Қабылдауды диагностикалауға арналған әдістеме. Әдістеме «Мына суретте не жетіспейді?»



бет2/11
Дата18.03.2023
өлшемі1,52 Mb.
#75425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ПДТ оқушыларды зерттеу (инклюзив сынып)

Қорытынды нәтежесі

10 балл— 10 сек. аралығында «а» суретінде бейнеленген кескіннен оның «ит» екенін бірден тапса қойылады.

7-9 балл — 11- 20 сек. аралығына «б» суретінде бейнеленген кескіннің не екенін тапқан жағдайда қойылады.


4-6 балл — 21- 30 сек. аралығына «в» суретінде берілген кескіннің не екенін таппаған жағдайда қойылады.


2-3 балл —30 - 40 сек. аралығына бала «г» фрагментін көрсеткенге дейін оның не екенін тапқан жағдайда қойылады.


0-1 балл — 50 сек аралығынан көп уақыт жұмсаса, «а», «б» және «в» суреттеріне қарап отырып,оның не екенін таба алмаса қойылады.

Әдістеме «Суретте қандай заттар жасырынған?»

Балаға таныс бірнеше заттар контурлы суретте жасырынған.Қандай заттар жасырынғанын табу үшін балаға суреттер көрсетіледі.
Ескерту. Психодиагностика жүргізуші балаға асықпай, бірінші суреттен жасырынған заттарды толық таппайынша келесі суретке ауысуға болмайтынын ескету керек.Келесі суретке тек алдыңғы суретте барлық заттар толық табылғасын барып қана өту керек.1,2,3 суретте жасырынған суреттер саны жалпы 14-ті құрайды.




Қорытынды нәтежесі

10 балл— бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 20 сек. аралығында орындаған жағдайда қойылады.

8-9 балл — бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 21-30 сек аралығында орындаған жағдайда қойылады .

6-7 балл — бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 31-40 сек. аралығында орындаған жағдайда қойылады.

4-5 балл — бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 41-50 сек. аралығында орындаған жағдайда қойылады

2-3 балл — бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 51-60 сек. аралығында орындаған жағдайда қойылады.

0-1 балл — бала суретте көрсетілген барлық 14 заттың кескінін 60 сек. аралығында таба алмаған жағдайда қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет