Қанның пішінді элементтері:
Эритроциттер – ядросы жоқ, гантельге ұқсайды. Ер адамның 1 литр қанында 4,0х1012 – 5.0х10 12 /л. Әйелдерде 3,7х10 12 – 4,7 – 10 12 /л қанында. Сыртқы және ішкі орта факторлар әсерінен эритроциттер мөлшері өзгереді. Эритроциттер көбеюі – эритроцитоз, азаюы – эритропения деп аталады.
Эритроциттердің қызметі: тыныс алу – ол тыныс алу пигменті гемоглобин арқылы өзіне оттегі мен көмірқышқыл газын қосып алатын қасиеті бар;
қоректік – қоректік заттарды ас қорыту ағзаларынан жасушаларға тасымалдайды;
қорғаныс - эритроциттер токсиндерді антиденелер арқылы байланыстырады, қан ұюға қатысады;
ферментативтік - әр түрлі ферменттердің тасушысы.
Гемоглобин – қанның тыныс алу пигменті. Ол оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. 100г қанда 16,67 – 17,4 г гемоглобин бар. Ер адамда 130 – 160 г/л , әйелде 120 – 140 г/л. Гемоглобин 600 амин қышқылдарынан тұрады. Гемоглобин глобин нәруызынан, төрт гем молекуласынан құралған. Гем молекуласында бір атом темір бар. Темір өзіне оттегін қосып алады да, жасушаларға оңай береді. Глобин – гемнің нәруыз тасушысы.
Гемоглобиннің қызметі: Тыныс алу – гемоглобин өкпеден тіндерге оттегін және тіндерден өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдайды. Гемоглобиннің көмірқышқыл газымен қосындысы карбогемоглобин, оттегімен қосындысы – оксигемоглобин, иісті газбен – карбоксигемолглобин деп аталады.
Лейкоциттер - қанның ақ денешіктері. Олар түссіз және ядролары бар. Дені сау адамда тыныштық жағдайда лейкоциттердің мөлшері 4,0–9,0х109/л. Лейкоциттердің көбеюі – лейкоцитоз, азаюы – лейкопения деп аталады. Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер (түйіршікті) және агранулациттері ( түйіршіксіз). Лейкоциттер арасындағы пайыздық қатынас лейкоцитарлық формула деп аталады.
Лейкоциттердің қызметі: Қорғаныс – ең маңызды қызметі. Лейкоциттер лейкиндер бөліп шығарады. Лейкиндер микробтарды жойып жібереді; Базофилдер, эозинофилдер, антитоксиндерді, токсиндерді залалсыздандырады. Яғни дезинтоксикациялық қасиеттері бар; Антиденелер өндіреді; Базофилдер қан ұюына және фибринолизге қатысады; Регенеративтік үрдістерді ынталандырып, жараның жазылуын тездетеді; Моноциттер фагоцитоз арқылы өлген жасушалардың ыдырауына белсенді қатысады; Ферментативтік – олардың құрамына әр түрлі ферменттер бар. Олар жасушаішілік ас қорыту үшін қажет;
Лейкоциттер қасиеттері:
Амеба тәрізді қозғалуы;
Диопедез лейкоциттердің капиллярлар қабырғасынан өтетін қасиет.
Фагацитозды ашқан И.И.Мечников ол 4 фазада өтеді: хемотоксис, аттракция (қоршау), жұту және қорыту.
Тромбоциттер – немесе қан пластинкалары. Олардың мөлшері 180 – 320 109/л. Оның көбеюі – тромбоцитоз, азаюы – тромбоцитопения.
Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір – бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады.
Тромбоциттер қызметі:
Фибринолиз (ұйыған қанды еріту) және қан ұю үрдістеріне белсене қатысады;
Олардың құрамында қанды тоқтататын биологиялық белсенді заттар бар;
Қорғаныс – тромбоциттер бактерияларды желімдеу және фагоцитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады;
Қан ағуы тоқтатын ферменттерді өндіреді;
Капилляр қабырғасы өткізгіштігін өзгерте отырып гистогематикалық бөгеттер жағдайына әсер етеді.
Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады.Қан құйып емдеу дәрігердің ежелгі арманы болатын. Алдымен жануар қанын адамға, кейін адам қаны адамға құйылды, бірақ бұл тәжірибелердің бәрі де сәтсіздікке ұшырады. Бір адамның қаны екінші адамға алдын ала тексермей құя салуға болмайтыны анықталды. Мұның себебін білуде гетерогемоагглютинация мен изогемоагглютинация құбылыстарының ерекше мәні бар.
Адам қанын 4 топқа бөлініп қай тобын қай топқа құюға болатынын анықтап берді. Құйған кезде аттас агглютиноген агглютининмен кездессе (А мен α, В мен β ), алдымен құйылған қанның( қан беретін адам –донордің) эритроциттері жабысады. Донордың аздап эритроциттері реципиент (қан қабылдайтын адам ) плазмасы көптеген агглютининдермен кездеседі. Сондықтан қанның құю тобын анықтау үшін донор эритроцитінде агглютиноген, реципиент плазмасында агглютинин бар – жоқтығын ескеріп, агглютинация болатынын плюс ( +) немесе болмайтынын минус (-) белгісімен белгілеп тіркеуге болады.
Бірінші топ - қаны бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл –сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді. Екінші топ - сезімтал, сәл нәрседен көңлң қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау. Өзіне-өзі талап қойғыш, өз іс-әрекеттерін мұқият бақылап отырады. Үшінші топ - секемшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Бірақ сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез есінен шығарады. Төртінші топ - көздеген мақсатына жетуге жан- тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, махаббат мәселесінде шыдамсыз әрі табансыз.
Резус фактор - кейбір адамдарда қызыл қан жасушаларының бетінде кездесетін ақуыз. Ондағылардың қаны резус-оң, ал резус – теріс деп аталады. Бұл ақуыздың болуы немесе болмауы патология емес, жеке қасиет болып табылады. Оң Резус факторы адамдардың 85%- кездеседі, сәйкесінше теріс – 15% - да.