Қабылдаған: Л. Адиева Орындаған: А.Қуанышбек Тобы



бет2/2
Дата02.03.2023
өлшемі32,7 Kb.
#71339
1   2
Қорытынды
Қорыта айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи ислам діні мен жергілікті дәстүрді сабақтастырып, халықтың рухани түрғыдан кемелденуіне өз үлесін қосты. Оның қарымды қаламынан туған «Диуани Хикмет» атты еңбегінде Құран-Кәрімнің сүрелері мен аяттарына мысалдар келтірілген. Елді бейбіт өмір мен имандылыққа шақырды. Хақты танудың бірден бір жолы ислами ілім жинау екендігін жете түсіндірді. Сауаттылық пен еңбекқорлық арқылы тұлғаның қараңғылықтан құтылып, жарық сәулеге енетіндігін жазды. Сәбилік күннен берілген өнегелі тәлім-тәрбиесі мен білімі баланың өміріне азығы боларын айтты . Қожа Ахмет Ясауидің қанатты дана сөздері қай кезеңде де , қай заманда да болсын өз құндылығын ешқашан жоймайтын асыл қазынамыз.
Қ.А. Ясауи өзінің бүкіл жарқын қабілеті мен дарынын, күш жігерін түркі халқына, туған еліне жалпы түркі дүниесіне, әсіресе өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама. Оның әдеби, мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне оның ішінде қазіргі қазақ әдеби тілінің кемелденуіне, ал оқу-ағарту саласындағы көзқарастары бүкіл түркі әлеміндегі, оның ішінде еліміздегі педагогикалық ой-пікірлердің пісіп жетілуіне, хикметтері мен рухани адамгершілік мұралары ұлттық тәлім-тәрбие беруде үлкен ықпал етуде. Сол себепті Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпақ емес.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1 https://ulagat.com/2020/07/14/қ-а-ясауидің-диуани-хикметтерінің-т/
2 Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского насшествия. Т.1. – Москва: 1963. с. 258.
3 Бартольд В.В. Сочинения. Т.ІІ. ч. 2. –Москва: 1963. с.41.
4 Муминов А.К. Новые направления в изучении истории братства йасавийа// Общественные науки Узбекистана, №10-12, с. 34.
5 З.Жандарбектің «Йасауи жолы және қазақ қоғамы» кітабында бұл мәселелер толық айтылған.
6 Абу Салам қожа ибн Файзаллах рисаласы, 1 б.
7 Юлдашев А. Қолжазбасы, 115-120 қатар.
9 https://www.altyn-orda.kz/kz/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет