10
Дүниеге құштарлықты жоюшыны
(өлімді) жиі еске алыңдар!
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын)
жеткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Дүниеге құштарлықты жоюшыны
(өлімді)
жиі еске алыңдар!»
– дейді
1
.
Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Пайғамбарға
(с.а.с.)
онның оныншысы болып келдім
2
. Ансарлардан бір ер кісі:
«Уа, Аллаһтың елшісі! Ең ақылды және жомарт адам кім?» –
деп сұрады. Сонда Пайғамбар
(с.а.с.)
:
«Өлімді көп еске
алғандар және оған ең жақсы дайындалғандар. Міне, солар
ақылдылар. Олар бұ дүниеде көп шүкірлік етіп, Ақыреттің
кереметін жан-тәнімен сезетіндер»
, – деді»
, – деген
3
.
Әл-Ғазәли «әл-Ихия» атты кітабында: «Біл, әлбетте өлім –
қиын, қатері зор. Кімде-кім оны ойламаса жүрегінің бостығынан
емес, бәлкім, дүниеге қызығушылықтан ойламаса жүрегіне өлімді
еске алуды орнықтырсын! Мұны жүзеге асыру жолы –
пенде
өзінің жүрегін тек өлімді еске алумен орнықтырып, басқа барлық
істен қағыс қалдыруы керек, құдды бір қауіп-қатерлі сахараға
немесе теңізге сапар шегуді қалаған адам сияқты болсын, себебі
ол одан басқа еш нәрсе ойламай, тек соны ғана ойлайды. Егер
өлім қатерін жан-тәнімен сезінсе ол әсерлене бастайды, сол сәтте
оның дүниеге
құмарлануынан туған қуанышы, шаттығы азайып,
жүрегі жұмсарады.
Өлімді еске алудың ең жақсы жолы – адамның өмірден өткен
серіктерін жиі-жиі еске түсіруі. Сөйтіп олардың дүниеден
қайтқанын және топырақ астындағы хал-ахуалын ойлайды,
өлгенге дейінгі жақсы жағдайларын, атқарған қызметін есіне
алады.
Енді міне, топырақ олардың жақсы дәуренінен белгі де
қалдырған жоқ. Қабірлеріндегі өмірі қалай өтіп жатқаны белгісіз.
Әйелдері, балалары жетім-жесір атанды. Мал-мүліктерін
өздерімен бірге алып кеткен жоқ, мешіттер мен мәжілістердегі
орындарын басқа біреулер иемденді.
Олардың қалай қайтыс
1
Ахмад, әт-Тирмизи.
2
Яғни, Исламды алғаш қабылдаған он адамның оныншысы.
3
Ибн Мәжәһ.
11
болғанын ой елегінен өткізсе өмір сүру, тірі қалу үшін жасаған
әрекеттерін есіне алса, өлімді ұмытып, әр түрлі қызықтарды
алданыш тұтып, жастықтың күш-қуатына сүйенгендерін, ойын-
күлкіге берілгендерін, сөйтіп, ажалдың
тез жетіп келетінінен
бейхабар болғандарын түсінер еді. Сондай-ақ марқұм досы
шешен тілімен, әсем үнімен қалай саңқылдап сөйлейтін еді, енді
міне, оның тілі құрттардың жеміне айналды. Қалай жарқылдап
күлетін еді, енді топырақ аппақ тістерін шірітті. Ажалына бір
апта қалғанда ол өзін не күтіп тұрғанын сезген де жоқ. Бар
мақсаты
баю болып, алдағы он жылға жоспар жасады. Егер
күтпеген жерден өліп қалуы мүмкін екенін ойласа, көз алдына
періштенің бейнесін елестетіп, жаннатқа не
тозаққа шақырған
үнді естігендей беймаза күй кешіп немесе өзінің құлшылықты
ұмытып, қаннен қаперсіз дүние қызығына беріліп кеткен басқа да
күнәкар пенделерге ұқсайтынын және солар сияқты жазаға
ұшырайтынын түсінер еді», – деп жазады.
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Аллаһ
елшісі
(с.а.с.)
иығымнан ұстады да:
Достарыңызбен бөлісу: