Қабылдауды диагностикалауға арналған әдістеме. Әдістеме «Мына суретте не жетіспейді?»



бет3/11
Дата18.03.2023
өлшемі1,52 Mb.
#75425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ПДТ оқушыларды зерттеу (инклюзив сынып)

4.Әдістеме. Дж.Равеннің тесті.

Бұл әдістеменің мақсаты баланың зейінінің, ойлау қабілетінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Балаға екі кілемше ұсынылады. Ол кілемшелердің бір бөліктерінде жыртық бар. Суреттің төменгі жағында бірнеше суреттің бөліктері бейнеленген. Бала сол суреттен өрнегі тура келетіндей бөлігін табып, кілемшені жамау керек.



Қорытынды нәтежесі

10 балл — бала тапсырманы орындауға 20 сек. жұмсаған жағдайда қойылады.

8-9 балл —бала тапсырманы орындауға 21-30 сек. жұмсаған жағдайда қойылады.

6-7 балл — бала тапсырманы орындауға 31-40 сек. жұмсаған жағдайда қойылады.

4-5 балл — бала тапсырманы орындауға 41-50 сек. жұмсаған жағдайда.

2-3 балл— бала тапсырманы орындауға 51-60 сек. жұмсаған жағдайда.

0-1 балл— бала тапсырманы дұрыс орындай алмаған және оны орындаға 60 сек. жұмсаған жағдайда қойылады.

ЗЕЙІНДІ ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕ


5.Әдістеме «Іздеп тауып, белгіле»

Тапсырма баланың зейінінің тұрақтылығының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған.Бұл суретте әр түрлі фигуралар бейнеленген.Мен саған «баста» деп тапсырма берген кезде, айтқан затты суреттен «тоқта» деп айтқан уақытқа дейін іздеп, оны сызып отырасың.


Маған келген жеріңді көрсетесің мен қайта «баста» деп айтамын, сен ойынды жалғастырасың.Мен бірнеше рет «баста», «тоқта» деп айтып отырамын, мен ойын «аяқталды» деген уақытта ойын аяқталады. Бұл ойынға бала 2,5 мин. уақыт жұмсайды, әр 30 сек. кейін ойын тоқтатылып, қайта басталады.Ойын 5 рет жалғасады.
Эксперемент жүргізуші екі затты ұсынады, ол ұсынылған затты әр түрлі екі сызықпен сызып отыру керек. (Түзуінен және көлденеңінен).
Бұл суретте баланың зейінінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Бұл тапсырмада бала 2,5 мин. аралығында орындауы тиіс және баланың қанша рет берілген фигураларды таба білгені есептеледі.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет