Қарым-қатынас стилі Қарым-қатынас стилі дегенді біз педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі дербес-психологиялық ерекшеліктері деп түсінеміз. Қарым-қатынас стилінде мынадай көріністер байқалады:
а) мұғалімнің коммуникативтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері;
б) педагог пен тәрбиелеушінің өзара қарым-қатынасындағы жеткен деңгейі;
в) педагогтың твочестволық дербестілігі;
г) оқушылар коллективінің ерекшеліктері.
Мұндағы атап көрсететін жайт, педагогтың балалармен қарым-қатынас стилі — бұл маңызды әлеуметтік және өнегелік категорыя. Мұның өзі қоғамның және онын, өкілі ретінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік-этикалық мақсаттарын көрсетеді.Достық ықылас негізіне құрылған педагогикалық қарым-қатынас стилі де едәуір табысты болып, оның өзі бірлескен оқу-тәрбие қызметінде едәуір табысқа жеткізеді. Педагог пен тәрбиеленушінің өзара қатынасындағы осындай стилдің тиімділігін атап көрсете келіп айтарымыз, қарым-қатынас процесіндегі достық ықыластың да, сондай-ақ кез-келген эмоциалық көңіл-күй мен педагогикалық нұсқаудын, да белгілі бір шегі болуы тиіс. Ең кең тараған қарым-катынас стиліне дистанциялық қарым-қатынас жатады. Мұны тәжірибелі педагогтар да, жас педагогтар да жиі пайдаланады. Бүл стилдің мәнісі мынада: педагог пен оқушылардың өзара қатынас жүйесінде маңызды көрсеткіш ретінде дистанция көрініс тауып қарым-қатынастың барлық саласына енеді: оқытуда —«сіз білмейсіз — мен білемін », тәрбиелеуде —«мені тыңдаңдар — мен үлкенмін, тәжірибем бар, біздің позициямыз бөлекше» т. б. Педагог пен тәрбиеленушілердің өзара қатынас жүйесіндегі мұндай қалыптан тыс дистанцияның болуы мұғалім мен оқушылардьщ әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі бүкіл жүйені формализмге ұшыратып, нағыз творчестволык. жағдайға ықпал етпейді . Мұндай қарым — қатынас өте қажет, алайда оның өзі қарым-қатынастың басты критериі ретінде мұғалімнің әкімшілік жолмен мәжбүр етуі бойын-ша мақұлданбауы, қайта оқушылар мен педагогтың жалпы қатынас жүйесіндегі бірлескен творчестволық процесінде оқушылардың өздері жете түсінетіндей дәрежеде болуы тиіс.Қорқыту арқылы қарым-қатынас жасау шын мәнінде творчестволық қызметті қамтамасыз ететін коммуникативтік жағдай туғызбақ түгіл, керісІнше, оны шектейді. Оның өзі көп жағдайда істеу керек екендігін емес, не істемеу керек екендігі жайлы нұсқау береді де, балалардың творчестволық ізденісін де, олардың ұсынылған оқыту методикалары бойынша жұмыс істеу мүмкіндігін де, әсіресе мұғалім мен оқушылардың бірлескен ізденісін де шектейді. Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжың аралас қарым-қатынас жасаудын да көптеген қолайсыз жақтары бар.
Мұндай қарым-катынас жасау тағы да жас мұғалімдерге тән және де онын өзі педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыра білмеуден болады. Шын мәнінде қарым-қатынастың бұл түрі балалар алдында жалған арзан бедел алуға тырысудан болады да, педагогикалық этикаға қайшы келеді.Біздің байқауларымыздың көрсеткеніндей, әзіл-қалжың аралас қарым-қатынас мынадай себептердің нәтижесінде пайда болады:
а) педагогтың өзінің алдында тұрған жауапты педгогикалык міндетті түсінбеуінен,
б) қарым-қатынас дағдысының жоқтығынан;
в) класпен қарым-қатынас жасаудағы «қорқақтык» және сонымен қоса олармен байланыс орнатуға тырысушылық.
Бұдан байқап отырғанымыздай, мұндайда педагогтық қажетті қарым-катынас амалдарын білмеуінен болатын өз технологиялық себептер жетекші роль атқаратынын көреміз.Педагогикалық жұмысты тастаған мұғалімдерден сұрау салғанда, олардың көпшілігі өздерінің коммуникабельділігі жоқ немесе шамалы коммуникабельді екеңдігін мойындаған. Басқа адамдармен қарым-қатынас фактісінің өзінен-ақ, оның жеке адам табиғатына үйлесе бермейтіндігін, демек, кәсіптік-дербес сапаға ауыса ал-майтындыгын аңғарамыз. Тұрақты, ұзақ қарым-қатынас — педагогикалық кызметті біз осылай түсінеміз — коммуникативтігі жоқ адамдарды қалжыратып, тітіркендіредІ, демек олардың мектептегі жұмысын қиындатады.Сабақ процесінде студент тобы өзінше «оқушылар класы», ал оның әр мүшесІ кезегімен мұғалім ролін атқарады. Шамамен алғанда мынадай жаттығу тақырыпта-рын қолдануға болады: аудиторияға кіріп, терезені ашыңыз да, тақтаға бүгінгі ай мен күнді жазыңыз, осыдан кейін материалды сәл ой елегінең өткізіп, столға отырыңыз; кітапты немесе класс журналын ашыңыз; есікті ашыңыз; аудиториядан шығыңыз; осы әрекеттерді жылдам ырғақпен қайталаңыз.
Кездейсок тапсырмаларды енгізе отырып сол қарапайым педагогикалық жаттығуларды орындау. Столға отырып, кітапты ашыңыз (кенеттен есік тықыл-дады)—көңіл аударыңыз және әрекет етіңіз; сіз тақтаға жазып тұрсыз (кенеттен терезе ашылды)—әрекететіңіз т. б.Аудиторияда жүрген кезде ішкі ырғакты іздестіру: бірі қозғалыс ырғағы, екіншісі, ырғақты тез ауыстыру т. б.; педагогикалық әрекет мазмұнына сәйкес алдыңғы немесе кейінгі ырғақтың себебін түсіндіру қажет.
Өзгермелі жағдайлардағы әрекеттің бірізділігі мен мақсатқа сәйкестігіне арналган жаттығулар. Аудиторияға кіріңіз (әрі қарай барлық тапсырманы жетекші береді): іске кірісе бастаңыз, кіріспе тапсырма (аудиторияның шетінде шуыл естіледі)—көңіл аударыңыз; сіз тақтаға жазьш тұрсыз — есік тықылдады, сіз есікке беттедіңіз — осы кезде аудиторияда шуыл естілді — көңіл аударыңыз т. б.; тапсырманы орындағаннан кейін студенттің бөгеуілді қалай бағалағанын, олар ойластырған бөгеуілде өз әрекетіңнін, қаншалықты дәлдігін және бара-барлығын түсіндіру қажет.
Бүкіл бұлшық етіңді босату және бірте-бірте қатайту жаттығуы. Онға дейін санай отырып бүкіл бұлшық етіңді босат, содан кейін беске дейін санай отырып қатайт, бү-кіл бұлшық етіңді босат (басыңнан бастап аяқ саусақтарыңа дейін), содан кейін оларды кер (есептеу шартты түрде болуы, әрі өзгеріп тұруы мүмкін). Аяқ бұлшық етіңді әрі қарай басыңа дейін босат, содан кейін бүкіл денеңді кер және қайтадан босаңсы (әуелі еркіқше, содан соң есептеу арқылы); сол аяғыңды кер — бұлшық ет энергиясы қалай таралғанын, оң аяғыңның керілген — керілмегенін тексер, барлық денеңдегі керілуді босат, сіздің бұлшық ет «бақылаушыңыз»— арқаңызда және баска да дене мүшелеріңізде керілудің баржоғын тексерсін. Әр түрлі есептеулерде (25, 15, 10, 5) жаттығулар жаса.
Қатайту объектісін тез ауыстыру жаттығуы — дененің бір бөлігін тез арада қатайтуға негізделген; осы секілді жаттығуларды жайлап жүріп, тез жүріп жаса.
Ықтиярлы зейінділік, байқағыштық және жинақылык; дағдыларды дамыту жөніндегі жаттығулар. Естілген дыбыстарға кезегімен құлақ тік: аудиториядағы, аудитория есігінің ар жағындағы, терезе сыртындағы — оларды ата; бөлмедегі және терезе сыртындағы дыбыска құлақ тік — оларды ата; коридордағы, аудиториядағы және терезе сыртындағы дыбыстарға бір мезетте құлақ тік — оларды түсіндір т. б.
Қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын дамыту. Аудиторияға кіріп, ондағылармен амандас; класқа кіріп, ешбір сөзсіз-ақ — мимика, пантомимика, көзқарас арқылы өзіңе зейін аударт. «Оқушыларға» өтініш, талап, ескерту, мадақтау, күлдіргі, әзіл, ишара бұйрық, тілек т. б. түрде сауал қой; қажетті дауыс ырғағын табумен қоса, мимикалық-пантомимикалық мәнерді де дұрыс келтіре білу қажет; еркіндігіне назар аудар жәнеде бұлшық еттегі артык ширығуды кетір.
Дауыс ырғағын келтіре сөйлеу жөніндегі жаттығулар. Әр түрлі сөйлем беріп, студенттер ойластырған педагогикалық жағдайларға байланысты түрліше мәнермен айтып шығу тапсырмасы қойылады. Мысалы, «мұнда кел», «тапсырманы орындадың ба?», «зейін аударуыңызды сұраймын», «иә», «рахмет жаусын» т. б.; сөйлемді сту-денттердің өздері де ойластырады.Студенттерге кез келген проблема бойынша тосыннан қойылған сұраққа тез жауап беру ұсынылады, мұндайда ойлануға уақыт берілмейді (спонтандық коммуникация дағдысы дамытылады).
Қарым-қатынас жүйесін анықтау және нақтылау жөніндегі жаттығулар. Кеше дау-дамай болған аудиторияға кіріңіз де, дұрыс қарым-катынас жүйесін табыңыз; осы жаттығудың екінші варианты — әуелі этюд орындалады, содан кейін оны психологиялық-педа-гогикалық тұрғыда түсіндіреді; жазықты болғанмен сөйлес. Сөзбен қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру жөніндегі жаттығулар, Класқа кіріңіз де, ондағы коммуникативтік жағдайды бағдарлаңыз; осыдан бұрынғы қарым-қатынас ахуалын еске түсіруге тырысыңыз, аудитория назарын өзіңізге аударыңыз, әрбір адаммен қарым-қатынас жасауға іштей әзірлене отырып, аудиторияға мұқият көңіл бөліңіз, осыдан кейін тікелей сезбен ықпал етуге кірісіңіз.