Қабылдаған: Жанкушков Бауыржан Қыркүйек айына арналған тәрбиелік жұмыс жоспары



бет20/23
Дата14.02.2022
өлшемі55,16 Kb.
#25461
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Қыркүйек айына арналған тәрбиелік жұмыс жоспары

Өтілетін іс-шара: «Жеті қазынаны білесің бе?».

Өтілетін іс-шара формасы: Нақыл сөздер жаттау

Мерзімі: 27.09.2022жылы.

Сынып: 4«А»

Сынып жетекшісі: Тәліпханова Нұрай.

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: « Жеті қазынаның бірі »

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушыларға жеті саны киелі екенін ұғындыру, жеті қазынаның маңызын түсіндіру.

2.Жеті қазынаны атауға, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға, сахналанған ертегі бойынша анық сұраққа жауап беруге дағдыландыру, ертегі арқылы анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету.

3.Оқушыларды мәнерлі сөйлеуге, сызба бойынша еркін жұмыс жасауға, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеп, дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Суреттер, мақал - мәтелдер, бейнетаспа, слайд

Әдістері: Түсіндіру, көрсету, көрініс, сұрақ – жауап.

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: ынта қою.

Мұғалім:Бүгінгі күнімізді бір – бірімізге кәмпитті сыйлау арқылы жақсы тілегімізді білдірейік.

Мен саған денсаулық, бақыт тілеймін.

- Бүгін аптаның қай күні?

- Бүгін аптаның алтыншы күні, сенбі.

- Бір аптада неше күн бар? (санайық)

- Дүйсенді, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

- Яғни, жеті күн бар.

-Балалар біздің қазақ халқы жеті санын «қасиетті, киелі сан » - деп есептейді. «7» - дегенде тағы не естеріне түседі?

- Жеті атамыз: 1.Ата 2. Әке 3. Бала 4. Немере 5. Шөбере 6. Шөпшек 7.Немене.

- Жұмада 7 шелпек пісіреді

- Жеті ғаламшар бар

- Жеті нота бар.

- Жеті қазына бар.

-Жеті жұт бар

-Жеті жоқ бар

Мұғалім - Жақсы балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Жеті қазына».

Қазына дегенде көз алдымызға не елестейді?

Байлық, ақша, асыл тастар, алтын - күміс, сандықтағы бағалы заттар.

Мұғалім: Жақсы балалар, ең алдымен Жеті қазына туралы бейне роликке назар аударайық

https://www.youtube.com/watch?v=ksQm6x9Oyzo Бейне роликке назар аударту.

- Бұл бейнесюжетте не туралы айтылған?

Жеті қазынаны ата.

1. Ер жігіт 5. Берен мылтық

2. Сұлу әйел 6. Қыран бүркіт

3. Білім - ілім 7. Құмай тазы

4. Жүйрік ат



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет