Абдуллаева перизат тураровна университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру



бет9/46
Дата14.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#114345
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Байланысты:
Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психологи-emirsaba.org

Диссертация құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, нысаны, пәні, зерттеу мақсаты мен міндеттері, зерттеудің болжамы құрылып, ғылыми жаңалығы, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, зерттеу әдістері мен базасы, кезеңдері сипатталды.

«Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-тәжірибелік алғышарттары мен әдіснамалық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде қазіргі кезеңдегі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесін шешуге бағытталған ғылыми зерттеулерге, теориялық тұжырымдамаларға талдау жасалып, басшылыққа алынатын жетекші әдіснамалық тұғырлар сипатталды, аталмыш сапаны қалыптастыруға әсер ететін университеттік ортаға талдау жасалды, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерінің құрылымы мен мазмұны ашылды.

«Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері» екінші бөлімінде зерттеу міндеттерін шешуде пайдаланылған негізгі ережелер мен құзыреттілік әлеуеті зерттелді. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісінің моделі құрылып, ғылыми тұрғыда негізделді.

Үшінші бөлімде болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың ұсынылған әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасы, диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру деңгейін бағалаудың диагностикалық құралдары таңдалды. Диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасалып, нәтижелері ұсынылды.

Қорытындыда болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесін зерттеудің болашақтағы бағыттары айқындалып, тұжырымдар жасалды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет