Қабылдаған: Байжанов Марлан 2023-2024 оқу жылы


Кәсіпкерліктің қалыптасу және даму шарттары



бет5/5
Дата15.11.2023
өлшемі107,95 Kb.
#123212
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 дәріс кәсіпкерлік құқық

1.5. Кәсіпкерліктің қалыптасу және даму шарттары
Кәсіпкерлер кәсіпкерлік жобалар мен келісімшартарды жүзеге асыруға, сонымен қатар пайда алуға, қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға және табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін, алуан түрлі факторлардың үйлестірілген жиынтығын құрайтын беліглі бір жағдайларда қызмет етеді. Үйлестірілген күрделі жүйе ретінде кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерге тікелей байланысты болмайтын сыртқы және кәсіпкерлердің тікелей қатысуымен қалыптасатын ішкі ортаға бөлінеді.
Тиімді кәсіпкерлік орта кәсіпкреліктің дамуының алғашқы және анықтаушы шарты ретінде қазжетті экономикалық еркіндікті, ал екінші шарты ретінде ұйымдастырушылық-шаруашылық тұрғысынан жаңашылдықты қамтамасыз етуі керек. Қандай да бір дәрежеде кәсіпкрелік ортаның бұл екі маңызды элементі ел Конституциясында бекітілген.
Сыртқы кәсіпкерлік орта деп кәсіпкерлердің өздерінің еркінсіз тәуелсіз қызмет ететін, елдегі кәсіпкреліктің дамуына әсер ететін факторлар мен жағдайлардың жиынтығын айтады. Сыртқы кәсіпкерлік орта кәсіпкрелік қызметті сыртқы реттеудің күрделі жүйесін сипаттайды, сондықтан да дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін ол объективті сипатқа ие. Өйткені олар оны тікелей өзгерте алмайды (мысалы, заңдар, табиғи факторлар және т.б.), тек өз ісін жүргізу барысында оларды ескеріп отыруы керек.
Сыртқы кәсіпкерлік орта келесідей қосалқы ж.йелерден тұрады:
- елдегі және аймақтағы экономикалық жағдай;
- қоғам мен мемлекеттің даму тұрақтылығымен сипатталатын саяси жағдай;
-кәсіпкерлер мен нарықтық экономиканың басқа субъектілерінің құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін нақты анықтайтын құқықтық орта;
-кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау;
- жұмыссыздық деңгейі мен тұрғындардың (тұтынушылардың) төлем қабілеттілігі сұранысымен байланысты әлеуметтік жағдай;
- кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін, тұрғындардың білім деңгейімен негізделген мәдени орта;
- ғылыми-техникалық, технологиялық орта;
- қызметтің белгілі бір түрлерін дамыту үшін қажетті табиғи өндіріс факторларының жеткілікті түрде болуы;
- кәсіпкерлік ұйымдар қызмет етуінің табиғи-климаттық жағдайларымен, форс-мажорлы табиғи катаклизмдердің жоқтығымен байланысты физикалық орта;
- коммерциялық операцияларды, іскерлік байланыстарды және т.б. жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ұйымдардың жеткілікті санының болуын білдіретін институционалдық-ұйымдастырушылық орта.
Кәсіпкерлік табыс көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде маңыздысы ретінде кәсіпкерлік ұйым қызмет етуінің ішкі жағдайларының белгілі бір жиынтығы ретінде сипатталатын ішкі кәсіпкерлік ортаны атауға болады. Көбінесе ішкі кәсіпкрелік орта субъективті сипатқа ие болады: ол тікелей кәсіпкердің өзіне, оның құзыреттілігіне, күшіне, мақсаттылығына, деңгейіне, бизнесті жүргізуіне және оған деген қабілетіне байланысты. Ішкі кәсіпкерлік ортаға келесідей қосалқы жүйелерді жатқызуға болады:
- меншікті капиталдың қажетті көлемде болуы;
-фирманың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын дұрыс таңдау;
- қызмет ету аясын таңдау;
-әріптестер командасын таңдау;
-нарықты білуі және маркетингтік зерттеулерді білікті түрде өткізу;
-кадрларды таңдау мен персоналды басқару, оны материалдық-моральдық тұрғыдан ынталандыру;
-кәсіпкерлік құпияны қорғау механизмі және т.б.
Ішкі орта факторларына сонымен қатар кәсіпкрелер мен жалдамалы менеджерлермен кәсіпкерлік ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны үшін немесе бизнестің аталған түрі үшін қызметті реттейтін заңдар мен нормативтік актілерді нақты ұстануын да жатқызуға болады.
Жоғарыда аталып өткендей, тек өз білімін үнемі арттыратын, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің құқықтық механизмін жақсы білетін, мәмілелерді жасай алатын, кәсіпкрелік келісімшарттарды жасай алатын және олар бойынша дивидендтер ала алатын кәсіпкерлер ғана табысқа қол жеткізе алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет