Абиссальды белдеу тереңдігі 2500-ден 6000 м-ге дейінгі мұхит түбі



бет5/6
Дата09.02.2022
өлшемі33,67 Kb.
#25128
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Промилле, промиль (‰) –мұхит суы тұздылығының өлшем бірлігі.

Сарқырама –өзен арнасындағы су құлап ағатын тік кемер.

Су режимі – өзен, көл, батпақ суының деңгейі мен көлемінің белгілі уақыт аралығында өзгеруі.

Суайрық – өзендердің су алабын бөліп тұратын табиғи шекара, яғни су ағынын түрлі жаққа бағыттайтын қират.

Су жинау алабы – белгілі бір өзенге немесе өзен торына жер бетіндегі және жер астындағы су құйылатын алап.

Судың кермектігі – табиғи су құрамында кальций мен магний тұздарының болуына байланысты қасиеті.

Судың лайлылығы – қатты бөлшектердің араласу мөлшеріне қарай судың лайлану дәрежесі. Араласқан бөлшектердің салмағымен көрсетіледі-г/м3, мг/л.

Су тасуыкөктемде қардың, жазда тау басындағы қар мен мұздықтардың еруінен немесе ұзақ уақыт жаңбыр жаууы салдарынан өзен суы деңгейінің көтерілуі. Бұл құбылыс жылдың белгілі маусымында жыл сайын қайталанып отыруы мүмкін.

Самум (араб. «құм бораны» ) –Солтүстік Африка мен Аравия түбегінің шөлдеріндегі құрғақ, ыстық желдің жергілікті атауы. Көбіне құм боранына ұштасады.

Сарма желі–Байкалдағы Сарма аңғарын қуалай соғатын жергілікті жердің атауы.

Сахель (араб. жаға, шет аймақ) – Сахара шөлінен Батыс Африканың саванналарына өтпелі алқаптың аты. Мұнда шөлейт және шөлді саванна басым. Жылдық жауын-шашын 200-600 мм, қуаңшылық басым.

Сельва – Амазонка ойпаты мен Анд тауының беткейіндегі мәңгі жасыл, ылғалды экваторлық орман. Құрамында пальма, гевея, какао, лианалар басым.

Синклиналь– (гр. synklіno-еңкейемін) – жер қыртысы қабаттарының дөңес жағының төмен қарай орналасуы.

Синоптикалық карта – (гр.synoptіkos-бәрін шола алатын) – ауа райына бір мезгілде жүргізілген бақылаулардың нәтижесі цифрлармен және шартты белгілермен түсірілген географиялық карта.

Сирокко – Жерорта теңізі алабында Солтүстік Африка және Аравия түбегі шөлдерінен соғатын жергілікті жылы, күшті, құрғақ оңтүстік және оңтүстік-шығыс желі. Ұзақтығы бірнеше сағатқа, кейде бірнеше күнге дейін созылады, ауаны құрғатып, өсімдіктерді қуратып жібереді.

Сала – әдетте қысқа әрі суы аз, тіпті аңғары мен суының түсі де бөлшекше, екінші өзенге барып құятын шағын өзен.

Тұйық көл – өен суы ағып ақпайтын көл. Мұндағы су шығыны булануға ғана байланысты.

Толқын –су бетіндегі тербелмелі қозғалыстан туатын су жалы.

Тасты шөл (араб сөзінен) - Солтүстік Африкада-Сахарада, Таяу Шығыста кең аумақты алып жатады. Жер шарындағы тасты шөлдерді сипаттау үшін қолданылатын атау.

Температуралық инверсия (лат. іnversіon-орнын ауыстыруы)–ауа температурасының жер бетінен жоғарылаған сайын әдеттегідей төмендеуінің орнына жоғарлауы.

Табиғаттағы су айналымы – Күн радиациясы мен ауырлық күшінің әсерінен судың үздіксіз орын ауыстыру процесі.

Толысу толқыны – Ай мен Күннің тарту күшінің салдарынан Дүниежүзілік мұхитта су деңгейінің көтерілуі.

Теңіздік климат – теңіздік ауа массаларының әсерінен қалыптасатын климат. Мұхит үстінде айқын білінеді де, құрлық бетіне таралады. Қысы мен жазының ауа температурасында күрт айырмашылық болмайды, жазы салқын, қысы жылы, жауын-шашыны мол, бұлттылығы басым.

Тасқын – көктемде қардың, мұздықтың тез еруі, мол жауын-шашын түсуі нәтижесінде су деңгейінің тез арада көтерілуі және өзен суының жайылуы.

Тәуліктік амплитуда–ауа температурасының тәулік ішіндегі ең үлкен және ең кіші мәндерінің арасындағы айырмашылық. Тәуліктік амплитуда аумақтың географиялық ендігіне, жер бетінен абсолют биіктігіне, жыл мезгілдеріне, жер бедері сипатына, ауаның ылғалдылығына, бұлттылыққа және т.с.с. факторларға байланысты. Географиялық ендік артқан сайын орташа тәуліктік амплитудасы да артады. Бұлтты күндері тәуліктік амплитуда кемиді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет