Қабір азабы арабшадан аударған: А. Зулай 2 ббк 86. 38 Қ 13



Pdf көрінісі
бет2/48
Дата27.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#110703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
 
 



КІРІСПЕ 
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен 
бастаймын. 
Әлбетте Аллаһ тағалаға шүкірлік, тәубе етіп, Одан жәрдем 
сұраймыз, 
баршамызды 
тура 
жолға 
бастауын 
және 
күнәларымызды кешіруін өтінеміз. 
Адамның санасы дәлелдеуді қажет етпейтін шындықтардың 
бірі – өлім. Өлімнің дәмін бүкіл тірі жан татады. Өйткені ол – 
Аллаһтың бекіткен заңы.
Аллаһ тағала: 
«Оның жүзінен басқа әр нәрсе жоқ болады. 
Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар»
1

«Бүкіл 
(жер жүзіндегілер)
өткінші. Ұлы Дәрежелі, Жомарт 
Раббыңның жүзі ғана қалады»
2

«
(Мұхаммед!) 
Шынында сен де өлесің және олар да өледі»
3

«Сенен бұрын да адам баласына мәңгілік 
(өмір)
бермедік. 
Ал егер сен 
(де)
 өлсең, сонда олар мәңгілік қала ма?»
4
– деген. 
Аллаһ бұ әлемді сынақ орны ретінде, ал Ақыретті бұ дүниедегі 
жасаған жамандықтарының жазасын және жақсылықтарының 
сауабын алатын орын ретінде жаратты. Ал өлім – екі дүние 
арасындағы өткел. Яғни, бұ дүние уақытша, пәни мекен, ол 
өліммен аяқталады. Ақырет мәңгі мекен, ол өліммен басталады. 
Ислам дінінің сенімі бойынша осы екі дүниенің арасында 
барзах әлемі бар. Ол – қайтыс болған адамдардың ақырзаман 
басталғанға дейін болатын орны. Оны қабір әлемі деп те атайды. 
Сондай-ақ қабір – о дүниеге өткел және кірер есік. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Әлбетте, қабір – Ақыреттің 
алғашқы мекені»
, – деген
5

Ал енді сол қабірде адамды қандай жағдайлар күтіп тұр? 
Муңкәр мен Нәкір қандай сұрақтар қояды? Оған мұсылман, кәпір 
немесе мұнафық қалай жауап береді? Қабір сынағынан сүрінбей 
1
«Қасас» сүресі, 88-аят. 
2
«Рахман» сүресі, 26-27 аяттар. 
3
«Зумәр» сүресі, 30-аят. 
4
«Әнбия» сүресі, 34-аят. 
5
Ахмад, әт-Тирмизи, Ибн Мәжәһ. 



өткенді қандай жақсылықтар, ал сүрінгенді қандай жамандықтар 
күтіп тұр?
Бұл кітаптан осы сұрақтардың жауабын және басқа да барзах 
әлемі туралы мағлұматтарды оқи аласыздар.
Автор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет