Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын,жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық.Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай,жеңіл өзгертуге қабілетті,аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Табысты болудың ең іргелі,басты факторы білім екенін барлығы түсініп, ұғынуы керек.Жастардың басымдық беретін межелерінің қатарында білім алғашқы орында болуы тиіс.Себебі,құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.