Қабылдаған: Жапаркулова Н. Тобы: бт 15-13 Мақсаты


Тағам гигиенасының міндеттері



бет2/3
Дата03.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#78772
1   2   3
Тағам гигиенасының міндеттері:
* Физиологиялық қажеттіліктеріне байланысты халықтың əртүрлі топтарына тағамдық өнімдердің гигиеналық нормативтерін өңдейді.
* Тағамдық өнімдерге қоршаған орта факторларының əсерін зерттейді.
* Тағамдық өнімдердің адам организіміне кері əсерінің себеп-салдарын зерттейді.
* Өндіріс орындарына азық-түлік өнімдерін сақтауға, тасымалдауға, сатуға санитарлық талаптар орнатады.
Санитария (лат.sanitos–саулық,денсаулық) –халықтың əл-ауқатын, денсаулығын жақсартуға, қоршаған ортаны сауық-тыруға жəне адам өмірін ұзартуға бағытталған гигиена саласын-да өңделген шараларды практика жүзінде іске асыратын сала.
Санитария гигиенаның талаптарына сай санитарлы-ги-гиеналық жəне эпидемияға қарсы шаралардың практикалық жиынтығы деп айтуға да болады. Санитарлық бақылауды санитарлы-эпидемиологиялық стансалар жүргізеді.
Санитарлық микробиология – қоршаған орта микрофлорасын жəне оның адам денсаулығына жəне тіршілік ортасына əсерін зерттейтін медициналық микробиологияның бір саласы.
Санитарлық микробиологияның дамуының алғашқы саты-сы француз ғалымы Э.Масе ішек таяқшасын судың фекалды ластануының көрсеткіші ретінде қолдануды ұсынған кезден басталды. Адамның тіршілік ортасы, микрофлорасы мен мик-робиологиялық процестерді зерттеу, қоршаған ортамен қа-рым-қатынасын гигиеналық бағалау мақсатында жүргізеді.
Санитарлы микробиология су, топырақ, ауа, тамақ өнімдерін жəне басқада тұрмыстық заттардың бақылау əдістерін өңдейді.
Санитарлы микробиологияның негізгі міндеттері:
* патогенді микроорганизмдер өсіп-өнуіне қолайлы орталарды, биоценоздарды зерттеу жəне сол орталардың патогенді микроорганизмдерінің жинақталуындағы рөлін анықтау;
* қоршаған орталарды зерттеудің микробиологиялық əдіс-терін, қоршаған ортаны сауықтыратын микробиологиялық нормативтер мен шараларды өңдеу.
Тамақ санитариясы – тағам объектілерде тағамдық улану-лар мен аурулардың профилактикасын қамтамасыз ету жəне тағамдық өнімдерді сапалы жəне қауіпсіз өндіру мақсатында жүргізілетін шаралардың жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет