Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ



бет4/5
Дата14.10.2023
өлшемі5,5 Mb.
#114224
1   2   3   4   5
Байланысты:
�桌巧 丰”乒

И Кванг Су

  • «Жас құрбан» атты ертеректе жазылған шығармасында соғыс жыл­дары әкесі қайтыс болған бала туралы айтылады. Бала әкесі үшін кек алмақшы болып соғыс­қа аттанады, бірақ майдан жолдарының қиылысында жау солдаттарының қолына тұтқынға түседі.
  • «Баланың мұңы» романы «Жастық» журналында жарыққа шығады. Романда жас жігіттің тағдыры, оның алғашқы махаббаты мен сүйіктісінен айрылған сәттегі қайғы-қасіреті туралы айтылады. Шығарманың негізгі идеясы адамдар арасында күрделі, тіпті қатаң заңды­лықтар ұсынатын конфуцийшіл ойларға қарсылық көрсету мен корей қоғамына өзгерістер енгізу болып табылады.
  • И Кванг Судың «Сезімсіз» атты романының 1917 ж. жарыққа шығуы сол уақыттағы корей әдебиетінде ерекше құбылыс болған. Бұл шығарма автордың ағартушылық көзқараста­рын аша, прозаикалық жанрға төңкеріс жасаған.

Қалыптасу кезеңі

  • Қалыптасу кезеңі (1930-1945 жылдар). 30-шы жылдардың басына қарай отарлық тәртіп әлсіреп, қазіргі заманғы корей әдебиеті қалыптаса бастап, әдеби белсенділік орын алады. Бірақ 1945 ж. соңында жапондар тарапынан қайта қуғын-сүргіндер басталып, әдебиет те тоқырауға ұшырайды. 1931 ж. Маньчжурдағы соқтығыстар, 1937 ж. қытай-жапон соғысы, 1941 ж. Тынық мұхит аймағындағы соғыс және т.б. оқиғалар осы кезеңдегі корей қоғамында орын алған жағдайларға өз әсерін тигізбей қоймайды. Қуғын-сүргін күшейе түседі. Бір мезетте экономикалық және мәдени жүйелер бақылауға алынып, қоғамдық орындарда корей тілін пайдалануға, корей тілінде жазуға тыйым салынады. Көптеген корей журналдары жасырын түрде қызмет жасағанымен, корей әдебиетінде тоқырау кезеңі басталады.
  • Таза поэзия-сунсуси бағыты көркем үлгі мен әдебиеттегі образдарға үлкен мән береді. Бұл бағыт Пак Ёнг Чоль, Ким Ёнг Ранг, Син Сок Чжонг деген ақындардың туындыларын жатқызуға болады.

Күрт өзгеріс кезеңі

  • Күрт өзгеріс кезеңі (1945-1950 жылдар). 1945 жылдың 25 маусымынан бастап Корей әдебиеті мен тарихында жаңа кезең орын алады. 1945 жылы басталған азаматтық соғыс сол­түстік және оңтүстік Кореяның арасындағы үлкен қақтығыстарға ұласып, ортақ корей әде­бие­тінің қалыптасуы күрделі мәселеге айналады.
  • Жарты арал екіге бөлініп, оңтүстікте Америка әскерлері, ал солтүстікте Кеңес әскерлері үстемдік етеді. Осындай қақтығыстар жалпы корей халқының рухани өміріне айтарлықтай әсер етеді. 50-ші жылдар корей тарихы мен әдебиетіндегі ауыр кезең болып табылады.
  • Қазіргі корей поэзиясының қайта жандану кезеңінде Пак Мок Воль, Пак Ду Чжин, Чже Чжи Хунның шығармалары ерекше көзге түседі. Олар 1946 ж. «Чонокчжиб» («Көк маралдың антологиясы») атты өлеңдер жинағын жарыққа шығарады. Әдебиетте бұрын-соңды белгісіз болған шығармалар да жариялана бастайды. И Юк Саның «Юк Са өлеңдер жинағы» мен Санг Хваның «Санг Хва өлеңдер жинағын» мысалға келтіруге болады. Сонымен қатар Пак Ин Хван, Ким Су Ен, Ким Ген Лин сынды ақындар 1949 ж. «Жаңа қала және азаматтар хоры» атты өлеңдер жинағын жарыққа шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет