Гиппократ (ж.с.д.(жыл санауға дейінгі) шамамен 460-370) көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым.Адам денесінің құрылысына көптеген бақылаулар жасап,оны жинақтап,бір жүйеге келтірген.Әсіресе адамның ми сауытын және оның жалпақ сүйектерінің бірімен-бірінің жіктер арқылы байланысатындығын толық сипаттаған.Омыртқалар мен қабырғалардың,бұлшық-еттердің, ірі қантамырларының құрылысын зерттеген. Гиппократ-анатомия ғылымының дамуына кезінде үлкен үлес қосқан.
Әбу Насыр әл-Фараби-(870-950)Аристотельден кейінгі ойшыл,кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған.Әл-Фарабидің медицина ғылымының теориялық мәселелерін терең білетіндігі оның еңбектерінен белгілі.Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды.Оны сол кезде емдеу шеберлігі ғылымы деп атаған.Ол медицинаның міндеті-тек адам ауруларының себептерін анықтап ғана қоймай, адам денсаулығын сақтау жолдарын,ауруды жою жағын да зерттейді-деп көрсеткен.
Андреас (Андрас) Везалий (1514-1564) –ғылыми анатомияның негізін салған ғалым. Италиядағы Падуан университетінің профессоры. Мәйіттермен жеке бақылаулар жүргізіп,7 кітаптан тұратын «Адам денесінің құрылысы туралы » (1543) еңбек жазған.Бұл еңбегінде ғалым қаңқа, сіңір, бұлшықеттер, қантамырлар,жүйкелер,ішкі мүшелер,ми мен сезім мүшелерін жүйелеген.А.Вазелийдің көптеген зеттеулері мен еңбектері анатомияның дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Сондықтан да оны анатомия ғылымының негізін салушы ғалым деп орынды атайды.
Халел Досмұхамедов (1883-1939)-ұрпағының болашағы үшін күрескен қазақтың біртуар ұлы.Аз жасаса да,артынан біршама еңбек жазып қалдырып үлгерген ғалым.1920 жылдан бастап ғылыми педагогикалық жұмыстармен шұғылданған.1922 жылы доцент,1929 жылы профессор атағын алған.
•Еңбектері:
«Қырғыз өлкесі халқының арасында обамен қалай күресуге болады» (1918,Ташкент)
«Табиғаттану» (1924,Ташкент)
«Оқушының саулығын сақтау» (1925,Ташкент)
«Адамның тән тірлігі» (1927,Ташкент)