Жедел лейкоздар —ісік субстраты бласт клеткалар болатын қан түзу жүйесінің ісік аурулары. Жедел лейкоздар гемобластоздардың ең ауыр және жиі түрі.
Гемобластоздардың 1/3 осы лейкоздардың үлесіне тиеді. Жедел лейкоздар кез келген шақта дами береді, бірақ 3-4 және 60-69 жас аралықтарында жиілеу дамиды. Әйелдерге қарағанда, еркектер көбірек ауырады. Ертеректе бүл ауру 1-4 айда өлімге соқтыратын. Бұл кездегі емнің жетістіктері жедел миелолейкоздың 20-40%, жедел лим-фолейкоздың 50% толык ремиссияға әкеліп, науқастардың өмірін созуға мүмкіндік береді. Жедел лейкоздарда гемопоэздік жасушалардың ісіктік трансформациясы бастапқы ізашар бласттык жасушалардың деңгейінде. Бласттық жасушалар бүл ауруда дамып жетілмейді, дамуы жетілген жасушаларға айналмайды.
Жыл сайын 1 млн. халыққа 35 жағдайда ЖЛ анықталып отырады.
ЖЛЛ 80% жағдайда балаларда және тек 20% жағдайда ересек адамдарда кездеседі.
Аурушылдықтың алғашқы шыңы – балаларда 3-5 жас аралығында, 100 мың балаға 4,4 жағдай жиілікпен кездесіп отырады.
Аурушылдықтың екінші шыңы 50 жастағы ересектерде 100 мың адамға 2,0 жағдай жиілікпен кездесіп отырады.
Барлық жастағы адамдардың ішінде ер кісілер жиірек ауырады.
ЖМЛ-дың үлесіне 15 жасқа дейінгі балалардағы жедел лейкоздың 15 - 20% тиеді және ересек адамдард үлесіне 80% тиеді, аурушылдықтың шыңы 55 жастан асқан науқастарда байқалады.