мемлекеттік басқару процестері мен процедураларын сапалық тұрғыда жетілдіру;
мемлекеттік аппаратты үйлестірудің кәсібилігін, тиімділігін арттыру.
Республика Президентінің атқарушы билік тармағындағы орнын көрсетудегі маңызды мәнжайды атап өту қажет. «Қазақстан Республикасы Президенті» туралы Конституциялық заңымен мемлекет басшысына берілген өкілеттіліктерді еске салып өткен жөн (10-бап): 13. өз актілері негізінде Үкіметке атқарушылық қызметтерді жүктеуге құқылы; 14. Республика үкіметіне заңнамалық тапсырмалар береді (15). 13 тар-мақшамен көзделген құқықтық мүмкіндіктер «Қазақ КСР министрлер кабинеті» туралы Қазақ КСР заңына ауыспалы кезеңде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы 1992 жылы 13 қаңтардағы Заңымен жарияланған. Сонымен қатар өзге өкілеттілікпен бірге министрлер кабинетінің қарауынан басқарудың жекелеген салаларын алу және арнайы құрылған мемлекеттік және өзге органдарға беру. Алайда ол уақытта мемлекет басшысы бір мезгілде биліктің бүкіл атқарушы тармағының басшысы болды. Президенттің атқарушы биліктен ресми түрде алшақтауы атқарушы билік тармағының бірлігі стратегиясына үйлеспейді.
19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi Республика Президентi:
1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы ауызша не жазбаша жолдау арнайды. Егер арнау Парламент сессиясында жария етiлсе, ол талқыланбайды, ол бойынша сұрақ қойылмайды;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бекiтуге құқылы;
3) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды және құрметтi, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi; аталған наградалардан, атақтардан, шендерден, дәрежелер мен сыныптардан айырады;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны сақтау және одан шығу, Республика азаматтығын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдайды;
5) саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;
6) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;
7) Республика Мемлекеттiк хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды;
7-1) Парламент Сенатына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кандидатурасын бес жыл мерзімге қызметке сайлау және қызметтен босату үшін ұсынады;
8) ұлттық валютаның қолданылу тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын белгiлейдi;
9) Президент Әкімшілігін жасақтайды; Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады;
10) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
11) Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
12) Республика Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.