Қабір азабы арабшадан аударған: А. Зулай 2 ббк 86. 38 Қ 13


«Раббым, мені кері қайтар, сонда мүмкін жақсы амалдар



Pdf көрінісі
бет8/48
Дата27.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#110703
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
«Раббым, мені кері қайтар, сонда мүмкін жақсы амалдар 
істермін»
1
, – деген аятты оқып, сосын өз-өзіне: «Ей, Рабиғ! Кейін 
қайттың, енді жақсы амал жаса!» – деуші еді. 
Мәймун ибн Мәһран: «Омар ибн Абдул-Азизбен бірге ауыл 
шетіндегі бейіттерді араладық. Зираттарды көрген кезде Омар 
жылады, сосын маған қарап: «Ей, Мәймун! Бұл бәну умәйиәдан 
шыққан әкелерімнің молалары, бейне олар бұ дүниедегі 
адамдармен бірге өмірдің ләззаттарының дәмін татпаған, тіршілік 
қылмаған тәрізді. Олардың сынаққа түскенін білмейміз бе? 
Бәлкім, оларға жаза берілді, ауыр үкім шығарылды. Ал көмілген 
соң мәйіттерін жәндіктер, құрт-құмырсқалар жайлады...», – деді. 
Содан соң жылап тұрып: «Аллаһтың атымен ант етемін! Бұл 
1
«Муминун» сүресі, 99-100 аяттар. 


14 
қабірлерге айналған адамдардан Аллаһ тағаланың азабынан аман 
қалып, көрге кірісімен нығметке бөленген ешкімді білмеймін», – 
деді», – деген. 
Сәбит әл-Бәннәни: «Қабір басына бардым, одан шыға 
бергенімде біреудің: «Ей, Сәбит! Көр иелерінің үнсіздігі сені 
алдамасын, өйткені онда қаншама нәпсілер қиналып, азап 
шегуде», – дегенін естідім», – деген. 
Мутарриф ибн Әбу Бәкір әл-Һәзәли: «Абдулқайс тайпасында 
құлшылық етуді сүйетін бір кәрі кісі бар еді. Ол түнде ғибадатқа 
дайындалып михрабқа тұратын, ал күндіз зиратқа баратын. Тіпті 
бірде ол бейіт басына көп баратындығы үшін сөгіс алыпты. 
Сонда ол: «Әлбетте, қатып қалған жүректерді тек қорқынышты 
көріністерден басқа ештеңе жібіте алмайды. Сол себепті мен 
моланы зиярат етемін. Мәйіттер бейне қабірдің қуыстарынан 
шығып жатқандай сезінемін, солған жүз бен қураған сүйектерді 
көретін сияқтымын», – депті», – деген. 
Бірде Омар ибн Абдул-Азизге бір фақиһ ғалым келіп, оның 
көп құлшылық еткендіктен түрі өзгергенін көріп таң қалады. 
Сонда Омар: «Ей, пәленше! Егер көрге көмілгеннен кейін үш күн 
өткен соң көрсең – қазір жайнап тұрған жүзім іріп-шіріп, 
еріндерім тістерімнен ажырап, аузымда құрттар қаптайды. Ішек-
қарным ақтарылып, ұрықтар жауырын тұстан шығады, алды-
артымда жәндіктер өріп жүреді. Сонда қазіргі таңданғаның 
жайына қалып, сұмдық қорқынышты көріністен естен танар 
едің!» – депті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет