1.2.Кәсіпкерліктің функциялары Өзінің қызметінде инновацияларды, жаңалықтарды, жаңа технологияларды, жаңа тауарларды өндіру мүмкіншіліктерін әрдайым іздестіру, жүмыстарды атқару, қызмет көрсету, жаңа өткізу нарықтарын жаулау, өндіріс факторларын жаңадан комбинирлеу негізінде жаңа сүраныс пен үсыныстың қалыптасуы прогрессивті маркетингтің инновациялық менеджментін қолдануда кәсіпкерлік қызмет шығармашылық-іздестірушілік, өнімді белгілі әдістер мен белгілі еңбек өнімдерін ұдайы өндіруге бағытталған және т.б. болады.
Өз ісінің құрылтайшылар көлеміне байланысты
-жеке кәсіпкерлік .
-колективті кәсіпкер болып бөлінеді .
Жалпы персоналдық тізімі, жарғылық капиталдағы басқа да субъектілер үлесі бойынша: шағын кәсіпкерлік. Егер кәсіпкерлер ұйымды құруда Қазақстандық құрылтайшылармен бірге шетелдік құрылтайшылар болса, ондай кәсіпкерлік "біріккен" деп аталады.
Құру механизміне, құрылтайшылар санына, қызмет ету және басқару процесіне байланысты: жай және күрделі кәсіпкерлік үйымдар деп аталады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің қызмет алаңы болып тауарлы биржалар және сауда үйымдар деп аталады .
Тауарлы биржа-бүл сатып алушымен үлгілермен ертеректе жасалған тауардың минималды партияларын алдын ала тексермейтін көтерме тауарлы нарықтың көп түрлілігі. Тауарлы биржада коммерциялық делдалдар мен олардың қызметкерлері бірлесіп келісілген ережелер бойынша сауда операцияларын жүргізу үшін өз еріктерімен бірлеседі.
Бүл биржаның мақсаты- еркін бәсекелестіктің басқару механизмін қүру және оның көмегімен сүраныс пен үсыныстың өзгеруі есебінен нақты нарықтық бағаларды анықтау. Тауарлы биржа- стандарттармен сатылатын
жалпы алмастырушы тауарлардың түрақты қызмет атқарып отыратын көтерме нарықтың едәуір жетілген формасы.
Тауарлы биржалар келесі функцияларды орындайды:
-сауда келісімдерін жасауға делдалдық қызмет көрсету;
-тауарлы сауданы, сауда операцияларын реттеу және сауда дауларын шешу;
-бағаға әсер ететін факторлар, бағалар жағдайы туралы мәліметтер жинау;
Тауарлы биржалар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық биржадағы саудаға тек брокерлер- сатушы мен сатып алушы ортасына түсетін биржалық делдалдар қатыса алады, ал ашық биржадағы саудаға барлық азаматтар қатыса алады.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі болып қаржылық кәсіпкерлік табылады. Оның қызмет аясы- айналым, баға алмасулар. Қаржылық қызмет өндірістік және коммерциялық, сонымен қатар жеке де болуы мүмкін .
Қаржылық кәсіпкерліктің негізгі қызмет алаңы болып коммерциялық банктер мен қор биржалары табылады.
Коммерциялық банктер- бүл коммерциялық үйымдарды төлемді негізде несиелейтін, ақшалай салымдарды қабылдаған және де басқа есепті операцияларды клиенттер тапсырмасымен орындайтын акционерлік типтегі қүрылым. Коммерциялық банктің табыс көзіне депозиттік және қарыз қүралдарының пайыздық ставкаларының айырмасынан түскен түсім жатады.
Коммерциялық банк операциялары 3 топқа бөлінеді:
-пассивті;
-активті;
-коммиссиялы-делдалдық;
Қор биржасы- капитал мобилділігінің жоғарлауына әсер етіп, активтердің нақты қүнын шығаруға септесетін ылғи қызмет атқарып тұратын, үйымдасқан-әрленген бағалы қағаздар нарығы түсіндіріледі. Қор биржасының қызмет ету принцип! үсыныс пен сүранысты оперативті реттеуге негізделген.
Қор нарығында бағалы қағаз катировкасы жүргізіледі. Олар биржадан өтетін барлық бағалы қағаздар үшін сатып алушылар мен сатушылар биржаларының бағамдары бойынша әрдайым арнайы мамандармен бағаланып отырады. Ағымдаға бағамдар әрдайым арнайы формулалар
бойынша есептеліп, биржалық белсенділік индексін алуға негіз болып, сол уақытта белгілі акцияларды сатып алуға болатындығын корсегеді.
Сондай-ақ айта кететін бір жайт мемлекеттік-монополистік капитализм жағдайында бағалы қағаздарды сатуда биржа рөлі біршама төмендеді. Мүның басты себебі бағалы қағаздарды сатудың үлкен үлесін өздеріне шоғырландырған мықты несие-қаржылық институттардың қүрылуы болды. Бағалы қағаздарды сатуда мемлекеттік облигациялар-ң ұлғаюы да әсер етті.
"Консультант" сөзі латынның "кеңес беруші" дегенінен шыққан. Бұл сөз белгілі бір салада өз мамандығы бойынша сауалдарға кеңес беруші маман екенін түсіндіреді. Шетелдік практикада басқару сұрақтарына коммерциялық ақылы кеңес беру "консалтинг" деп аталады.
Нарықты экономикалы өнеркәсібі дамыған елдерде консул ыациялық қызмет формасындағы интелектуалды капиталға салымдар жаңа жабдықтар мен озық технологияға салымдарға қарағанда тиімдірек деп есептелінеді.
Консалтінгтік қызметтер ауызша бірлік кеңестер формасында болуы мүмкін. Бірақ олар жиі-жиі консалтингтік жобалар түрінде үсынылып, келесі негізгі этаптардан түрады:
-проблеманың анықталуы;
-жобаның шешімдерін дайындау;
-жобаның жүзеге асырылуы;
Қорытынды этап жоба көлеміне тәуелді, бірнеше айға созылуы мүмкін. Кеңес беру әдістері әр түрлі болуы мүмкін, неғүрлым кең қолданылатын 3 түрі бар:
-эксперттік;
-үрдістік;
-баулашы;
Экспертік кеңес беруші- консалтингтің неғүрлым белсенді емес формасы. Мүнда кеңес беруші өзі диагностика жасап, шешімдерді дайындап оларды ендіру туралы түсінік береді, ал клиент кеңес берушіні қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Үрдісті кеңес беруде- кеңес беруші фирма мамандары жобаның дайындалуының барлық кезеңдерінде клиентпен озара белсенді қызмет атқарады. Оган өз идеяларын айтуга мүмкіндік береді.
Баулушу кеңес беруде мамандардың басты мақсаты идеялардың тууына, шешімдердің табылуына қолайлы жағдай дайындау арқылы барлық . теоретикалық және практикалық ақпараттарды үсынады.
Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп айтуға болады. Мүнда өнім, тауар, жүмыстар, қызметтер, белгілі рухани қүндылықтар жасалады.Бірақ нақ осы қызмет аясы нарықтық экономикаға өтуде: шаруашылық байланыстар-ң құлауы, материалды-техникалық жабдықтардың бүзылуы, өнім өткізудің күрт төмендеуі, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауы секілді негативті өзгерістерді бастан өткерді.
Өндірістік қызметпен айналысқысы келген әр кәсіпкер ең алдымен қандай тауар өндіруді және қандай қызмет түрін көрсеткісі келетінін анықтап алуы тиіс. Содан соң бүл кәсіпкер маркетингтік зерттеугу кошеді. Тауарға сүранысты анықтау үшін ол тікелей түтынушылырмен, тауарды сатып алушылармен, когерме және бөлшек сауда үйымдарымен байланысқа түседі. Бүл келіссөздерің формальді аяқталуы болып кәсіпкермен келешек тауар сатып алушы арасында жасалған келісім шарт табылады. Мұндай келісім шарт кәсіпкерлік тәуекелділікті минимумдауға септеседі.
Өндірістік кәсіпкерліктің келесі сатысы өндіріс факторларын жалға алу немесе иемдену. Өндіріс факторлары қатарына: өндірістік қорлар, жүмысшы күші, ақпарат және т.б. жатады. Өндірістік қорлар өз кезегінде негізгі және айналым қорларына бөлінеді.
Негізгі өндіріс қорларына: қүрылыс, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш жіне реттеу қүралдары, өндірістік инвентарь және басқада негізгі қорлар.
Өндірістік айналым қорларын шикізаттар, негізгі және көмекші материалдар, жанармай және энергетика ресурстары, күны аз тез тозатын қүралдар және ремонтқа қажетті бөлшектер қүрайды.
Қаржы қүралдарына және оның есебі кәсіпкерлік істі жүзеге асыру ақшалай шығындармен байланысты өндірістік кәсіпкерлік қызметте ақшаға жалпы қажеттілікті мынандай формуламен есептеуге болады:
Акг= Аж+Ам+Ажқ+Аа+Ақк, мүндағы: Аж-жалдамалы жүмысшыларга төленетін еңбек ақы. Ам-шикізат, материал, жабдықтаушы онімдер және т.с.с. кететін ақша.
Ажқ-жұмыс құралдарын сатып алу, қолдануға жұмсалатын ақша.
Аа-керекті ақпараттарға жұмсалатын ақша.
Ақк-ұйымдар мен тұлғалардың көрсеткен қызметін төлеуге кеткен ақша.
Өндірістік қызмет нәтижелілігі. Кәсіпкердің өндірістік қызметінің нәтижесі оның өндірген өнімін өткізуді, қажетті жұмыстар мен қызмет көрсегу арқылы тапқан белгілі бір түсім және ақша сомасын иеленуі. Ақшалай табыс пен өндіріс шығындарының айырмасын құрайды.
Пайданы жалпы табыс пен газа табысқа бөледі. Жалпы табыс- барлық өндіріс шығындарын өтеп, алымдарды, айыппұлдарды шегергенге тең және өндірістік уәсіпкерлік қызмет қорытындысы.