Абдуллаева перизат тураровна университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру


Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы



бет8/46
Дата14.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#114345
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психологи-emirsaba.org

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындауда диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың негізі ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика теорияларына талдау жасалды;


  • университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары негізделді;


  • «болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігі» түсінігінің мәні ашылып мазмұны нақтыланды;


  • болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың моделі жасалды;


- университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдістемесін жасап, тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексерілді.


Тәжірибелік маңыздылығы:

  • университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру әдістемесі жасалып, тиімділігі тәжірибеде сынақтан өткізілді;


  • болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру деңгейін анықтауға арналған: «Психологиялық-педагогикалық диагностика» курсы бойынша оқу құралы, педагог-психолог-диагност жұмыс дәптері, «педагог-психологтың 100 әдістемесі» диагностикалық минимумы сияқты әдістемелік құралдар әзірленіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәжірибесіне ендірілді.


Зерттеу нәтижелері университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтарды сапалы даярлауда үлкен мәнге ие және білім беруде психологиялық-педагогикалық қызметті ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесіне белгілі бір үлес қосады деп санаймыз.


Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Белгілі бір объектінің ахуалын зерттеу, танып біліп диагностикалау, оның сапасын арттыру мақсатында әсер етудің мүмкіншіліктерін қарастырып, шешім қабылдау мәселесі әртүрлі ғылым саласының түйінді мәселесі болған. Білім саласындағы диагностика - қоғам үшін аса маңызды білім беруді тиімді ету үшін оқу-тәрбие үрдісінің алғы шарттарын, жағдайын және нәтижесін талдауға, жеке тұлғаның даму мәселелерін, оның біліміндегі олқылықтар мен себептерін сауатты анықтауға, соның негізінде оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс таңдауға бағытталған іс-әрекет.


  2. Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың нәтижелілігін педагогика ғылымы әдіснамасының жүйелік, тұлғалық-әрекеттік және құзыреттілік тұғырлары мен педагог-психологтың теориялық-әдіснамалық тұрғыда байқалу, танылу, білім беру ортасын кәсібилендіру оқытудың тәжірибелік бағыттылығы, педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісіндегі ішкі мотивация, тұлғалық рефлексия ұстанымдарының кешенді қолданылуы қамтамасыз етеді.


  3. «Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі» - ЖОО оқу-білім беру үдерісінде диагностикалық іс-әрекетті орындауға жоғары ынтаны, диагностикалық әдістермен жұмыс істеу қабілеті мен ұмтылысын,


міндеттер қойып, оларды шешу жолдары мен нәтижелерін талдауды өзіндік, іс- әрекетте мақсатты түрдегі түзетулерді үнемі ендіруді қарастыратын тұлғаның арнайы дайындықты талап ететін кіріктірілген сапасы.


  1. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру моделі: бір бірімен тығыз байланыстағы ынталандырушылық- когнитивті, функционалды-сараптамалық, рефлексивті-бағалаушылы қкомпоненттер жүйесінен тұратын, интуитивті, репродуктивті, шығармашылық деңгейлері анықталған модельге сәйкес, дайындық, негізгі, қорытынды кезеңдермен жүзеге асырылуы ойластырылған құрылым болып табылады.


  2. Университеттік білім беру жүйесіндегі құзыреттілік әлеуетіне негізделген болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру әдістемесі болашақ кәсіби іс-әрекеттің тиімді жобалануын көрсетеді.


Диссертациялық зерттеу нәтижелерін тәжірибеде сынақтан өткізу және ендіру әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының мәжілістерінде, ғылыми семинарларда, сонымен қатар, 3 халықаралық ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-теориялық конференцияларда талқыланды. Сонымен қатар зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары 7 мақалада, соның ішінде 3-еуі ҚР БжҒМ Білім саласын бақылау комитетінің тізіміне, ал 1 Scopus базасына енетін журналда жарияланды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет