Абиссальды белдеу тереңдігі 2500-ден 6000 м-ге дейінгі мұхит түбі



бет6/6
Дата09.02.2022
өлшемі33,67 Kb.
#25128
1   2   3   4   5   6
Тайфун– (қытай. тай фын- үлкен жел) – Қиыр Шығыстағы күшті тропиктік циклонның жергілікті атауы. Тайфун кезінде желдің күші сұрапыл болады. Олардың әсерінен су тасқыны, күшті нөсер пайда болады.

Торнадо – Солтүстік Америка құрлығы үстінде жаз кезінде қалыптасатын күшті атмосфералық дауыл. Аңызақ тудыруымен қатар, едәуір апат келтіреді.

Трансгрессия– (лат. transgressіon-өту) –құрлықтың төмен түсуі, мұхит түбінің көтерілуі немесе мұхит алабындағы су көлемінің артуы салдарынан теңіздің құрлықты басуы. Осындай жағдайда пайда болған теңіз шөгіндісі трансгрессиялық шөгінді деп аталады.

Тау-аңғар желі – тау жоталары мен тау арасындағы ойыстың түрліше қызуынан пайда болып, тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жергілікті жел. Күндіз аңғар беткейімен жоғары қарай, түнде-кері бағытта соғады.

Өзен аңғары – жер бетіндегі өзен суы ағып өтетін ирелеңдеген ұзын ойыс. Өзен аңғары ағын судың әрекетінен қалыптасады. Өзен аңғарының арнасы, жайылмасы, беткейі, террасалары, негізгі жағасы болады.

Өзеннің тармақтануы– (лат. bіfurcus-қосарлану, екіге ажырау) – өзен мен оның арнасының екіге бөлініп, бұдан былайғы жерде қосылмай, жеке сала болып ағуы.

Өзен алабы – жалпы су ағындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп қосылатын жер бетінің белгілі бір бөлігі. Кейде «су жиналатын» алап деп те аталады. Алаптар ағынды және тұйық болады.

Орташа температура – тәуліктік, айлық, маусымдық, жылдық ауа температурасының жиынтығынан шығарылатын жергілікті жер температурасының орташа арифметикалық көрсеткіші.

Ішкі теңіз – құрлыққа терең еніп, мұхитпен немесе екінші теңізбен бір шеті ғана шектесіп жатқан теңіз (мыс., Балтық, Қара, Қызыл, Жерорта теңіздері).

Шығанақ – мұхиттың, теңіздің немесе көлдің құрлыққа ілгерілей еніп жатқан бөлігі.

Шоңғал – өзен арнасының су жылдам әрі құлап ағатын бөлігі, әдетте тау жыныстары жуылып-шайылмайтын жерлерде пайда болады. Мұндай жерлерде су тез ағатындықтан, судың күшін электр энергиясын өндіру үшін пайдалануға болады.



Шық – ауаның салқындауы және су буының түнге қарай конденсациялануы нәтижесінде топырақ беттерінде, шөптерде және жер бетіндегі заттарда пайда болатын су тамшысы.

Эстуарий (лат. aestuarіum-өзеннің су басатын сағасы) – теңіз шығанағына ұқсас өзен сағасының кеңейген бөлігі. Эстуарий өзеннің теңізге құяр бөлігінде байқалады. Ол теңіз деңгейі көтеріліп, өзен аңғарының төменгі бөлігін басып кетуінен пайда болады. Эстуарийдің мысалын Енисей, Темза, Әулие Лаврентий өзендерінің сағасынан көреміз.

Флюгер– (нем. Flugel-қанат) –желдің бағыты мен күшін анықтайтын аспап. Оның тілі бұрылу арқылы желдің бағытын көрсетеді, ал металл тақтайшасының ауытқуы-желдің күшін (м/сек) білдіреді.

Фьорд (фиорд) (норв. fjord-) – жағасы биік әрі жартасты, терең, арнасы жіңішке теңіз шығанағы. Мұздықтардың әрекетінен пайда болады. Норвегияда, Гренландияда көп таралған.

Хамсин Солтүстік-Шығыс Африкада соғатын құрғақ әрі ыстық жел. Жел соққан кезде көптеген мөлшерде шаң-тозаңды аспанға көтереді, әдетте көктемде 50 тәуліктей соғады. Желдің атының өзі арабтың елу деген сөзінен шыққан.

Циклон– (гр. kyklon-айналатын) – атмосферадағы орталығына қарай қысым төмендей беретін аймақ. Мұндай аймақта жел солтүстік жарты шарда сағат тілінің қозғалысына қарсы, оңтүстік жарты шарда сағат тілінің қозғалысы бағытымен соғады. Циклон кезінде ауа райы бұлыңғырланып, күшті жел соғады, бұлттылық, жауын-шашын пайда болады.

Цунами – теңіз түбі едәуір бөлігінің. жоғары-төмен қозғалысынемесе жағалаудағы жер сілкінуі салдарынан пайда болатын, орасан зор теңіз толқындары.

Цунамидің таралу жылдамдығы 400-800 км/сағ. Пайда болған жеріндегі биіктігі 0,1-5 м, жағалауда 10-50 м. Жапония жағалауында көптеген объектілерді қиратып, үлкен зиян келтіреді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет