Қабілеті, есте сақтау, зейін үдерістері қалыптасады



Pdf көрінісі
Дата24.04.2023
өлшемі56,88 Kb.
#86323
Байланысты:
B35D5939-369B-4C8E-8063-5EB5FC371D47



С Ө Й Л Е У Т І Л І
Д А М У Ы Н Ы Ң
К Е З Е Ң Д Е Р І


Е Р Т Е Ж А С Т А Ғ Ы Б А Л А Л А Р Д Ы Ң С Ө Й Л Е У Т І Л І Н І Ң Д А М У Ы Н Ы Ң
П С И Х О Л О Г И Я Л Ы Қ - П Е Д А Г О Г И К А Л Ы Қ
С И П А Т Т А М А С Ы
Қазіргі кезде медицина саласының мамандары, психологтар, педагогтар
мен дефектологтар ерте жасқа үлкен көңіл бөлуде. бұл жай емес. ерте
жас баланың ақыл- ойының, дене тұрғысының, сөйлеу тілінің және
эмоциялық дамуы үшін ең маңызды кезең болып табылады, сонымен
бірге бұл кезең адамға тән барлық психофизиологиялық үдерістердің
жылдам қалыптасу кезеңі болып табылады. ми қыртыстарының
атқарымдары әсіресе бала үш жасқа келгенге дейінгі қоршаған
ортасымен өзара әрекеттену нәтижесінде дамиды. бұл кезең ішінде
психикалық ары қарай даму үшін негіз құрайтын мидың сыртқы әлем
сигналдарын қабылдау, алған ақпаратты өңдеу және сақтау қабілеті
жетіледі, қабылдау, көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелік ойлау
қабілеті, есте сақтау, зейін үдерістері қалыптасады.


Бірінші кезеңде бала айналасындағы ересек адамдардың сөйлеу тілін түсінбейді
және өзі де сөйлей білмейді, бірақ сөйлеу тілін болашақта меңгеруді қамтамасыз
ететін жағдай біртіндеп қалыптаса бастайды. сөйлеу тілінің айтылу сипатына
(көңілді немесе ашулы, қатты немесе ақырын дауыс) деген сезім пайда бола
бастайды.
Екінші кезеңде сөйлеу тілінің мүлдем болмауынан оның пайда бола бастауына
көше бастайды. баланың барлық назары мен белсенділігі затқа бағытталады. ол
барлық күшін жинап, ойыншыққа ұмтылады,ересек адамның әрекетіне
шыдамсыздық білдіреді.
Үшінші кезеңде бала ересек адамдарға назар аударып, олардың қарапайым
сөздерін түсіне бастайды. ол ересек адамға қарайды, былдырлай отырып, қолымен
затты көрсетеді. алайда затты дұрыс айта алмайды. бала ашу шақырады,
мазасызданады.
С Ө Й Л Е У Т І Л І Қ Ы З М Е Т І Н І Ң Қ А Л Ы П Т А С У Ы


С Ө Й Л Е У Т І Л І Н І Ң Ф О Н Е Т И К А Л Ы Қ Ж А Ғ Ы Н Ы Ң
Қ А Л Ы П Т А С У Ы Н Ы Ң Е Р Е К Ш Е Л І К Т Е Р І :
3 жаста «ш», «ж,» «ч», «щ» дыбыстары «с», «з»
дыбыстарына, «щ» дыбысы «ч» ,«ть», кейде «т», «д»
дыбыстарына 
алмастырып 
айтылады. 
Ысқырық
дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тістөңіректік
(«с»=«т», «з»=«д»), еріндік-тістік ((«с»=«ф», («з»=«в»)
сигматизм байқалады. «Р», «л» дыбыстары «й», «ль»
дыбыстарына, «қ», «г», «х» дыбыстары «т» немесе «д»
дыбыстарына алмастырып айтылады.
4 жаста дыбыстардың айтуы тұрақсыз болады. Ысқырық
дыбыстардың айтылуында тісаралық сигматизм байқалады.
Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. Сонорлы «р», «л»
дыбыстары әліде дұрыс айтылмайды, олар «й», «в»
дыбыстарына алмастырылып айтылады.
Ысқырық, ызың және «к», «г», «х» дыбыстары 5-6 жастағы
балада қалыптасқан болуы керек. Ал артикуляциясы күрделі «р»
дыбысы 7 жасқа дейін қате айтылуы мүмкін.


5 - 6 Ж А С Т А Ғ Ы Б А Л А Л А Р Д Ы Ң С Ө Й Л Е У
Д А Ғ Д Ы С Ы Н С И П А Т Т А У
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар ана тілін еркін меңгереді. Тілдің
белсенді сөздік қоры 2500-3000сөзді құрайды. Бұл балалардың үлкен
тәжірибесімен (алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда), олардың зияткерлік
қабілеттерінің дамуымен: көп бейнелі байланысын құру іскерлігімен, бар
білімдерін жеңіл қолдану, жалпылап, қорытынды жасай білуімен байланысты.
Қарым-қатынас адамның көңіл күйі мен эмоционалдық күйін анықтауға, өзінің
ішкі дүниесін түсіну тәсілдерімен өзін-өзі нормаларын меңгеруге бағытталады.
Бұл жастағы балаларға айналасындағы адамдардың тілдеріне сын көзбен
бағалау қарым-қатынасы мен өз ойының нақтылығын қадағалау қабілеттерін
дамыту тән.
Бұл жаста балалар сөздердің дыбысталуы мен мағынасына, оның дыбыстық түріне, тілдегі сөздердің тіркестері мен
қабысуларын қызығушылықпен таниды.
Әңгімелесушілердің назарын өздеріне аударудағы мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың талпынысы өзінің тілін
мәнерлі, бейнелі етудегі әрекеттерінен байқалады. Бұл жаста балалар тілдің дауыс ырғағының құралдарымен
қолданумен ғана емес, сонымен қатар, тілге тән эпитет, теңеу, метафора секілді мәнерлілік құралдарын меңгеруге
қабілетті болады. Балалардың тілінде елеулі дербес ерекшеліктер білінеді.


М Е К Т Е П К Е Д Е Й І Н Г І Е Р Е С Е К
Ж А С Т А Ғ Ы Б А Л А Л А Р Д Ы Ң Т І Л І Н
Д А М Ы Т У Д А Ғ Ы Б А С Т Ы Б А Ғ Ы Т Т А Р :
— байланыстырып сөйлеу және 
мазмұндылығы (диалог және монолог);
— тілдің шығармашылығы мен 
мәнерлілігін дамыту;
— сөйлеу әрекеттеріндегі жеке 
қабілеттерін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет