андреев [78], А.С. Зуева [79], О.Е. Лебедев [80], Ю.Г. Татур [81], А.К. Маркова [82], К.С. Кудайбергенева [83] т.б.); кез- келген педагогикалық үдерісте тұлғалық даму мақсатының басымдылығын, студенттерді негізгі іс-әрекетке тарту арқылы құзыреттілікті қалыптастыруды көздейтін тұлғалық-әрекеттік тұғыр (Л.С. Выготский [84], П.Я. Гальперин [85],
А.Н. Леонтьев [86], В.В. Давыдов [87], И.А. Зимняя [88], С.М. Джакупов [89], З.Б. Мадалиева [90], А.Р. Ерментаева [91] т.б.); болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіндегі ортаны түрлендіруге және зерттеуге мүмкіндік беретін орта тұғыры ( В.А. Ясвин [92], В.И. Панов [93], В.В. Рубцов [94], В.И. Слободчиков [95], И.И. Мардахаев [96], А.И. Артюхин [97] және т.б.)