Қабылдаған: Жанкушков Бауыржан Қыркүйек айына арналған тәрбиелік жұмыс жоспары



бет19/23
Дата14.02.2022
өлшемі55,16 Kb.
#25461
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Қыркүйек айына арналған тәрбиелік жұмыс жоспары

Өтілетін іс-шара: «Жасай бер,қазақ тілі-ана тілім!».

Өтілетін іс-шара формасы: Пікір алмасу

Мерзімі: 20.09.2022жылы.

Сынып: 4«А»

Сынып жетекшісі: Тәліпханова Нұрай.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.

Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер.

  1. Оқушы : Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.



  1. оқушы: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Мұғалім: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.

Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Осы кезде оқушылар «Елім менің» әнін орындайды.

1-жүргізуші: Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Рух пен Тіл» әнін қабыл алыңыздар!

https://www.youtube.com/watch?v=-PVD_v7sk3A

Мұғалім: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!

5-оқушы: «Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

7 оқушы: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің?

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

8-оқушы: Мұзафар Әлімбай

Ана! - десем ана тілі ойға оралар.

Баладай қуанарсың тойға барар.

Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл

Олжам да қанжығама байлап алар.

Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең,

Неше миллион інжу-маржан шамамен?!

Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы,

Қандай дана өлшер қандай бағамен?!

Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім:

Еркежан, айналайын, күнім менің,

Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым,

Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің!

Ана тілім ырысты ма, кұнды ма?

Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла.

Туған тілде ас қайырған сайын да,

Оқығандай серпіліп қал бір дұға.

Шұлғытар орыс тілді Олжастарды,

Жарқырат қазақ тілі алмастарын.

Халқына олжа салған айта алады,

Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?!

Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым,

Өміршең өзіміздің тілден таптым.

Тіл екен жемістісі, жұпарлысы,

Аялап халық баққан гүл мен бақтың.

9-оқушы: «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы», Мұхтар Шаханов

Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.

Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:

“Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам,

Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам”

Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:

Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.

Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы

Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.

Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын,

Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.

Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы

Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.

Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.

Ал ғаламдық ортақ тілсіз-

Бірлік –гүлсіз, сенім –нұрсыз,

Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.

Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.

Тарихың тұр санаңа өткел тастап,

Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап

Бүкіл баба рухымен

Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.

Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.

Өз тіліңді жерсінбеудің,

Өз анаңды менсінбедің

Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?

Ол –рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?

Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..

Мейлі он тіл,

Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса

Өз ұлтыңның тілі менен рухы

Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.

Ән: «Анамның тілі» Сөзі Шона Смаханұлынікі, әні: Әбиірбек Тінәлиев

https://www.youtube.com/watch?v=7VWgMB_BPaQ

Қорытынды:

Бүгінгі «Жасай бер,қазақ тілі-ана тілім!». атты тәрбие сабағымыз осымен аяқталды. Бұл сабақта өздеріңіз көріп отырғандай көптеген тіл туралы мақал-мәтелдер, тапсырмалар, өлеңдерде орындалды. Бүгінгі кешімізге қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет