4-5 балл —тапсырманы орындауға 2,0 - 2,5 мин. уақыт жұмсаған жағдайда.
2-3 балл — тапсырманы орындауға 2,5 мин - 3 мин. уақыт жұмсаған жағдайда.
0-1 балл — тапсырманы орындауға 3 мин. уақыт жұмсаған жағдайда қойылады.
18.Әдістеме «Кімге не жетіспейді?» Бұл әдістеме 5-6 жастағы баланың ойлау қабілетін диагностикалауға арналған. Балаға берілген суретте бір зат жетіспейтінін және оны астында берілген суреттен тауып беруін өтіну керек.
Тапсырманы орындауға кеткен уақыт есептеледі.Кім тапсырманы жылдам әрі тез орындаса оның ойлау қабілетін анықтауға болады.
Қорытынды нәтежесі
10 балл— тапсырманы орындауға 30 сек. уақыт жұмсаған жағдайда қойылады.
8-9 балл — тапсырманы дұрыс орындауға 31 сек - 49 сек. уақыт жұмсаса.
6-7 балл — тапсырманы орындауға 50 сек - 69 сек. уақыт жұмсаған жағдайда қойылады.
4-5 балл — тапсырманы орындауға 70 сек - 89 сек. уақыт жұмсаған жағдайда қойылады.
2-3 балл — тапсырманы орындауға 90 сек - 109 сек. аралығында уақыт жұмсаған жағдайда қойылады.
0-1 балл — тапсырманы орындауға 110 сек уақыт жұмсаған жағдайда қойылады.
19.Әдістеме «Топқа бөл»
Суретте берілген геометриялық фигураларды атау және оларды топтастырып санау.Тапсырманы орындауға 3 мин. уақыт беріледі.
Қорытынды нәтежесі
10 балл — бала 2 мин. аралығында барлық геометриялық фигураларды дұрыс атап, келесідей топтастыру керек.Олар төртбұрыш, шеңбер,үшбұрыш, ромб, қызыл фигуралар олар қара түсте берілген, көк фигуралар ұзын сызық болып берілген, жасыл фигуралар торкөз болып сызылған, үлкен-кіші фигуралар.