15.11.2022ж Тақырып №5: Жүрек қантамыр жүйесінің физиологиясы мен анатомиясы Тапсымалар
1. Жүрек қанайналым жүйесінің мәні.
2. Қан айналымының шеңбері және олардың функциялары.
3.Қан тамырларының түрлері, олардың функционалдық қасиеттері.
Қан айналу жүйесі - қанның қан тамырларымен тоқтаусыз ағу қызметін атқаратын жүйе. Қанайналым жүйесіне кіретіндер:
1.жүрек
2.қан тамырлары.
Жүрек- көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға бөлінеді. Сонымен, омыртқалы жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік аркылы қосылады да, бұл жерде жармалы какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды жүрекшеден қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл қақпақшалар жабылады да, канның кері — жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық какпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бүл какпақшалар жазылып, тесіюі жабады да, канның кері карыншага отуіне бөгет жасайды. Сонымен, кдқпакшалардың арқасында кан жүректен тек бір ғана бағытқа — вена тамырларынан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларга өтеді.
Жүрек өзара тек қан тамырлары аркылы ғана байланысатын оң және сол бөліктерден тұрады. Оң жүрекше бүкіл денеден вена қанын кабылдап, оны оң қарыншаға айдайды. Өкпеде қан көмір қышкыл газын өкпе көпіршіктеріне (альвеолаларға) бөліп, оттегімен қанығады да, артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құяды. Қан айналу жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен басталып, сол жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін «қан айналудың кіші шеңбері» деп, ал, қан айналу жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде екі қуыс венамен аяқталған бөлігін «үлкен қан айналу шеңбері» деп атайды.
Кіші немесе өкпе қанайналым шеңбері — жүректің оң қарыншасынан басталып, өкпе бағаны артериясы (бұлармен вена қаны ағады), өкпе, өкпе веналары (бұлармен артерия қаны ағады) арқылы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны көмірқышқьш газын ауаға бөліп, ауа құрамындағы оттекпен қанығып, артерия қанына айналады.
Үлкен немесе жүйелік қанайналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына таралып, одан әрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен қанайналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Аталған процестер микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпалар арасында үздіксіз жүріп отырады.
Қантамырлардың үш түрі бар: Күретамырлар, көктамырлар және қылтамырлар.
Күретамырлар (лат. артеріа) - қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларга тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі күретамырлары бар. Оң жақ қарыншадан басталатын - өкпе күретамырлары ішінде көктамыр қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын - қолқа күретамыры (аорта) ішінде күретамырлар қаны. күретамырлар жақтауы 3 кабаттан тұрады: сыртқы қабаты - дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты - бұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты - жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. күретамырлары жақтауы қалың әрі серпімді. Олардың сыртқы қабаты беріктік, серпімділік қасиет беріп, қантамырлардың кеңейіп, тарылуына әсер етеді. Ортаңғы қабаты серпімді талшықтар мен бірыңғайсалалы бұлшыкеттерден тұрады. Бұлшыкеттер жиырылып, босаңсу арқылы қантамырлар қуысының диаметрін реттейді. Ішкі қабаты қантамырлардың қабырғасына қосымша беріктік қасиет береді. Ірі артерия қантамырларымен ағатын қанның кысымы өте жоғары болады. Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз, мықты, серпімді болуының маңызы өте зор. күретамырлары бұлшыкеттердің астында терең орналасады, сондықтан олар көрінбейді. Ең ірі күретамырлары - қолқа көктамыры (аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын күретамырлары тармақтанып, жіңішке қылтамырларға айналады. Күретамырлары бойымен көбінесе артерия қаны ағады. Тек өкпе артерия қантамырының ішімен көктамыр қаны ағады.
Ерекше ескертетін жағдай - барлық күретамырларымен тек күретамырлары қаны, барлық көктамырлармен тек көктамыр қаны ағады деген түсінік қалыптаспауы тиіс.
Көктамырлар (лат. вена) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. күретамырына ұксас көктамырлардың да кабырғасы 3 кабаттан тұрады. Күретамырға қарағанда көктамырлардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұка, жұмсак, серпімділігі аз болады. Көктамырлар бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Күретамырларға қарағанда көктамырларда қан козғалысы баяу.
Көктамырлар орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Көктамырлар канның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшыкеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын көктамыр қаны, алдымен ұсақ көктамырларға жиналады. Ұсақ көктамырлар өзара қосылып, ірі көктамырлар түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын көктамырлар жоғары және төменгі қуысты көктамырларға айналады. Бұл екі көктамырлар көктамыр қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.
Өкпеден келетін 4 өкпе көктамырлар сол жақ жүрекшеге күретамыр қанын тасиды.
Көктамырларының ерекшелігі – ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады. Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.
Қылтамырлар (ағылш. Цапілларy) адам шашынан 50 есе жіңішке болады. Қылтамырлардың жақтаулары өте жұқа, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Қылтамыр жақтаулары 3 қабат:
ішкісі, эндотелиальдық ортанғысы,
базальдық,
сырткысы адвентициальдық.
Бұл қабаттар әртүрлі ағзалармен қан арасыда және басқадай заттар алмасуын қамтамасыз етеді.
Қылтамырларда қан өте баяу ағады. Сондықтан қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп, өзі көмірқышқыл газымен қанығып, Көктамыр қанына айналады. Қандағы корек заттар кылтамырлардың жақтауымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу өнімдері қанға беріледі. Қылтамырлардан қан көктамырларға жиналады.
Олардың кабырғалары өте жүқа болғандықтан, еріген қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы, алмасу өнімдері оңай өтеді. Химиялық және жүйке тітіркендірулерінің әсерінен қылтамырлар бірде кеңейіп, бірде тарайып отырады. Қылтамырларда қан қысымы күретамырларға қарағанда төмен болады.