Абжанов талғат сагидоллаұЛЫ


Гиннал үйеңкісі – Acer ginnala



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата19.01.2017
өлшемі10,14 Mb.
#2259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
Гиннал үйеңкісі – Acer ginnala 
Солтүстік  Шығыс  Қытай,  Жапон  теңізі  жағалауы,  Амур  орта  ағысының 
өзен  жағалауларында  кездесетін,  көгалдандыруда  ең  танымал  Алыс  шығысты 
флора  өкілі.  Өркендері  қызыл  немесе  күрең,  қабығы  тегіс,  сұр,  күркелі 
ұшарбасы бар биіктігі 6 м  дейін жететін ірі бұта ретінде өседі. Жапырақтары 
үш  жолақты,  орта  бөлігі  созылыңқы,  қара  жасыл,  жалаң,  жылтыр,  астыңғы 
жағында сирек шаштары бар.  
Гүлдері  сарғыштау,  хош  иісті,  қалың,  көп  шашақгүлді  жапырақтардың 
ұңғылауынан кейін 3-4 аптадан соң ыдырайды. Гүлдеу ұзақтылығы 15-20 күн. 
Қанатшалары  3  см  дейін  жасыл  немесе  ашық  қызыл.Тез  өседі,  қысқа  төзімді, 
жарықты  жақсы  көреді,  көлеңкелі  жерлерде  отырғызғанда  сәнділігін 
жоғалтады, қайта отырғызу мен қала жағдайларына көне береді. Мол өскіндер 
береді.  Жиектерге  отырғызуларға,  тоған  жағалауларын  көгалдандыруға,  ашық 
түсті қоршаулар жасауға, топтық немесе жеке отырғызулар үшін жарамды сәнді 
өсімдік.  Әсіресе  күзде  жасыл  желек  фонында  оттай  қызыл  дақ  болып 
ерекшеленеді. 0,5 м-ден жоғары емес ретті кесулер кезінде Гиннал үйеңкісінен 
жасалған  ернеулер  өте  әдемі  келеді.  Жапырақтардың  нығыз  мозаикасы,  ашық 
күзгі  түстер  мұндай  ернеулерді  эффектілі  қылдырады.  Қылқанды  тұқымдар 
фонында қарлы жемістермен, ырғай және жидемен қабысуы жақсы көрінеді.  
 
Татар үйеңкісі– Acer tataricum 
Биік  бұта  немесе  үшінші  өлшемді  кішкентай  ағаш.  Діңі  және  негізгі 
бұтақтары тегіс қара сұр немесе қара қабықпен қапталған. Өркендері қызылдау 
немесе  қоңырлау.    Жапырақтары  салыстармалы  кішкентай,  ұзындығы  10  см 
дейін, сопақша жұмыртқа тәріздес, әдетте бүтін, ірі тісті.  
Өте  тез  өседі,  әсіресе  алғашқы  жылдары.  Мықты  беттік  тамырлы  жүйені 
дамытады. Ұйқыдағы бүршіктердегі өскінмен жақсы жаңарып түр береді.  
Аязға  төзімді,  тіпті  Сібір  континенталды  климатының  жағдайларында. 
Көлеңкеге  төзімді,  Қалың  ұшарбасы  жерді  жақсы  көлеңкелеп  тұрады.  Жер 
жағдайларын  таңдамайды,  бірақ  құнарлы  жерлерде  жақсы  өседі.  Шайылған, 
тасты және тұздалған жерлерде қанағаттанарлықтай өседі.  

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
62 
Үшкір жапырақты үйеңкі – Acer platanoides 
Күзгі мезгілде ағаштардың жапырақтары қурап түседі, биіктігі 30 м дейін 
жетеді,  тік  цилиндрлі  діңі  және  нығыз  кең  домаланған  ұшарбасы  бар.  Жас 
сабақтарының  қабығы  қызыл  сұр,  тегіс.  Жапырақтарының  түрлері  суық, 
ұзындығы  6-18  см;  беті  қабаты  ұзын  үшкірленген,  жапырақ    қабығы  6-15  см. 
Жапырақтары  жалаң,  жоғарғы  жағы  ашық  жасыл  жылтыр,  астыңғы  жағы 
ашықтау.  Қалқанша  гүлдері  жасыл  сары;  аталық  және  аналық  (жалған 
екіжынысты)  гүлдері  әдетте  бір  ағашта,  кейде  әр  түрлі  ағаштарда  орналасқан. 
Тұқымы  ірі  (3,5-5  см)  көлденең  орналасқан  қанаттары  бар  екі  қанатты;  піскен 
соң  екі  жартыға  бөлінеді,  оның  әрқайсысында  дәндері  болады.  Сәуір  мамыр 
айларында гүлдейді. Тұқымдары қыркүйек қазан айларында пісіп жетіледі.  
Өте тез өсетін тұқым, әсіресе алғашқы 10 жылда.   
Аязға  төзімді,  -40°  температураға  дейін  шыдайды,  кештеткен  көктемгі 
және  ерте  күзгі  аяздардан  зақымданбайды.  Дадалық  жағдайларда  ыстыққа 
төзімді.  Жердің  құнарлығы  мен  ылғалдылығын  талап  етеді.  Сұлатпа  желге 
қарсы тұра алады. Ұзақ өмір сүреді, шамамен 300 жыл. 
 
Қызыл үйеңкі – Acer rubrum 
Жапырағы  түсетін  ағаш,  отанда  оның  биіктігі  30-40  м  дейін.  Бос  тұрған 
кезде күшті шатровидті желегі жақсы дамиды. Діңнің қабығы тегіс, ашық сұр, 
кәрі  ағаштарда  көлденең  жырықтарда  және  жіңішке  қатпарлар  ретінде 
қабыршықтанады.  Өркендері  қара  қызыл,  жылтыр.  Жапырақтары  үш  бес 
қалақты,  ұзындығы  6-10  см;  жоғарғы  жағы  жасыл,  асты  боз;  қалақтары 
үшбұрышты жұмыртқа тәрізді, қысқаша үшкірленген, шет жақтары өткір тісті, 
қабығы қызылдау, ұзындығы 5-10 см. 
Гүлдерінің 
гүлшоғырының 
маңында 
қызыл, 
кейбіреулері 
сары 
жапырақшаларымен.  Тұқымдары  ұсақ,  бастапқыда  ашық  қызыл;  ұзындығы  2 
см, үшкір бұрышты, сабағының ұзындығы 6-10 см,  салбыраңқы қанатшалары 
бар.  
Көлеңкеге  төзімді  және  аязға  төзімді  -  40°  дейінгі  аяздарға  шыдайды. 
Топырақ  таңдамайды,  ұсақ  тастары  бар,  аз  дамыған  топырақтар  жарай  береді. 
Жердің  артық  ылғалдылығына  шыдап,  судың  тұрып  қалуын  көтере  береді. 
Тереңдігі  1,2-1,5  м  топырақ  сулары  бар,  күшті  аллювиалды  топырақтармен 
жабылған, қарашіріктерге бай сортаңдарда жақсы өседі. Қала жағдайын жақсы 
көтереді.   
 
Қантты үйеңкі– Acer saccharum 
Кең  домаланған  немесе  жұмыртқа  тәріздес  ұшарбасы  бар  (босаңқы 
жағдайда)  биіктігі  20-25  м  (30-  40  м)  жапырақтары  түсетін  ағаш.  Қабығы  сұр, 
өркендері жылтыр, қара қызыл. Жапырақтары үш - төрт қалақты, көлденеңінен  
8-14  см,  үшкірленген,  сирек  өткір  тістері  бар;  қалақшаларының  арасындағы 
ойықтары  терең,  тар.  Жапырақтары  үшкір  жапырақты  үйеңкілерге  ұқсайды, 
бірақ олардан айырмашылығы астынан сары жасыл түсті болып келеді. Гүлдері 
түрлі  жынысты,  қалқандары  жасыл  сары.  Тұқымдары  жалаң,  ұзындығы    3,5-4 
см шашыраған қанаттары бар. Сәуір айында гүлдеп, дәндері қыркүйекте піседі.  

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
63 
Көлеңкеге  өте  төзімді,  бұл  қатынаста  ол  тек  шамшатқа  ғана  жол  береді. 
Толығымен  аязға  берік  -40°  дейінгі  аяздарды  еш  зақымсыз  көтереді.  Жер 
құнарлығын  талап  етпейді:  қарапайым,  жылтыраған,  құмтасты,  құрғақ, 
күштілігі  аз,  тасты,  батпақты,  әсіресе  жақсы  жыртылған  құмды  жерлерде 
кездеседі.  
 
Кәдімгі орман жаңғағы - Corylus avellana 
Биіктігі  5  м  дейін  жететін  бұта,  кейбіреуі  ұшарбасы  сопақ  келген 
кішкентай  ағаш  (7м  дейін).  Жас  өркендері  желелік  мамықты,  ескі  қабықтары 
тегіс, қоңыр сұр. Жапырақтары домалақ кері жұмыртқа тәріздес немесе сопақ, 
жоғарыға қарай қысқаша ұшталған, жан жағынан әр түрлі екі айыр тісті, кейде 
жапырақтың  жоғарғы  жағында  ірі  қалақты  түрлі  тістері  бар;  кәрі  жапырақтар 
жоғарыда  қара  жасыл,  күңгірт,  жалаң,  төменірек  ашық  жасыл,  талшық 
бойынша  төмендеген.  Ерте  көктемде  жапырақ  шыққанға  дейін  гүлдейді. 
Аналық гүлдері бір бүршікте 3-4-тен, күрең қызыл қабыршақтармен қапталған. 
Аталықтары ұзын салбырап тұрған сырғаларда, қабыршақтарында 4 бүршікпен 
бекітілген.   
Сопақша немесе домаланған жаңғақ. Қосуға кең қалақты, жаңғақтан қысқа. 
5  жылда    1,4-1,5  м  биіктікке  жетеді,  10  жылда  2,5-3  м.  Алғашқысында  баяу, 
кейіннен  тез  өседі.  Бір  жылда  1,5  м    дейін  жақсы  жағдайларда  өскендерді 
кескеннен  кейін  өте  тез  өседі,  тамырлы  жүйесі  күшті,  қолайлы.  Көлеңкеге 
төзімді,  бірақ  жұмулы  алқаағаштарының  масаханаларының  астында  тұқым 
шашпайды. Аязға төзімді.    
 
Емен жапырақты магония  – Mahonia aquifolia 
Биіктігі 1,5 м дейін жететін әрдайым жасыл бұта. Қызықты, ең алдымен ірі
былғарылау,  5-9  тікенектісті  жапырақшаларынан  жылтыр,  жайылған  кезде 
қызыл,  жазда  қара  жасыл,  күзде  қызыл  жылтыр  қолалы,  әсіресе  күн  тиген 
жерлердегі  тақ  қанатты  жапырақтардан  тұрады.  Жапырақшалары  күрделі, 
пішіні  бойынша  емен  жапырақтарына  келеді.  Гүлдері  сары,  көп,  өркендерінің 
аяқ  жағынан  тік  тұрады  және  күшті  шашыраңқы  келеді.  Мамыр  айының 
басында  гүлдеп,  ай  бойы  гүлдейді,  кейде  қазан  айында  екінші  рет  гүлдейді. 
Сопақша  -  эллипстік,  қара  көк,  жеуге  келетін  қышқыл  тәтті  1  см  дейінгі 
тұқымдар,  бұтаға  өзіндік  өзгешелік  береді  және  тамыз  айының  басында  пісіп 
жетіледі.  Мол  тамырлы  атпа  бұтақ  береді,  сол  арқылы  төмен  қопа  түзеді. 
Көлеңкеге  төзімді.  Күн  тұратын  жерлерде  тартымды  нығыз  бұталар  түзеді. 
Балғын,  қарашірікке  бай  жерлерді  қалайды;  қала  жағдайларын,  ұщарбасының 
пішіндеуін және кесуін жақсы көтереді.  
 
 
 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
64 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  Сурет 34 - Татар үйеңкісі 
– Acer tataricum 
Сурет 33 - Гиннал үйеңкісі  
              – Acer ginnala 
Сурет 32 - Канадалық ирга  
– Amelanchier canadensis  
(L.) Medic. 
 
 
 
 
Сурет 37 - Қантты үйеңкі 
– Acer saccharum 
 
Сурет 36 - Қызыл үйеңкі  
          – Acer rubrum 
 
Сурет 35 - Үшкір жапырақты үйеңкі  
– Acer platanoides 
 
 
 
 
     
Сурет 39 - Емен жапырақты магония  
   – Mahonia aquifolia 
 
Сурет 38 - Кәдімгі орман жаңғағы  
         - Corylus avellana 
 
 
 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
65 
Маньчжур жаңғағы – Juglans mandshurica 
Биіктігі    25  м  дейін  жететін  ағаш,  ұшарбасы  шашыраңқы  немесе  кең 
аймақты,  жоғары  көтерілген,  селдір.    Діңі  тегіс,  қара  сұр  кейде  қара,  терең 
салалы  қабықпен  қапталған.  Жас  өркендері  сары  жасыл,  үлпілдек.  Сабақтары 
сұр, тегіс. Жапырақтары өте ірі (25 см дейін), тақ қанатты, уқалаған кезде өткір 
иіс шығады. Көктемде олар мамықтанып сұр жасыл болып келеді, жазда ашық 
жасыл,  күзде  алтын  сары.  Аталық  гүлдері  ұзын  сырғалы,  аналықтары  азгүлді 
шыбықтарында орналасқан.  
Тұқымдары  3-7-ден,  кейбіреулері  бір  біреуден.  Басқа  жаңғақ  түрлерінен 
біріккен  жапырақтары  түсетін  ағаштармен  және  ең  қысқа  вегетациялық 
кезеңмен ерекшеленеді. Жарықты жақсы көреді, құнарлы, жақсы ылғалданған, 
жыртылған  жерлерді  ұнатады,  құрғақшылыққа  сезімтал.  Күшті  тамырлы 
жүйесінің  арқасында  желге  төзімді  болып  келеді.  Салыстырмалы  түрде  газға 
және  түтінге  төзімді.  Орта  жолақ  жағдайында  қыс  айларына  шыдайды.  Кең, 
домалақ  ұшарбасымен  және  үлкен  жапырақтарымен  өте  сәнді  келеді.  Жеке, 
топтық және аллеялық отырғызуларында қолданылады.  
 
Сұр жаңғақ – Juglans cinerea 
Сұр жаңғақ тез өсуімен ерекшеленеді, максималды биіктігі 30 метр (әдетте 
15–20  м).  10—15  жылдан  бастап  тұқым  бере  бастайды.  Қабығы  сұр,  жас 
өсімдіктерде  тегіс,  өскен  сайын  салалы  болады.  Ірі  қанатты  жапырақтары 
өсімдікке  ерекше  оңтүс  береді.  Мамыр  айының  соңында,  маусым  айының 
басында  гүлдейді.  Аталық  гүлдерінің  ұзын  сырғалары  жетерліктей  сәнді. 
Тұқымдары  кішкене  шыбықтарында  3-5  тен  жиналған,  қыркүйек  айының 
соңында пісе бастайды. Жаңғақтар жасыл жеміс қапен жабылған.  
Жаңғақтың өзінің сырты жасанды тікенекті қабығы бар қолдануға болатын 
жеміс қаппен комкерілген .  
Сұр  жаңғақ  аязға,  газға  төзімді,  жарықты  жақсы  көреді,  жердің  ылғалды 
және  құнарлы  болуын  талап  етеді,  ауа  құрғақтығын  нашар  көтереді.  Оның 
жапырағы  құрамында  өзге  өсімдіктердің  өсуін  тежейтін  табиғи  гербицидтер 
болады.  
 
Үш жапырақты птелея  - Рtelea trifoliata 
Биіктігі 6–8 м бұта немесе ағаш. Ұшарбасы домаланған, шашыраңқы. Жас 
өркендері  үлпілдек,  екіжылдық  жалаң,  қызыл  қоңыр.  Жапырақтары.  Үштік 
(осыдан  үш  жапырақты  аталған);  жапырақшалары  эллипсті  сопақша  тәріздес, 
былғарылау, ұзындығы 6–12 см, ені 4–6 см; жоғары жағы қара жасыл, жылтыр, 
астыңғы  жағы  күңгірт,  жасыл,  жалаң,  уқалаған  кезде  хош  иісті.  Тұқымдары: 
Былғары екітұқымды кең, домаланған немесе сопақ, жазық, диаметрі 1,5–3 см, 
тал  тұқымдарына  ұқсайды  (осыдан    аталған).  Тұқымдары  –  тең  ортасында 
орналасқан  2  жазық  жаңғақ.  Уқалаған  кезде  тұқымдар  қызады,  сасиды,  тамыз 
айының соңында гүлдеп өркендерде салбырап тұрады, кейде бүкіл қыс бойы.  
Тез  өсетін,  жер  құнарлығын  талап  етпейді,  аязға  және  құрғақшылыққа 
төзімді.  Сәнді  және  фитонцидті,  жасыл  құрылыста  қолданылады;  саябақ 
алаңдарында  топтық  және  солитерлі  отырғызуларда  егеді.  Қылқанды  және 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
66 
балқарағайлы  бұталар  қоспасында  жақсы  қабысып,  сиректелген  биотоптық 
отырғызулардың  масаханаларының  астында  өседі.  Қалалардың  және 
өнеркәсіптік аудандардың микроклиматын жақсы көтереді.  
 
Ал қызыл свидина  - Thelycrania sanguinea 
Биіктігі  4-6  м  дейін  жететін,  тік  діңді  және  төменгі  сабақтары 
тамырланбаған  ағаш  немесе  бұта.  Жас  өркендері  алғашқыда  жасыл,  кейінірек 
күрең  қызыл,  кейде  күнге  беттеген  жағында  қызыл  түс  пайда  болады.  Сұр 
жасымықшалары  бар  өркендер.  Жас  өркендерде  жасымықшалары  ұсақ, 
домалақ,  кәрі  сабақтарында  әдетте  ірілеу,  ромб  тәрізді  пішінді.  Бүршіктері 
қысқа  қабыршақты,  дамымаған  ұсақ  жапырақтарға  ұқсайды;  жандары  ұсақ, 
өркенге жабысқан немесе кішкене қалып қойған, бір түсті немесе күрең қызыл. 
Жүрекшесі домалақ, ақ. Сүрегі жасыл ақ немесе қызыл, берік, қатты, столярлы 
және  тоқты  өндірістерде  қолданылады.  Тұқымдары  шар  тәріздес  көк  қара 
костянкалары бар.  
 
Салпиған алхоры  – Prunus divaricata 
Биік  өсетін,  көп  діңді,  биіктігі  4-10  м  бұта  немесе  биіктігі  15  м  дейін 
жететін,  діңінің  қалыңдығы  20-25  см,  ұшарбасы  кең  жұмыртқа  тәріздес 
болатын және сабақтары тікенекті ағаш. Діңдеріндегі қабығы және көпжылдық 
сабақтары  қара  күрең.  Жапырақтары  эллипстік  немесе  жұмыртқа  тәріздес, 
ұзындығы  4,5-10  см,  ені  2-6  см,  жоғарғы  жағы  жалаң,  қара  жасыл,  төменірек 
ақшыл,  кішкене  мамықтау.  Күзде  жапырақ  түстері  лимонды  сары,  сирек  қып-
қызыл болып келеді.   
Наурыз мамыр айларында жапырақтарының түсуімен немесе жаңаруымен, 
әрдайым  мол  гүлдейді.  Тұқымдары  маусым  қараша  айларында  піседі.  Үлкен 
сәнділіктің әсерінен алша жасыл құрылыста, қала және көше отырғызуларында 
қолданылады.  Құрғақшылыққа,  желге  және  тұзға  төзімділігі  далалық  орман 
жолақтарында жақсы өсуін қамтамасыз етеді. Селекционды мақсаттардан басқа 
алхоры, абрикос, шабдалы үшін екпе ретінде бағбандармен қолданылады.  
 
Орташа тобылғы – Spirea media 
Биіктігі 1-2 м, тік тұратын мықты бұтақтары бар, жас кезінде сары қоңыр 
және екі жасында қызыл күрең түсті бұтақ; ұзындығы 4-5,5 см және ені 1-1,8 см 
жапырақтары ұзын ланцетті,, жиегінде шамалы ірі тістеуіктері бар, гүлшоғыры 
-  қарапайым,  гүл  табақшасында  гүлдері  ақ,  диаметрі  6-9  мм,  гүлаяқтарының 
ұзындығы  7-22  мм;  жапырақшалары  тік  тұрады,  жоғарғы  бөлігінде  кенеттен 
шашылады.  Мамыр  маусым  айларында  гүлдейді  де  шілде  тамыз  айларында 
тұқым шашады.  
 
 
 
 
 
 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
67 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 41 - Сұр жаңғақ – Juglans cinerea 
 
 
Сурет 40 - Маньчжур жаңғағы  
– Juglans mandshurica 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 43 - Ал қызыл свидина   
- Thelycrania sanguinea 
Сурет 42 - Үш жапырақты птелея   
- Рtelea trifoliata 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 45 - Орташа тобылғы  
– Spirea media 
Сурет 44 - Салпиған алхоры  –  
                   Prunus divaricata 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
68 
Симон терегі  (қытай) - Populus simonii Can.  
Тез өсетін ағаш, биіктігі шамамен 15 м. Табиғи ареалы Шығыс Қазақстан, 
солтүстік  Қытай,  Корея,  Монғолия.  Жас  ағаштың  ұшарбасы  өте  әдемі, 
пирамидалды,  өскен  сайын  жылауық  терекке  айналады.  Жапырақтары  кері 
жұмыртқа  тәріздес,  жалаң,  ароматты,    негізі  шыбықтан  тұрады.  Жоғарыда 
жапырақтары  жасыл,  шығыңқы  қызыл  жолақтары  бар,  астынан  ақ  бозды. 
Қабыршақтарының  түсі  қызыл.  Діңдері  тік,  цилиндрлік.  Қабығы  сұр  жасыл, 
негізі  жарылады.  Ереже  бойынша  Симон  терегін  жерден  шашыраңқы  табиғи 
пішінде  өсіреді.  Симон  терегі  аязға  төзімді.  Тез  өседі,  жер  таңдамайды, 
құрғақшылыққа 
төзімді. 
Қысқа 
уақытты 
тасқындарға 
шыдайды. 
Мамықтанбайды.  Тлей  зақымданбайды.  Симон  терегі  аллеяларды  отырғызу 
кезінде,  жеке  және  топтық  отырғызулар  кезінде,  сонымен  қатар  су 
қоймаларында  қолданылады.  Қаланы  көгалдандыруда  жиі  қолданылады. 
Дақылдарда  аталық  нұсқалары  танымал.  Ашық  қабығы  мен  салбырап  тұрған 
сабақтарына қарап алыстан қайыңға ұқсатуға болады. Жас кезінде өте тез өседі, 
өскен сайын биіктігі бойынша басқа теректерден қалып қояды.   
 
Амурлық трескун  – Ligustrina amurensis 
Ірі бұтақ немесе ұшарбасы көп жапырақталған биіктігі 10 м дейін жететін 
ағаш. Қабығы сұр немесе қаралау, қара күрең, ақ эллипстік жасымықтары бар.  
Жапырақтары  эллипстік,  сопақ,  ұзанша  ұшталған,  шеттерінен  шероховатые 
және  тегіс,  нығыздалған,  төменірек  жүректәріздес,  біртүсті.  Қосалқы 
гүлшоғыры ірі,  ұзындығы 25 см дейін, диаметрі 20 см. Гүлшоғырлары ақ, хош 
иісті.  Шатқалы  дұрыс  тістеуікті  емес,  тегіс,  тістері  жіңішке,  үшкірленген. 
Гүлдеуі маусым айында.  
 
Аралық форзиция – Forsythia intermedia 
Алғашқы  боп  гүлдейтін  бұталардың  бірі;  көктемнің  ерте  кезінде 
ағаштардың  көбі  әлі  де  бір  жапырағынсыз  немесе  енді  жасыл  бола  бастаған 
кезде,  форзиция  сары-алтын  түсті  қоңыраулар  секілді  гүлдерге  толады,  және 
20-25  күндей  гүлдеп  көзге  әсем  көрініс  береді.  Осы  уақытта  форзиция  өзінің 
әсем  гүлдерімен  артықшылық  болады;  гүлдеуден  кейін  пайда  болатын 
жапырақтар  кәдімгі  және  үш  жапырақтылары  ашық  жасыл  түсті,  ал  күзде 
жарқын түстерге боялады. Жапырағы жақсы өсіп дамыған өскіндері тірі қорған 
ретіне  пайдаланылуы  мүмкін.  Гүлдеп  жатқан  күйінде  қоңыр  жасыл  түсті 
қылқан  жапырақты  өсімдіктердің  жанында  өссе  сәнді  көрінеді.  Аралық 
форзиция екі түрден жасалғған гибрит болып саналады, яғни қоңыр жасыл түсті 
форзиция  және  төмен  қарап  өсетін  форзиция  (F.  viridissima  x  F.  suspensa). 
Бұталары шашыраңқы өсетін бұта ағаш ұзындығы 3 метрге жететін, бүршіктері 
тіке  немесе  иіліп  өседі.  Жапырағы  қарапайым,  ұзынша  келген  немесе  доға 
тәріздес,  ұзындығы  10  см  жетеді,  шеттері  ара  тістес,  кейде  үшке  бөлінген. 
Алтынды  сары түстес  гүлдері  бірнешеден  жиналып  өседі.  Жаксы  өседі,  қысқа 
және құрғақшылыққа төзімді.  
 
 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
69 
Кәдімгі мойыл - Черёмуха обыкновенная - Padus avium Mill. 
Биіктігі  15-18  м  жететін  ағаш  немесе  ірі  бұта,  қоңыр  қызыл  түсті  түксіз 
бүрілері  барлық  ағашта  ұсақ-ұсақ  болып  өседі,  сынған  жерінен  бадам  иісі 
шығады.  Бүршіктері  конусты,  шеттері  үшкірленген.  Шеткі  бүршіктері 
ұзындығы  7—13  мм,  жіңішке,  үстері  сарғыш  шашақты,  бүрілеріне  қысылып 
өскен.  Бұталарында  көп  қабыршақты  шеттері  көбіне  тістенген,  ал  үсті  үшкір. 
Жапырақтары  дөңгеленген,  үш  ізді.  Діңі  жұмсақ,  жеңіл,  берік  емес,  сарғыш 
ақшыл түстес, ал дің ортасы сарғылт қоңыр түстес. Тез өседі, суыққа шыдамды, 
ылғал  жақсы  көреді,  көлеңкеге  шыдамды.  Қала  жағдайларын  қанағаттанарлық 
төзімді.  Тұқыммен,  тамыр  атпаларымен  және  дің  атпаларымен  көбейеді. 
Фитонцид.  Бақ  саябақ  шаруашлығында  өте  бағалы  өсімдік.  Жапырағы  қалың 
желек  құрып,  ерте  гүлдеп,  бүршік  атып  жапырақ  шыққан  кейін  тәтті  иіс 
саябақтарда,  су  қасында,  ашық  жерді  көгалдандыруда  көбінен  қолданылады. 
Жемісі  қара,  жылтыр,  шар  тәріздес,  жеуге  жарамды,  дәмі  тәтті.  Жаз  кезінде 
піседі.  
 
Күміс түсті шефедрия - Шефердия серебристая - Shepherdia argentea  
Жапырағы  түсетін,  екі  үйлі,  биіктігі  6  м  дейін  жететін  ағаш  немесе 
қылқаны  бар  бұта,  жапырағы  үшкір  эллипс  тәрізді  күміс  түсті  жылтыр, 
қалыңдау  келген,  ұзындығы  6  см  дейін  жетеді.  Гүлдері  ұсақ,  сарғыш  келген. 
Гүлдеуі  жапырақ  шыққанша  өтеді.  Жемісінің  сүйегі  бар,  жеуге  жарамды, 
шырынды,  қышқылды  тәтті,  0,6  см  жетеді.  Жарықсүйгіш.  Топыраққа 
талғампаздығы  аз.  Тұқыммен  және  тамыр  атпаларымен  көбейеді.  Суыққа 
төзімді. 
 
Кәдімгі шаған (шар тәріздес) - Ясень обыкновенный (шаровидный)  
-
 
Fraxinus excelsior L.  
Көлемі  бұтаға  ұқсас,  желегі  қалың  бұташықтары  көп  болып  өскен,  шар 
тәріздес, жапырағы ұсақ. Жапрығы мен шыбықтары қою жасыл түсті. Тез өседі, 
топыраққа талғампаз емес, қуаңшылыққа төзімді, суық қыста үсіп кетеді, бірақ 
тез қалыпқа келеді. Кесуге жақсы шыдайды. 
Кәдімгі  шаған,  шар  тәріздес  тамырына  привика  жасау  арқылы  көбейеді, 
тамыр  мойнына  және  штамбқа  жасалады.  Отырғызылуы  әдеттегі  орынға 
прививкадан кейін 3-4 жылдан соң жасалады. Көгалдандыруда аз аздап алынған 
топпен 2-3-ден отырғызған жақсы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
70 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
         
      Сурет 47 - Амурлық трескун   
                – Ligustrina amurensis 
Сурет 46 - Симон терегі   
(қытай) - Populus simonii Can. 
Сурет 49 - Кәдімгі мойыл (жемісі) – 
Черёмуха обыкновенная - Padus avium Mill. 
 
Сурет 48 - Аралық форзиция 
– Forsythia intermedia 
 
 
 
 
 
Сурет 51 - Кәдімгі шаған (шар 
тәріздес) - Ясень обыкновенный 
(шаровидный) - Fraxinus excelsior L. 
 
Сурет 50 - Күміс түсті шефедрия –  
Шефердия серебристая - Shepherdia argentea 
 

 
 
                                                                                         
 
 
 
 
71 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет