Туған жерге туыңды тік ұста. «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе,өскең ауылыңа,қалаң мен өңіріңе,яғни туған жеріңе деген сүйіспеншілікпен басталады.Сол себепті,мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын.Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп «Туған елге» ұласады.Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады?Адам баласы- шексіз зерденің ғана емес,ғажайып сезімнің иесі.Туған жер- әркімнің шыр етіп жерге түскен,бауырында еңбектеп,қаз басқан қасиетті мекені,талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі.Туған жерге,оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.»
Қазақстандағы 100 жаңа есім.«Бұл жоба Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен,еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы,сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі,заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз.Шын мәнінде,Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен,өнерімен озып щққан қаншама замандастарымыз бар.Олардың жүріп өткен жолдары-кез келген статистикадан артық көрсеткіш.»
Елбасының өз кезегінде Қазақстан халқына «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы тәуелсіз Қазақстан үшін даму жолында атқарылатын бірнеше жобалардың басын қосқан маңызды мақала деп білемін.Айтылған,түсіндірілген әр жобаның өзіндік ерекшеліктері бар деп ойлаймын.