1.4. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру қағидалары Кәсіби тұрғыдан кәсіпкерлік белгілі бір қағидалар бойынша ұйымдастырылады. Ол туралы кәсіпкерлік бизнестің тәжірибелі субъектілері жақсы біоеді және өз қабілеттері мен қалауларына сай қолайлы істі іздеумен айналысатын жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер бұл жағдайларды есте ұстауы керек. Латын тілінен аударғанда «қағида» сөзі негіз дегенді білдіреді.
Кәсіби кәсіпкерлік қағидалары деп кәсіпкерлікте кәсіби табысқа қол жеткізуді көздейтін барлық адамдар басшылыққа алуға міндетті, кәсіпкрелік бизнестің негізін құраушы элементтерін айтады. Аталған қағидалар объективті сипатқа ие және экономиканың тарихи және ұлттық ерекшеліктеріне тәуелсіз, адамдар қызметінің ерекше типі ретінде сипатталады.
Кәсіби кәсіпкерлік бизнес қағидалардың 5 тобы негізінде ұйымдастырылады және дамиды. Оларға мыналар жатады:
кәсіпкерліктің бағыттаушы қағидалары;
кәсіпкерліктің жүйелік қағидалары.
Кәсіпкерліктің бағыттаушы қағидаларына бизнестің кәсіпкерлік бейімділігіне сәйкестігі қағидасын және бизнестің бәсекеге қабілеттілік қағидасын жатқызады. Кәсіпкерлердің өмірде өзіне лайықты орынды іздеуі олардың кәсіпкерлік миссия деп аталатын арнаулы бағытына байланысты. Әр адам өзінің іскерлік карьерасының алғашқы кезеңі немесе ұзақ үзілістен кейін кәсіпкерлікке келуі болсын, кәсіпкерлік миссиясын өзі анықтауы қажет.
Кәсіпкерлердің өз миссиясын орындауы олардың кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттілігінің әлеуетіне тікелей байланысты. Бәсекеге қабілеттілік деп бәсекеге түсу қабілеті дегенді түсінеді. Бәсекеге қабілетті кәсіпкерлер өнімді өндіру, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау бойынша таңдалған сферадағы істі жүргізуге ғана емес, сонымен қатар бизнесті өз бәсекелестерінен нашар емес, керісінше мүмкіндігі бойынша олардан жақсы етіп жүргізуге де дайын болуы керек.
Кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттіліктің әлеуеті деп кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерінің арақатынасын айтады. Әрбір кәсіпкер қз бәсекелестерінеп қарсы тұруға және қарсы әрекет етуге міндетті. Кәсәпкерлік бизнес субъектісінің бәсекеге қабілеттілігі оның өз қарсыластарынан бәсекелік артықшылықтарын анықтап, оларды ұстап қалуға деген қабілетімен анықталады. Кәсіпорынның бәсекелік қабілеттілік деңгейі, оның бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерін қарсыластардың бәсекелік артықшылықтар мен кемшіліктерімен салыстыру жолымен анықталады.
Кәсіпкреліктің ынталандыруша қағидаларына мыналар жатады:
- табыс нысандарының алуан түрлілік қағидасы;
- бизнестегі табыстылық пен кәсіпкерлер қызметінің нәтижелілігін іскерлік ортада мойындаудың сәйкестілік қағидасы;
- «сәттілікті ұстауға» дайындалу қағидасы;
- Мотивтердің алуантүрлілік қағидасы;
- Бизнестегі эгоистік және қоғамдық мүдделерді сәйкестендіру қағидасы.
Кәсіпкерлік қызметтегі ең маңызды түсініктердің бірі кәсіпкрелік жетістік болып табылады. Жетістік кәсіпкерліктің кез-келген субъектісі қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайды. Бизнес субъектісінің кәсіпкерлік жетістікке жетуі оның іскерлік қызметінің ең жоғарғы деңгейін, өзінің бәсекеге қабілеттілігінің әлеуетін толық жүзеге асуын және өзінің кәсіпкерлік миссиясын орындауын білдіреді.
Жетістік түсінігімен қатар кәсіпкерлікпен айналысудан түскен табыс және бизнестегі тиімділік сияқты маңызды түсініктерге де байланысты. Егер кәсіпкерлердің іс-әрекеті табысқа жеткізсе, онда бизнес тиімді болып саналады. Сонымен қатар, кез-келген бизнес егер де тиімділікті қамтамасыз ететіндей болса ғана табысты болады. Пайда табу адамдарды іскерлік қатынастарды жасауға итермелеп отырады. Бизнес аясы бойынша серіктестерді таңдау, бизнес түрлері мен мәміле жасаудың ұтымды сипаттары тиімділікті жоғарылатуға әсер етеді.
Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез-құлықтық қағидалары бизнесті ұйымдастыруды және кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің сипаттамасын анықтайды. Оларға мыналар жатады:
- кәсіпкерлік бизнестің үйлесімді логикасының қағидасы;
- бизнесте бәсеке мен ынтымақтастықты сәйкестендіру қағидасы;
Мінез-құлықтың стратегиялық, тактикалық және жағдайлық деңгейлерін сәйкестендіру қағидасы.
Бизнесті ұйымдастыру процесінде кәсіпкерлердің стратегиялық, тактикалық және жағдайлық деңгейлерін бөліп көрсетеді. Стратегиялық деңгейде кәсіпкерлер ұзақ мерзімді жетістікке бағытталған бизнес стратегиясын анықтайды. Әдетте кәсіпкрелер бизнес жоспарларды қалыптастыра отырып, мұндай сұрақтарға жауап беруге тырысады. Олар кәсіпкерлік миссиясын жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. Бизнес – жоспарды құрастыру барысында әрбір кәсіпкер өзінің бәсекеге қабілеттілігінің әлеуетін мұқият талдайды, бәсекелестерді зерттейді, нарық талаптарына сай болатын өз бизнесінің стратегиялық мақсаттарын қалыптастырады.
Тактикалық деңгейде кәсіпкерлер нақты, өзара байланысты іс-әрекеттер тобын орындайды: қызметкерлерді басқарады, мәмілелер жасайды, инвестицияларды жүзеге асырады, жобалардың презентациясын өткізеді, фирмаларды ашады және жабады. Жағдайлық деңгейде кәсіпкерлер нақты осы уақыттағы міндеттерді шеше отырып, сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түседі.
4.кәсіпкерліктің эволюциялық қағидаларына мыналар жатады:
- бизнестің қарапайым нысандарынан күрделі нысандарына қарай сатылы даму қағидасы;
- нарыққа бағытталған экономикадағы бизнестің тарихи ерекшелік қағидасы;
- капиталдың бастапқы қорлану қағидасы.
5. Кәсіпкерліктің жүйелік қағидалары мынадар жатады:
- Кәсіпкерлік бизнестің жүйелілік қағидасы;
- интегративті қағидалары негізінде бизнесті тұрақты дамут қағидасы;
-бизнестегі орталыққа жинақтау және орталыққа ұмтылу қағидасы;
-бизнестің ұлттық модельдерінің алуан тұрлілік қағидасы;
-мемлекеттік шекараларды білмейтін, әлемдік жүйе ретіндегі бизнесті қалыптастыру қағидасы.