Тақырыбы: Атқарушы билік саласындағы Қазақстан Республикасы Президенттің өкілеттілігі
Орындаған: Марал К. Қабылдаған: Кенесариева А.А.
Алматы қаласы 2022-2023 оқу жылы Қазақстан Республикасы Президентінің еліміздің атқарушы билік жүйесіндегі орны мен рөлі Біртұтас мемлекеттік билік жүйесіндегі Президент орны жөніндегі теориялық ұстанымдар. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Республика Президенті мемлекет басшысы және оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Қолданыстағы Негізгі заңның 40-бабына сәйкес, ҚР Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын айқындайды,ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді; халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституциясының мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі болып табылады. Мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Аталған ережелер, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда бекітілген.
«Президент-билік тармақтарының үстінен қарайды» деген ұстанымды жақтаушылар өздерінің бұл тұжырымдарын мемлекет басшысына саяси үйлестіру және саяси арбитраж қызметтерін жүктеу, үйлестіруші мен арбитрдің белгілі бір билік тармағында болуына жол бермейді деп негіздейді.
Ғылыми тұрғыдан қарастырғанда Қазақстанда өз бетінше президенттік биліктің қызмет етуі негізді және болашағы бар тұжырым деп танылуы мүмкін, себебі:
біріншіден, қызметтік тұрғыда ҚР 1995 жылғы Конституциясында ҚР Президентіне мемлекеттік билікті жүзеге асырудың жеке аясы бекітілген (мемлекеттік билік бірлігін қамтамасыз ету, халықтар бірлігі және мемлекеттік билік тармақтарын қамтамасыз ету);
екіншіден, бұл жеке ықпал ету аясы.
Негізгі заңның 40-бабында бекітілген (халық және мемлекет өкілдігі, саяси үйлестіру және саяси бақылау) бірқатар тұрақты бағыттарда нақтыланған конституциялық қызмет түрлерінде көрініс тапқан;
үшіншіден, жеке өкілеттіліктер мен оларды жүзеге асыру кепілдіктеріне сәйкес келетін қызмет түрлері;
төртіншіден, ҚР 1995 жылы Конститу-
циясында көзделген және «негізгі органды» жоққа шығармайтын ҚР Президенті, өзге де мемлекеттік органдар мен институттар (Президент әкімшілігі) ҚР мемлекеттік хатшысының қызметі, мемлекет басшысы жанындағы кеңестікмәжілістік органдар (өзге де органдар, оларды В.А. Малиновский мемлекет басшысының «басқарушылық механизмі» деп атайды), қызметтері мен өкілеттіліктеріне сәйкес келетін оларды жүзеге асырудың институционалдық механизмі. Шындығында ҚР Конституциясында жеке мемлекеттік билік тармағы ретінде президенттік билік атап көрсетілмеген. Алайда бұл конституциялық құқық теориясында билік тармақтарының бақылаусыздығы, сайланбалы билік тармағы және т.б. мәселелердің болашағы жоқ екендігін білдірмейді.
Президенттік биліктің конституциялық өкілеттіліктер тұрғысынан қарастырғандағы өзіндік сипаты. ҚР Президенті туралы Конституциялық заңның 10-бабына сәйкес, үкіметке қатысты ҚР Президентінің келесідей өкілеттіліктері бар: Парламент мәжілісінің келісімімен Республиканың премьер-министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады.
Премьер-министрдің ұсынысымен ол тағайындалған соң он күн ішінде Үкімет құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, Әділет министрлерін тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады.
Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды.
Үкімет қызметінің негізгі бағыттары, маңызды шешімдері туралы премьер-министрдің баяндамасын тұрақты түрде тыңдайды, сол баяндама барысында премьер-министр Үкімет жұмысы туралы есеп береді.
Республика премьер-министрінің қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді.
Ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет жиналыстарына төрағалық етеді.
Парламент мәжілісіне енгізу үшін Үкіметке заң жобасын ұсынады.
Үкіметтің және Республика премьерминистрі актілерінің күшін жояды немесе толық және жартылай тоқтата тұрады.
Үкіметпен немесе оның кез келген мүшесімен, егер олар өздеріне жүктелген қызметтерін одан әрі атқару мүмкін емес деп санайтын болса немесе Парламент Мәжілісі немесе Парламент үкіметке сенімсіздік білдірсе, сондайақ үкімет мүшесі үкімет жүргізіп отырған, не жүргізбей отырған саясатқа қарсы болса, білдірілген қызметтен кету жөніндегі ұсынысына шешім қабылдайды.
Он күн мерзім аралығында Үкіметпен немесе оның кез келген мүшесімен білдірілген қызметтен кету жөніндегі шешімді қабылдайды немесе қарсылық білдіреді (қабылдамайды).
Үкіметтің немесе оның мүшесінің қызметтен кетуіне қарсы білдірген ретте оларға өз міндеттемелерін орындау туралы тапсырма береді.
Өз жеке бастамасымен Үкімет өкілеттілігін тоқтату, премьер-министрді және кез келген Үкімет мүшесін лауазымынан босату туралы шешім қабылдауға құқылы.
Өз актілерінің негізінде Үкіметке Конституциямен және өзге де Республика заңдарымен бекітілген атқарушылық қызметтерді жүзеге асыруды жүктеуге құқылы.
Республика үкіметіне заңнамалық тапсырмалар бере алады.
Мемлекетбасшысыныңмемлекеттіңқорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының Президенті туралы [4] Конституциялық заңның 8-бабы және сыртқы саясатқа қатысты осы конституциялық заңның 7-бабына сәйкес өкілеттіліктері барынша салмақты. Мемлекет басшысының осыған ұқсас рөлі жартылай президенттік және парламенттік республикаларға да тән.
Президентке бағынатын және тікелей есеп беретін мемлекеттік органдар (ҚР Президентінің әкімшілігі, Президент істері басқармасы) туралы естен шығармаған жөн, себебі олардың көпшілігі өз ықпал ету көлемі жағынан атқарушы билік органдарымен теңестірілген, ҚР 2007 жылы 21 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен конституциялық мәртебеге ие болды. Осы айтылғандардың барлығы негізгі заңдағы және тиісті заңнамалардағы қарама-қайшылықтар мен ақтаңдақтарды жою қажеттілігі туралы ойға жетелейді. ҚР Президентінің конституциялық қызметтері мен өкілеттіліктері атқарушы органдар қызметінің негізгі бағыттарын айқындау тұрғысынан, сондай-ақ олардың қолданатын әдістері мен формалары жағынан атқарушы билік тармағының тиімді қызметіне шынайы ықпал ететін материалдық негізді құрайды. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында алдағы жылда мемлекет пен қоғам шешуі тиіс мәселелерге назар аударады. Бұл жағдайда жиі реттерде Үкімет және атқарушы органдар нақты тапсырмалардың орындаушылары ретінде белгіленеді.
Атқарушы билік жүйесі қызметін ұйымдастыруды жетілдірудегі Президент рөлі. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі келесі шарттарға негізделеді:
аймақтардың өз бетінше тәуелсіздігін сақтайотырып,орталықмемлекеттікоргандардың бақылау және қадағалау қызметтерінің тиімділігін арттыру;
атқарушы биліктің түрлі деңгейлері арасындағы қарым-қатынас тиімділігін арттыру;
мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін тәуелсіз негізде сырттай бағалау (аудит);
мемлекеттік қызметке барынша дарынды кадрларды тартуға жағдай жасау;