Абиссальды белдеу тереңдігі 2500-ден 6000 м-ге дейінгі мұхит түбі



бет3/6
Дата09.02.2022
өлшемі33,67 Kb.
#25128
1   2   3   4   5   6
Гидрометеорологиялық орталық – шаруашылықтық барлық салаларын метеорологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық болжамдармен қамтамасыз ететін ғылыми әдістемелік мекеме.

Географиялық зоналылық–Жердің географиялық (ландшафттық) қабығының басты заңдылықтарының бірі, ол экватордан полюстерге қарай ландшафтардың ауысып отыруынан және әр түрлі географиялық белдеулердің, географиялық зоналар мен зона тармақтарының таралуынан байқалады.

Гольфстрим (ағ. Gulf stream) – Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі жылы ағыс. Флорида түбегі жағалауынан Шпицберген мен Жаңа Жер аралдарына дейін (10 мың км) келетін жылы ағыстардың қуатты жүйесі.

Делювий (лат. deluo-шаямын) – жауын-шашынның немесе еріген қар суының шаюы нәтижесінде қыраттардың беткейлері мен етегінде үгілген тау жыныстарының жиналуы.

Инсоляция (лат. іnsolare-күн көзіне қою) – жер бетіне түсетін күн радиациясы. Инсоляция Күннің көкжиектен биіктігіне байланысты болғандықтан, оның шамасы өзгеріп отырады.

Изобар (гр. іsos-тең, бірдей, baros-ауырлық) – белгілі уақыт кезеңінде атмосфералық қысымы бірдей болатын жерлерді қосатын карта бетіндегі сызықтар.

Изобат (гр. іsos-тең,bathos-тереңдік) – картада мұхиттың, теңіздің, көлдің және өзеннің тереңдігі бірдей жерлерін қосатын сызық.

Изогалин (гр. іsos-тең, бірдей, hals-тұз) – картада суының тұздылығы бірдей нүктелерді қосатын сызық.

Изогиет (гр. іsos-тең, бірдей, hyetos-жаңбыр) – климат карталарында жер бетіне тәулік, ай және жыл ішіндегі түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызық.

Изогипс (гр. іsos-тең, бірдей, hypsos-биіктік) – картада теңіз деңгейінен биіктігі бірдей нүктелерді қосатын горизонталь сызық.

Изотерма (гр. іsos-тең, бірдей, therme-жылу) – климат карталарында жер бетіндегі ауа температурасы мөлшері бірдей жерлерді қосатын сызықтар, қаңтар және шілде айлары изотерма сызықтары сызылады.

Жел – ауаның жоғары қысымды аймақтан төмен қысымды аймаққа қарай горизонталь бағытта қозғалуы. Желдің жылдамдығы халықаралық кесте бойынша 0-ден 12-ге дейінгі баллмен белгіленеді немесе м/сек және км/сағ. арқылы өлшенеді.

Жылдық ағын – өзен арнасының ағыс қимасы арқылы бір жыл ішінде ағып өтетін су мөлшері, м3 немесе км3-мен белгіленеді.

Жерортатеңіздік климат – Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка, Алдыңғы Азияның субтропиктік зонаның батыс бөлігіне тән климат. Субтропиктік климаттың бір түрі. Жазы құрғақ, қысы жауын-шашынды.

Жылдық амплитуда – жыл ішіндегі ең жоғары және ең төмен ауа температурасының арасындағы айырмашылық. Жылдық амплитуда негізінен алғанда жердің ендігіне байланысты. Солтүстікке жылжыған сайын жылдық амплитуда мөлшері артады. Экватордағы теңіз үстіндегі амплитуда 10С-ге тең болса, континент үстінде-5-100С-ге тең болады.

Жылым – өзен, теңіз, көл бетінің қатпайтын ашық бөлігі.

Жылға – құрлық бетіндегі уақытша немесе тұрақты табиғи шағын су ағыны. Жылға жаңбыр суынан, қардың еруінен, жер асты суының жер бетіне шығуынан пайда болады. Кейде жылғалар өзендердің бастауы болады.

Қылау – ауа райының тұманды, өте аязды кезінде ағаштардың бұтақтарына, телеграф сымдарына және басқа объектілерге мұз түйіршіктерінің қонуы.

Кампос– (португал. campo-дала, жазық) – Бразилия саваннасының жергілікті атауы, Амазонка және Парана өзендерінің суайрығында кездеседі. Өсімдік жамылғысы негізінен көпжылдық шөптерден, сирек өскен аласа ағаштар мен бұталардан тұрады.

Каньон (исп. canon- терең аңғар) – тік беткейлі, түбі тар терең өзен аңғары. Мысалы, Солтүстік Америкадағы Колорадо өзенінде Үлкен Каньон бар, оның ұзындығы 320 км, тереңдігі 1200-1800 м.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет