Орындаған:Султанбаева Мадина Қабылдаған:Токжигитова Майра Оқу тобы:ИЯк22-1h
Шымкент 2022
Қол өнердің дамуы Қыш бұйымдардың өндірілуі ата бабаларымыздың табиғи заттардың бойындағы қасиеттерін танып біліп табиғи күшті өз пайдасына жарата отырып мәдениет жарату үрдісінде қол жеткізген жетістіктерінің бірі саналады. Қоныстар мен обаларға қазба жұмыстарын жүргізген кезде алынған негізгі материал — қыш. Ең бастысы, қыштан жасалған бұйымдар шаруашылық пен тұрмыста және кейде жоралғылық мақсат үшін пайдаланылатын ыдыс түрі болған. Қыш бұйымдарды жасаудың технологиялық тәсілдері шикізатты даярлап-іріктеуден, қыш қамырын даярлаудан, қалыптаудан, бетін өңдеп, содан кейін оны күйдіруден тұрады. Шикізатты даярлап-іріктеу үшін сүйек және тас құралдар пайдаланылды. Қыш-құмыра шикізаттарын даярлау үшін келсап пен ірі қара малдың жауырындары, сондай-ақ уатқыштар қолданылған. Қыш құмыраның құрамына қоспалармен бірге (темір, тас, пирит, слюда, әк) сазбалшық, құм, органика (құстың саңғырығы, көң) кіреді. Сазды көбіне минерал текті созылмайтын материалдарды бекіту үшін пайдаланған. Дамыған қыш өндірісінде саз ең бастапқы шикізат болып табылады.Шеберлер бұйымдарды қалыптау кезінде ыдыстардың түбін басып-жаныштау үшін көлемі әр түрлі жұмыр тастарды пайдаланды. Ал ыдысты жасайтын құрал ретінде тұғырық айналып тұратын үстелше, яғни станок — айналмалы қондырғыны қолданды. Ыдыстардың қабырғаларын тегістеу үшін жұмыр тастар, ағаш пышақтар пайдаланылды. Ал қышты тұрмыста қолданылатын аузы кең пештерде, сондай-ақ балқыту пештерінің түтін шығаратын мұржаларында күйдірген. Лаулаған отқа да күйдірген кездері болды.Қыш өндірісі отырықшылық жағдайдағы аумақтарда өзінің "гүлдену" кезеңіне жетті. Атап айтар болсақ, Сырдария мен Арал маңы аймақтары, Орталық Азиямен шекаралас жерлерде мықтап дамыған. Мұны осы аумақтағы қала қазындыларынан табылған ыдыс-аяқтан бастап, құрылыс материалдарының алуан түрлілігі айғақтайды. Мөселен, біздің заманымызға дейін VII—V ғасырлардағы Сырдарияның төменгі жағын мекендеген тайпалардың ыдыстарынан: тостақтар мен тостағандарды, шыны ыдыстарды, құмыраларды, саптаяқтарды, имек тұмсықты ыдыстарды бөліп атауға болады.Орталық Қазақстан аумағында көшпелілік өмір салты жағдайында қыш-құмыра өндіру ісі үй тұрмысының қажетіне байланысты шеберлерге тапсырыс беру арқылы жүзеге асып отырған. Отандық археология тарихында қола дәуіріндегі заттай ескерткіштерді зерттеуде белгілі бір дәрежеде жетістіктерге қол жеткізілді. Сондықтан құнды тарихи деректеме болып табылатын қыш археологиялық ескерткіштерден алынған жәдігерлердің негізгі категориясын түзеді. Қыш ыдыстарды зерттей отырып, ертедегі тұрғындардың түрлі топтарының өзара қатынасын, ауысуын, шаруашылық әрекеттерінің ерекшеліктерін, дүние танымдарының кейбір қырларын, археологиялық мәдениеттерінің туыстастығы мен олардың шығу тегін баяндайды.Қоныстарды мекендеушілерде қыш ыдыстарын жасау ісі едәуір орын алды. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Қола дәуірінде құмырашылар көбінесе әйелдерболды. Құмыраларға салынған өрнектер негізінен алғанда штрихталған үшбұрыштар, зигзагтар, шырша, дөңгелек батырып салған оюлар, сызықшалардан тұрды.Ыдыс-аяққа қарап, олардың жасалу техникасы туралы сөз етуге болады. Балшық өте мұқият таңдап алынды, кейде ол бірнеше шақырым жерден әкелінетін болған. Кейін барып ұқсатылатын, атап айтқанда: мұздатылатын (қыстатылатын) немесе жаз бойы әр түрлі арнайы қоспалар қосылып иі қандырылып, одан кейін иленетін болды.Ыдыстардың пішінін, жасалу техникасын және өрнегін салыстыра зерттеу қола дәуіріндегі мәдениеттің әрбір кезеңіне ыдыстардың белгілі бір пішіні тән екенін анықтауға мүмкіндік береді.Ерте қола дәуірінде бүйірі тікше немесе біраз шығыңқы, мойыны ішке қайрылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды. Тісті немесе тегіс қалыппен түсірілген шырша өрнектері, шаршы, үш бұрышты, сопақша ойықтар, қисайта бытырылған түтікшемен түсірілген «орақ тәрізді» ойықтар, тырнақпен түсірілген өрнектер көп таралды. Ыдыстардың бүйірі мен түбі түгел өрнектеледі. Кейде өрнек тіке, көлденең, ирек сызықтардың, тік ирекшелердің, сызықшалармен толтырылған үш бұрыштардың қиюласуынан құрылады.Орта қола дәуіріне тән құмыралардың түбі жайпақ келеді, иіні дөңгелетіліп немесе мойыны мен бүйірінің арасы ойықталып жасалады. Өрнек тегіс немесе ұсақ тісті қалыппен түсіріледі. Бұл дәуірдегі ең көп кездесетіні геометртиялық өрнек – үшбұрыш, меандр, сынық, ирек сызық және осылардың әртүрлі қиюласуы. Тұрқы дөңгелетіле жасалған құмыралардың көбінесе ернеуі, мойны, үстіңгі жағы өрнектеледі, ал иіні ойық көзелерде сурет үш жерге – мойнына, ортасынан жоғарырақ бөлігіне, түбіне жақындау жерге салынады. Кейде ыдыстың түбі өрнектеледі.Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалады. Олардың ернеуіне қиғаш және айқыш-ұйқыш кертпелері бар балшық таспа жапсырылады. Кейде иініне өрнектің басқа түрлерімен қатар ирек сызық, қисық ойық, шырша, «меруерттер» түрінде сурет салынады. Оқта текте үстіңгі жағы сопақша ойықтармен өрнектелген немесе ешбір өрнексіз құмыралар да кездесіп қалады.Андронов шеберлері қыш ыдыс өндірісінде қалыптарды қолданған. Көп жағдайда жұмсақ иі қанған балшық қалыптың ішіне салынуы мүмкін (ыдыс жасалынатын масса жабысып қалмас үшін). Қыш дайындауда қалыптың қолданғанын мынадан байқалады. Көптеген ыдыстардың астыңғы жақтары іштен қатты сығымдалып жасалған, бұл тек сыртта тіреп тұрған қатты қалып болғанда ғана мүмкін нәрсе. Жұмсақ үлгілердің көлемінен тәуелсіз балшықтыңқалыңдығы – 4 – 6 мм. аралығында.Археологиялық мәдениетті бөлген кезде ғалымдар тек пошымына ғана емес кыштың өрнектелуіне де назар аударады. Бұл ежелгі адамдардың ыдыстағы өрнектері мен киімдегі оюлары, әшекейлері мен денеге салған белгілері арқылы өз халқын басқалардан ажырататын болғандығына байланысты туындаған. Сондықтан, қыштағы өрнекті де этностын айырмашылығын білдіретін көрсеткіш ретінде тануға болады. Зерттеген кезде оның құрылысы мен оның элементтерін ғана емес, өрнектегі этникалық көрсеткіш болатын әрбір өрнек жүйесінің салыну ережесі де анықтау маңызды. Қола дәуірінің көрем туындылары, сол кездегі қолөнердің жоғары деңгейінде дамығандығын көресетеді. Қыш бұйымдарындағы геометриалық ою-өрнектер әмбебап таңбалар кешені ретінде түсіндіріледі. Мыржық қонысынантабылған еңбек құралдары үш бағытта: тау - кенөндірісінде, металл өңдеуде және үй шаруашылығында пайдаланылған деп тұжырым айта аламыз. Сонымен қатар, үй шаруашылығында кеңінен қолданылған тері өңдеуге арналған құралдар жиынтығын қарастырамыз. Тері өңдеуде негізінен тегістегіштер, қырғыштар және теріні ширатуға арналған құралдар пайдаланылады. Қыш өндірісінде керамикамен қатар сазды, сырды және қоспаны ұсақтауға арналған тас құралдары: үккіштер және келілер қолданылған. Тас құралдарының көмегімен сүйектерді кесуге, бұйымдарды кемеліне жеткізуге болады. Қазба барысында көптеп тас құралдары мен бұйымдары жинақталғанымен оның ішінен тек қана көрнекті құралдар жиналып алынған, себебі Мемлекеттік Орталық мұражай қорында 70 дана тас құралдары сақталған. [9, 281 б.]. Қола дәуірінде өмір сүрген тайпалар адам қайтыс болғанда жерлеу барысында тұрмыста тұтынған заттарын жерлеумен бірге адамның астына киіз төсеген, сондай ақ бірнеше қола дәуірі жерлеу орындарынан тері, мата қалдықтары табылғаны соның айқын дәлелі.Солтүстік Қазақстанның Буровое қорымының жерлеу орнынан кездескен мата қалдығы дәлел болып отыр. Яғни, мата қалдығы (киімдері) немесе жоғарыда айтып кеткен мес, торсық, қауғаның және де көптеген тұрмыстық қажеттілік жағдайда қолданған теріден жасалған әртүрлі заттардың осындай жерлеу ғұрпы дәстүрінен кейін сақталмауы дәлел болып отыр. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде шаруашылықтың жаңа формасының – көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты қыш ыдыстарды «мүйіз», «қошқар мүйіз», «қос мүйіз», «сынық мүйіз», «тік мүйіз», «ит құйрық», «табан» секілді өрнектермен әсемдеп отырған. «Қошқар мүйіз» өрнегі мыңдаған жылдар бөліп тұрған халықтардың мәдениеттерін байланыстыра ортақ белгілерін айқын көрсетеді. «Қошқар мүйіз» өрнегі ежелгі қола дәуірі тайпалары бұл өрнекпен ыдыс-аяқ бетін әшекейлесе, қазақтар әр түрлі бұйымдарды безендірген. «Қошқармүйіз» өрнегі кілем, түскиіз, текеметтер, сандықтар, ағаш төсектерді өрнектегенде пайдаланылған. Әшекей өрнек өнерінің осындай бір мәнерінің өзі де араларын мыңдаған жылдар бөліп тұрған халықтардың мәдениеттерін байланыстыратын ортақ белгілерін айқын көрсетеді.Шығыс Қазақстан облысындағы Қанай қонысынан тұрғын жайдың оңтүстік шығыс бөлігінен ыдысқа ою-өрнек салу үшін сүйектен істелген жылтыр және тарақ тәрізді қалыптар, қыштың сынығы, үккіш, малдың өңделген жауырыны, малдың жақ сүйегінен жасалған сабау шықты.Н.К. Рерих өзінің «Керамика тарихи дереккөзі ретінде» деген еңбегінде негізінен қыш ыдыстардың ою өрнектеріне тоқталып өтеді. Ою өрнектің екі негізі- шұңқыр және оның қыры. Осы екуінің қосылуы негізінде әр түрлі фигуралар келіп шығады; өрнектің сипаты олардың сапасына өте тәуелді болып келеді. Керамика жасау өнері әр дәуірде өзгеріске ұшырап оырғанын атап өтеді. Қорыта айтсақ, қола дәуірін зерттеудің өзекті мәселелерінің ішінде – қыш (керамика) өңдеу ісі ерекше орын алады. Негізгі ою-өрнек мәнерлері – тең бүйірлі шимақталған үш бұрыштар, неғұрлым ұсақ суреттерді көмкере салынатын үш бұрышты ірі фестондар және т.б. Ою-өрнек мәнерлерінің формасы мен сан алуан болып келуі жағынан олар қайсыбір ретте Беғазы-дәндібай және Қарасұқ мәдениеттерімен (Бұғылы ІІ, Дәндібай қорымдары, Беғазы ІІ, ІІІ тақта тас қоршаулары және басқалары) тура ұқсас келеді. Аталмыш кезеңнің мерзімін белгілеу, ежелгі дүние тұрғындары арасындағы мәдени байланыстарды анықтау, қола дәуірінің кейінгі кезеңдермен этномәдени сабақтастығын зерделеу қыш өнеріне тікелей байланысты.