Абиссальды белдеу тереңдігі 2500-ден 6000 м-ге дейінгі мұхит түбі



бет4/6
Дата09.02.2022
өлшемі33,67 Kb.
#25128
1   2   3   4   5   6
Капиллярлық су– (лат. capіllarіs-шаштай)–жер бетінің тарту күші әсерінен тау жыныстарының қуастарында сақталатын жер асты суының бір түрі.

Қайнар –жер асты суының жер бетіне шығып жатқан көзі.

Конвекция – (латынның convectіo-жеткізу деген сөзінен шыққан) –температура мен тығыздық айырмашылығының әсерінен ұсақ бөлшектердің тік бағытта орын ауыстыруы.

Конденсация – (лат. condensatіo-нығыздалу, қоюлану) – булануға қарама-қарсы, заттың, мысалы, су буының газ тәрізді күйден сұйық (тамшы) немесе қатты күйге айналу процесі.

Континенттік климат– ауа температурасының тәуліктік және жылдық өзгерісінде үлкен ауытқушылық бар, атмосфералық жауын-шашын аз түсетін, ауа райы құрғақ, жазы ыстық, қысы суық климат. Континенттік климат негізінен теңізден шалғай аудандарда байқалады.

Крик–(ағ. creek) –Аустралияның ішкі аймақтарында жылдың құрғақ мезгілінде кеуіп, жаңбырдан кейін ғана суға толатын уақытша өзендер.

Қайраң – теңіз немесе көл жағалауының таяз бөлігі, жағадан теңізге қарай тереңдей береді.

Лианалар– (фр. lіane-байланыстыру) –өрмелеуші өсімдіктер. Лианалар басқа өсімдіктерді тірек етеді де, оларды айналдыра орап, жоғары қарай өрмелей өседі.

Лимнология– (гр. lіmne-көл, logos-ілім) – гидрологияның көлдерді, бөгендерді, су қоймаларын, оларда өтіп жататын физикалық, химиялық, биологиялық процестерді зерттейтін саласы.

Материктік қайраң, шельф – материктердің су астындағы жиегінің тегістелген бөлігі. Материктік қайраң жиегінің тереңдігі 100-200 метрден 1500-2000 метрге, ені 1500 метрге дейін жетеді. Мұнда мұнай және газ өндіріліп, басқа да пайдалы қазбалар игеріледі.

Межень - қайырлау (төменгі деңгей) – құрғақ немесе аязды ауа райы жағдайында қосылатын судың азаюы салдарынан өзендердегі су деңгейінің барынша төмендеген кезі. Қысқы және жазғы межень байқалады.

Метеорологиялық қызмет – ауа райы, белгілі бір аумақтың климат жағдайлары туралы мәлімет беріп тұратын метеорологиялық станциялар мен ғылыми мекемелер торы бар мемлекеттік мекеме.

Метеорологиялық станция – қатаң белгіленген мерзімде және белгілі ретпен атмосфераның күйіне жүйелі бақылау жүргізіп отыратын мекеме.

Микроклимат – егістік, төбе беткейі, орман шеті, орман алқабы, көл жағасы секілді шағын территорияның климаты, ол көршілес территорияның климатынан өзгеше болады.

Мистраль (фр. mіstral- суық) –Францияның Жерорта теңізі жағалауындағы Рона аңғарында соғатын күшті әрі суық солтүстік-батыс желі. Көбіне қыста соғады.

Муссон (фр. mousson, араб. маусим-маусым) – құрлық беті мен теңіз суының түрліше қызуына байланысты қыста құрлықтан теңізге, жазда-теңізден құрлыққа қарай соғатын желдер.

Муссондық климат – жыл маусымдарында тұрақты жел-муссон ауысып отыратын климат. Жазда жауын-шашыны мол, қысы құрғақ. Экваторлық және субэкваторлық аймақтарға тропиктік муссондық климат тән.

Пассат (нем. Passat-тұрақты жел) –мұхиттардың тропиктік белдеуінде соғып тұратын тұрақты желдер. Пассат жыл бойы жоғары қысымды белдеуден (25-300 ендіктерден) экваторға қарай соғады.

Поляр түні – поляр аймақтарында Күн белгілі уақыт бойы көкжиектен көтерілмейтін уақыт кезеңі. Поляр түнінің ұзақтығы поляр шеңберінен полюске қарай арта береді: поляр шеңберіндегі 1 тәуліктен, солтүстік полюсте 178 тәулікке дейін созылады.

Поляр шұғыласы–жоғары ендіктерде оқтын-оқтын байқалатын түнгі аспан бөлігінің жарқырауы. Реңі көбіне ақшыл көгілдір, сарғыш жасыл, кейде қызғылт және күлгін болады.

Поляр күні – Күн жоғары ендіктерде көптеген тәулік бойы көкжиектен батпайтын кезең. Поляр күні поляр шеңберінде бір тәуліктен, полюстерде 186 тәулікке дейін созылады. Поляр күні солтүстік жарты шарда 22 маусым-22 қыркүйек, оңтүстік жарты шарда 22 желтоқсан-22 наурыз аралығында байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет