Ертегі оқып әңгімелесу.
Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге үндемейсің депті, ит оған ең ақылды, қайыратты – адам депті. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.
Сөздік жұмыс жүргізіп ,сөздердің мағынасын түсіндіру
Мадақтау –біреудің жақсы қасиетін мақтап, көкке көтеру , дәріптеу.
Аластау – біреуді ығыстыру ,қуып тастау.
Жағымпаздана – жағыну , жарамсақтану , жалбақтау
Ертегіні сахналау.
Арыстан, түлкі, қасқар, ит.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы ертегінің мазмұнын ашу.
- Аң патшасы –арыстан ормандағы аңдарға қандай сұрақ қойды?
- Аңдар қалай жауап берді?
- Арыстан неге ашуланды ?
- Иттің жауабын кім айтады?
- Неге итті «жеті қазынаның бірі» деп айтады екен ?
- Ит пен арыстан бір –біріне ұқсайма ? Қалай ойлайсыңдар ?
Шығармашылық жұмыс. Суретке қарап ертегі құрастыру.
Ойын «Бұл қай аң?»
Ойын шарты суреттен көрген аңдардың қайда өмір сүретіні; немен қоректенетінің айтады
Қорытынды: Ертегі қалай аталады?
Жеті қазынаның бірі?
Арыстан өзі туралы не білгісі келді? т.б. сұрақ - жауаптар-
мен пысқтау,
Достарыңызбен бөлісу: |