Қабылдаған: Сарсембаева А. Ш орындаған: Абуов Бекар Тобы


Рефлекс туралы жалпы түсінік



бет4/9
Дата03.02.2023
өлшемі62,16 Kb.
#65043
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
анатомия Т

Рефлекс туралы жалпы түсінік
Рефлекс(лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — организмнің ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р. Декарт (1596 — 1650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й. Прохаска (1749 — 1820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И. М. Сеченов пен И. П. Павлов одан әрі дамытты. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады.
Рефлекстік доға
Рефлекс доғасыжүйке доғасы — рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығы.
Бұл терминді 1850 жылы ағылшын ғалымы Маршалл Холл ұсынған. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санына байланысты.
Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады. Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады: жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабыл-даймын, қабылдаушы); сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді); жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі); қозғалтқыш нейрондар; тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б. ). Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жүйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б. ) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінде талданып, одан қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауға болады. Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды).
Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт (1596-1650). Рефлекстің биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске де (1749-1820) өз еңбектерінде дұрыс көрсете білді. Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс латын сөзі, қазақша – бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы. Жануарлар мен адамдарға туысынан көптеген рефлекстер беріледі. Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы деп атайды. Рефлекс доғасының бөліктері: рецептор (сезім мүшесі), өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер) келетін жүйкелер. Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының жұмысына байланысты. Ми жұмыс органына хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет