Педагогикалық қарым-қатынас Педагогикалық қарым-қатынас қандай функцияларды жүзеге асырады? Қарым-қатынас жасаудың алуан түрлі барлық функцияларын информация беруге, қарым-қатынас пен өзара түсінісу процесінде басқа адамның жеке басьш тани білуге арналған міндеттерге жатқызуға болады.
Қарым-қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру былайша қамтамасыз етіледі:
мұғалімнің оқушылармен нағыз психологиялық байланысы;
мұғалімпің оқушылармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;
оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;
коллективтік танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың «психологиялық жағдайының пайда болуы;
жеке адамның тұтастай танымдық бағытталушылығын қалыптастыру;
оқу әрекеті процесінде (танымдык, жас ерекшелік, эмоциялық, дидактикалық т. б.) психологиялық кедергілерді жеңу;
оқушыларға тұтастай комплексті тәрбие ықпалын жүзеге асырудыд мүмкіндігі;
окушылар коллективіндегі өзара қарым-қатынасты ойдағыдай қальштастыру.
Қарым-қатынастың функциялары: оқу әрекетінде жеке адамның жан-жақты тұтастай дамуының әлеуметтік психологиялық негізін орнату;
жеке адамның дамуының қозғаушы күш ретінде көрінетін қарама-қайшылыктық диалектикалық жүйесін орнату;
жеке адамнын, өз ойын жасырмай айтуына және өзінше дамуына ықпал ететін, әрі мүмкіндік беретін психологиялық жағдай орнату;
Сабаққа әзірленген кезде және оның нақты міндеттерін, жұмыс түрлерін тұжырымдағанда, сабақ конспектісін жасағанда ойластырылып, онда эмоциялық нұсқа да, жалпы психологиялық жағдай да т. б. көрсетілуі тиіс. Бірте-бірте бұл күрделі процесс өздігінен жүзеге асырылатын болады.
Адамдармен қарым-қатынас жасаудың екі әдісі немесе ұйымдастыру типі болады: өзіңнен және өзгеден. Біз көбінесе қарым-қатынасты өзіміз ұйымдастыруға тыры-самыз — мұның өзі ыңғайлы, әрі бізге жеңіл сияқты болып көрінеді. Ал шындығына келгенде қарым-қатынастың мұндай тіпті көпшіліктен қолдау таба қоймайды.
Белгілі совет психотерапевті В. Леви адамдармен байланыс жасауды бастаған кезде білуге тиісті мынадай есепттерді тұжырымдайды:
аз уақытқа болса да өзіқ туралы, өз мұқтажың туралы ойлағанды қоя тұрып басқалар туралы, соның мұқтажы жайлы ойлағаның жөн;
сенің басқалар туралы нақты ойың, сенің олармен қарым-қатынасың қате болуы мүмкін екендігі есіңде болсын, басқалар туралы білмейтініңді білуге тырыс;
әрбір ойластырған нәрсең ұнамды, тартымды немесе жұрт таңырқайтындай болсын, бақылағыштықты және жоғарыда аталған дағдыларды қалыптастыруға тырыс.
Педагогикалық қарым-қатынасты Іс жүзінде ұйымдастыру үшін тікелей әрекеттің жалпы логикасы мен «технологиясы» қандай екендігін білудің ерекше маңызы бар. Бұл туралы неғұрлым толығырақ айтқан жөн, өйткені коммуникация «технологиясын» жете түсінуді қажет ететін толып жатқан компоненттерден тұрады. Міне, сон-дықтанда педагогикалық қарым-қатынастық жалпы творчестволық кезеңдерінде керсетілген секілді, бірлескен әрекеттің — қарым-қатынастың біртұтас процесін бірнеше сатыға бөлген қолайлы. Мұның өзі практика кезінде оларды бірте-бірте меңгеруге көмектеседі.Кәсіптік-педагогикалық қарым-катынаста оқушының толғаныс процесі мен сезімін жаңғырту күрделене түседі, себебі мұғалім оқушылар ұжымымен жұмыс істейді, ал ұжымның эмоциалық толғаныс моделін жаңғырту әрқашанда қиынға түседі. Өйткені әрбір оқушының жекелей және ұжымның тұтастай сезім ерешелігін білуге тура келеді. Алайда бұл кезең өте маңызды, өйткені оның өзі қарым-қатынасты меңгеруге мүмкіндік береді. Педагогикалық практика мынаны көрсетті: жекелеген окушылардьщ хал-ахуалын бағдарлай білетін мұғалім, тұтастай кластағы эмоциалық көріністі де ойдағыдай жаңғырта алады.Педагогикалық қарым-қатынастың келесі сатысы — ауызша қарым-қатынас — мұғалімнің оқу материалын баяндауы. Бұл процесс өте күрделі: педагог, мәселен, жаңа материалды баяндай отырып, сөз болып отырған мәселе туралы бейнелі «көрініс» жүйесін қоса баяндайды. Мәнерлі айқын сөз, анықтаманың дәлдігі және сонымен қоса әсерлілігі, баяндалатын материалды бейнелі етіп көрсете білу— осының барлығы кез келген мамандықтағы педагог үшін өте қажетті. Бейнені елестете білу В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық қарым-қатынас жүйесіне тән. Ол «құлакпен қаншалық естісең, көзбен де соншалық көре білу керек» деген болатын. Балалармен педагогикалық қарым-қатынастың тағы бір кезеңІ — кері байланыс, оның өзі мазмұндық, сондай-ақ эмоциалық тұрғыда жүзеге асырылады. Кері байланыс — қарым-қатынастың кез-келген процесінің қажетті компоненті, ал педагоғикалық қызметте оның принциптік, кәсіптік сипаты бар. Қарым-қатынастағы тұрақты әсер ететін кері байланыс оқу материалын менгеру денгейін айқындауға, сабақтағы жалпы жағдайды, ондағы психологиялық ахуалды, балалардың көңіл-күйін, олардың өзара әрекетке әзірлігін т. б. білуге жәрдемдеседі. Өйткені кейде балаларға көз жүгіртіп шыққанның өзінде ғана, олардың жаңа материалды қабылдауға қаншалықты әзір екендігін, жұмысқа бірден кірісе алатын-алмайтындығын, оларды материал қаншалықты қызыктыратындығын т. б. сезуге болады. Қарым-қатынаста тұрақты әрекет ететін кері байланыс балалармен тиімді өзара әрекетті дұрыстап ұйымдастыруға жәрдемдеседі.
Педагогикалык практика кезінде балалармен жұмыс істегенде өзіңе мынадай бақылаулар жүргіз:
өзіннің оқушылармен қарым-қатынасыңда кері байланыс барма, ол қалай байқалады;
оқушылармен қарым-қатынас барысында сіз олардын, көңіл-күйін, ықыласын, жұмысқа әзірлігін т. б. сезіне аласың ба;
класқа кірген кезде сырттай шолу арқылы ондағы ахуалды байқа;
балаларға бір нәрсе жайлы әңгіме айтқанда, сөзге зейін қоймайтындарды аңғаруға тырыс.