Кіріспе Интербелсенді оқыту әдісі - ағылшын тілінен келген “interactive” сөзінен шыққан, “inter” дегеніміз “өзара” , “act” - “әрекет жасау” мағынаны білдіреді. Сонымен интербелсенді оқыту әдісі(ИОӘ)-үйренушілер мен үйретушілердің арасындағы оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі.
“Интербелсенді оқыту” – қолданысқа енген жаңаша ұғымдардың бірі.Бұл термин алғаш рет 1990 жылдары педагогиканың кеңістігінде пайда бола бастаған.Пайда болу мерзіміне қатысты түрліше нұсқалар бар.Кейбір ғалымдардың зерттеуінше негізінен терминнің пайда болуы интернет желісінің дамуымен байланысты.Қашықтықтан оқыту,онлайн сабақ оқыту жүйесі,электронды оқулықтар пайда бола бастауы педагогика саласына жаңаша оқыту технологиясының туындауына себеп болғаны жайлы деректер келтірген.Ал басқа бір топ ғалымдардың пікірі бойынша ИОӘ пайда болуын дуальдо оқыту жүйесінің қолдануымен байланыстырады.
Интербелсенді оқыту теориясының тұжырымдамалық негізі XX ғасырдың екінші жартысынан бастау алған. Гуманистік психология және психотрепия концепциясында 1950-1960 жылдары интербелсенді әдіс тұжырымдамасы көрсетілген.Алайда кейбір ғалымдардың пайымдауынша 1930 жылы ағылшын ғалымы Рег Реванс “белсенді оқыту(Action learning)” тұжырымдамасын енгізді.Бұл көзқарасқа жақтаушылар дәлел ретінде,бастапқыда педагогикалық әдебиетте “Интерактивті оқыту технологиясы”(1960ж) “Интерактивті әдістер”(1990ж) терминдерінің қолданылуын атап өткен. 1990 жылдардан кейін бұл терминдер “Белсенді оқыту” және “Оқытудың белсенді әдістері” ұғымымен жаңа оқыту жүйесі пайда бола бастаған.
1975 жылы неміс зерттеушісі Ганс Фриц қатысушылармен педагогикалық процес арасындағы өзара іс-қимыл процессінің негізгі нысаны болып табылатын “Интерактивті педагогика” ұғымын енгізді.
КСРО оқытушылары 1980 жылдан бастап интербелсенді оқыту әдісінің негізіне кіретін топтық диалог нысанын тәжірибе жүзінде игере бастаған.
1980 жылдардың соңында бірқатар авторлар,оның ішінде В.А Гузеев, М.В. Кларин, Е.С Полат, В.А Сластенин оқытудың әдістерін “Пассивті әдіс”(дәстүрлі әдіс) және “Активті әдіс”,сондай-ақ “Интербелсенді оқыту” деп бөлді.
Жаһандық Word Wide Web (1991) және бірінші веб-шолғыш(1994) құрылды.Осы сәттен бастап білім беру саласында “Интербелсенді оқыту” әдісі қарқынды даму барысында болды.
Ал қазіргі кезде интербелсенді оқыту әдісінің қолданылуы аясы өте ауқымды.Кез-келген білім бер саласында оң нәтижеге жету үшін түрлі тәжрибелік жұмыстар атқарылып келеді.
“Интербелсенді” дегеніміз- біреумен қоян-қолтық қарым қатынаста болу,онымен бірлесе ірекет жасау,диалог құру.Ал “интербелсенді оқу” дегеніміз өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту әдісі.
Интербелсенді оқыту үйренушілердің білім алу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізіг әдіс-тәсілдері ретінде таныс.Сол себепті ИО білім алу жәнебілім беру процесінің тиімділігі мен жетістігі,нәтижесін білім алушының есте сақтауымен өлшемей,олардың әрекеттерімен бағалайды,тек әрекет арқылы үйрену ықтималдығына сүйенеді.
Интербелсенді оқыту білім алушының өз тәжірибесімен,және де өзге білім алушылардың тәжірисі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынасқа негізделген.Бұл жерде білім алушылардың тәжірибесі деп отырғанымыз-олардың өзіндік идея-пікірлері,көзқарастары,қызығушылықтар,қорытындылары,сындары деп айтуға болады.Ал әр студенттің тәжірибесі әртүрлі,таным процесінде студенттер өз тәжірибесімен бөліседі,осындай қарым-қатынаста жаңаша білім құрастырылып,студенттер саналы түрде бір-біріне сабақты игеруге себепші бола алады.
Интербелсенді әдістеменің негізгі мәселелері
Бүгінгі таңда біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Қазіргі дәуірдің әлеуметтік және экономикалық даму ерекшеліктерінің бірі ретінде автоматтандырылған ақпараттық технологияларды атауға болады. Бүгінгі күні білім беру жүйесінде негізгі мәселе бойынша үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады. Білім беру педагогикасы мен танымдық психология адамның өз қолымен жасағанын есте сақтайтындығын, практикалық әрекеттер арқылы үйренетіндігін, оған өзі жасағаны қызық екендігін дәлелдеді. Сол себепті қазіргі күні әрекеттік педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни оқу процесінің негізін интербелсенді (итерактивті) әдістемелер құруы керек. Яғни әрбір педагог, оқытушы, мұғалім сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдануы керек. Интербелсенді оқу мен оқытуда бірінші кезекте білім беру мен игеру процесінде қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Интербелсенді оқытуда педагог үйренушілердің өзіндік таным процесін ұйымдастырушыға айналады. Ол үйретпейді-үйренуге бағыт бағдар береді, жол сілтейді, өзі де әр сабақта үйренеді. Педагог, оқытушы-білім көзі емес, ол-оқушының шығармашылық жұмысы мен оқу ізденіс еңбегінің бастамашысы, ұйытқысы, оқушыны білім алудың белсенді әрекеттеріне ынталандырушы, оқушының білім үйрену процесіндегі серігі, әрі үлгі тұтарлық тұлғасы болады. Сондықтан педагог орсан зор көлемді ақпарат әлемінде оқушыға өзіндік көзқарас, түсінік пен құндылықтарды қалыптастыруда жанашыр көмекші петінде танылады. Осындай ұстанымның бірнеше себептері бар: 1. Үйренушілер арасындағы қарым-қатынас интербелсенді оқудың ең басты мәселесіне айналып, қатысушылардың өзара ынтымақтастығын қажет етеді, ал педагог осындай карым-қатысты коммуникативті процесті ұйымдастыра білуі қажет. 2. Интербелсенді оқытуда үйренушілер өз біліміне және өзгелердің біліміне деген жауапкершілікті өздеріне жүктеп алады. Сол себептен педагог да үйрену процесінің белсенді мүшесіне айналады. 3. Интербелсенді оқыту үйренушілердің жеке тәжірибесіне сүйенеді, ал педагог тәжірибені жаңа біліммен байланыстыру жолдарын бағыттап отырады. 4. Интербелсенді оқытуда іздену процесі қорытынды нәтиежеден маңызды болғандықтан педагог сол процесті ұйымдастыра білуі керек. Интербелсенді оқыту бірлесе білім үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе білім иегруде әрбір үйренуші танымның мазмұны мен қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, түсінігімен алмасады, жоғарғы нәтижеге қалай жете алатындығын анықтайды. Осындай қарым-қатынас бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйластық пен бірін-бірі қолдау жағдайында өтіп, жаңа білім игеруге жағдай жасайды. Сондықтан білімді ұрпақ, ақылды жеткіншек тәрбиелеу үшін білікті жұмыс күші бар мемлекет дамыту үшін білім жүйесін дамытуымыз қажет. Осы мақсатта оқу орындары бірінші кезекте үйрену мен үйретудің басты әдістемесі ретінде интербелсенді әдістемені таңдау қажет. Неліктен интербелсенді әдістеме оқу орындарының негізгі ұстанымына айналу керек??? Өйткені бұдан ертеректе ақпараттық технологияның жетіспеушілігі білім игерудің ең басты проблемасына айналса (дерек көздерінің жетіспеушілігі, оқулық тапшылығы т.б.) бүгінде керісінше, ақпараттың адамның биологиялық мүмкіншіліктерінен шамадан тыс көптігі проблема болып табылады. Қазіргі таңдағы ақпараттың орасан зор мөлшері ( кітаптар, интернет т.б.) адамнан бұрынғыдай мағұлматты іздестіріп қана қоймай, қажетті мәліметті табуы, оны игеріп, қажетіне жаратып, пайдалануды, оны бағалауды талап етеді. Білім саласындағы инновациялық өзгерістер оқытудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады. Дәстүрлі білім беру өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген білім игерумен шектелсе, тұлғалық даму мен өздігімен білім құрастыруды негізгі идеяда деп ұстанған инновациялық көзқарас оқу мен үйренудің негізінен тек пәндер емес, ойлау мен рефлексияға негізделген итербелсенді әдістер құруы керек деп түсінеді. Ал, интербелсенді әдістер мен тәсілдер үйренушілердің тұлғалық тұрғыдан дамуына әкеледі, өз мүмкіндіктерін түсінуге және бағалауға жетелейді. Үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Ағылшын тілінен енген «интерактив» сөзі де осы мағынаны білдіреді. «Inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act»- «әрекет жасау» дегенді білдіреді. Сонымен интербелсенді – дегеніміз диалог арқылы үйрену, үйрету, яғни мұнда оқу процесінің негізгін үйретуші-үйренуші, үйренуші-үйренуші, үйренуші-өзімен өзі, байланысындағы жасаған қарым-қатынасын (әңгіме, сұхбат, бірлескен әрекеттер) құрайды. Интербелсенді оқытуда үйренуде блім алушылар мынандай білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді: - терең ойлану мен қабілеттерді дамыту - өз әрекеті мен ойын талдау, оларға баға беру - ақпаратты өздігінен түсініп, оны таразылап, керекті мәліметін алу - өздігінен жаңа түсінік пен блім құрастыру - жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптстыру, белсенді өмірлік позиция ұстану - пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу - шешім қабылдау және де қиын мәселелерді шешу - ортақ жұмысқа жұмыла білу - басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу Үйрену мен үйрету процесі шәкірт басына білім жинақтаудан тұрмайды. Сол себепті де интербелсенді оқытуда үйренушілер мынандай әрекеттерді атқаруға дайын болуы керек: - бірлескен жұмыс - танымдық , коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан бесленділік таныту - бастамашылдық - кері байланыс жасау - проблема шешу, шешім қабылдау Интербелсенді оқытуда үйренушілер әрқашан белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып , өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірлерді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Яғни интербелсенді оқыту мынандай жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады: - бірлескен жұмыстар - жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары - ролдік және өндірістік іскерлік ойындар - пікірталастар - шығармашылық жұмыстар - жағдаяттар арқылы нақты ситуациялар талдау, кейс-стади - тренингтер - интервью - презентациялар - ақпараттың әр-түрлі көздерімен жұмыс жасау ( кітап, лекция, интернет, құжаттар) - сауалнама өткізіп, оның қорытындыларын талқылау мен талдау - компьтерлік оқыту бағдарламасын пайдалану т.б. Осындай топтық жұмыстар арқылы шәкірттер өздерінің коммуникативтік дағдыларын ( тыңдай білу, әр пікірді ескеру, ортақ шешім қабылдау) іс жүзінде қолданады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу үйренудің) ортақ мағынасына және қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге, білімге қандай бірлескен үйрену әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды. Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйластық пен қолдау жағдайында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін ынтымақтастықпен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады. Жеке тұлғаның тек білімді болуы бүгінде жеткіліксіз. Білім беру, білім алу жүйесінің басты мақсаты- рефлекциялық қасиеттері бар тұлға қалыптасуға мейілінше тиімді жағдайлар жасау: - өзіне –өзі есеп беріп, ойы мен іс-әрекеттерін талдай алуы - өзін-өзі бағалай алуы - өзінің мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асырып, өркендей білетін - өз өмірі мен іс-әрекеттерімен ешкімге жүгінбей өздігінен жоспарлай алатын, жауапкершілігі жоғары. Осындай рефлексиялық қасиеттерді бойында қалыптастырған тұлға жаңа әлем жағдайында өмірдегі өз орнын тауып, қоғам игілігіне нәтижелі еңбегімен қызмет жасайды. Сондықтан бүгінгі күні маманға қойылатын талаптар біліммен жұмыс жасау бағытына ауысқан. Дамыған елдердің экономикасы нақты емес жағдайда жұмыс жасай алатын, проблеманы айқындай біліп, оны шешу жолдарын белгілеп, стратегиялық бағыттарды айқындап білетін мамандарды көптеп қажет етуде. Яғни, Қазақстан экономикасы да білімді де, білікті, білімді нақты жұмысқа айналдыра білетін мамандарды қажет етеді. Қазақстан Респбуликасында білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемелекеттік бағдарламасы ауқымында білім алушылардың оқуды аяқтағанда қандай құзіреттіліктерді меңгеруі қажет екендігін атап өтсек болады. Ол: - танымдық әрекетерге өзіндік тұрғыда дайын болуы - проблемаларды шешуге дайын болуы - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану деңгейі - әлеуметтік өзара әрекеттесуге дайын болуы - өзін-өзі дамытуға, өркендетуге, жүзеге асыруға дайындығы - отан алдындағы жауапкершілік сезімі Міне бүгінгі заманның осындай ерекшеліктері үйрену және үйрету ісінде интербелсенді әдістеменің қажеттілігін дәлелдейтін тәрізді. Барлық деңгейлерде оқу процесі шәкірттердің өздігімен атқаратын белсенді әрекеттерден құралуы тиіс.