Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ӘОЖ 630.28:630.6 Қолжазба құқығында
АБЖАНОВ ТАЛҒАТ САГИДОЛЛАҰЛЫ
Астана қаласы жағдайында сәндік ағаш және бұталы өсімдіктердің
интродукциясы
(Астана қаласы мысалында)
6D080700 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы
Философия докторы (PhD)
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Отандық ғылыми кеңесші:
Биология ғылымдарының докторы,
профессор Кентбаева Б.А.
Шет елдік ғылыми кеңесші: доктор,
профессор Сисак Людек (Чехия)
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2015
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІКСІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
3
4
5
КІРІСПЕ
6
1
ӘЛЕМДІК ӨСІМДІКТЕРІН ЖЕРСІНДІРУ ІСІНЕ ҚЫСҚАША
ШОЛУ.........................................................................................................
12
1.1 Қазақстандағы өсімдіктерді жерсіндіру жағдайы................................... 12
1.2 Өсімдіктерді жерсіндірудің негізгі әдістері............................................. 21
2
АСТАНА
ҚАЛАСЫНЫҢ
ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ
ЖАҒДАЙЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ...............................................
31
2.1 Экологиялық - ландшафтты ортаның топырақ түзгіштік факторы
және жағдайы...........................................................................................
31
2.2 Жер қабаты құрылысының, құрамының және негізгі жерлердің
қасиеттерінің сипаттамасы.....................................................................
35
3
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ
42
3.1 Бағалы тұрақты және сәнді интродуцент түрлерінің қалыптасуы......
42
3.2
«Астана-Көгалдандыру құрылысы» АҚ бірігіп ұсынылып отырған
интродуценттердің тесттік отырғызуын жүргізу.....................................
42
3.3 Ағаш түрлерінің жапырақ қатпарларындағы ауыр металдардың
экологиялық
-
биологиялық
ерекшеліктерінің
жинағының
анықталуы....................................................................................................
44
4
АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ИНТРОДУКЦИЯ ҮШІН
ӘР ТҮРІЛІ АҒАШТАРДЫҢ ЖЕРСІНУІ ...........................................
45
4.1 Астана қаласындағы интродукцент ағаш және бұталардың әр жерде
жерсінуі........................................................................................................
45
5
ҰСЫНЫЛҒАН
ИНТРОДУЦЕНТТЕРГЕ
СЫНАҚ
ОТЫРҒЫЛАРЫН ЖҮРГІЗУ.................................................................
71
5.1
5.2
6
Итродукценттерге
нысандарын
белгілеу
кезінде
олардың
орналастыру сызбасын құрастыру............................................................
Зерттеу нысандарында өсіп жатқан ағаш және бұта өсімдіктерімен
танысу..........................................................................................................
АҒАШ ЖАПЫРАҚТАРЫНЫҢ БИОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ҚАРАП САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАСЫ
71
82
89
6.1
7
Биоморфологиялық
көрсеткіштеріне
қарап
ағаштардың
жапырақтарына анализ жасау....................................................................
АҒАШ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАПЫРАҚТАРЫНДА ЖИНАЛҒАН
АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БИОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ....................................................................................
89
100
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................... 109
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІІ...................................
ҚОСЫМШАЛАР (А,Ә)............................................................................
114
127
3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік-құқықтық құжаттарға
сілтемелер қолданылған:
Қазақстан Республикасы жер кодексі 20.06.2003 №442-11 (17.01.2014 ж,.
өзгертулерімен және және қосымшаларымен)
МЕМСТ 17.4.1.02-83. құжаттарды өңдеудің бірыңғай жүйесі. Мәтінді
құжаттарға талап.
СанПиН 2.3.2.1078-01 Санитарлық - эпидемиологиялық ережелер мен
нормалар.
ҚР СТ 1087-2002. Бағдарламалық құжаттама бірыңғай жүйесі.
Пайдаланушы нұсқауымен талаптар.
4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Интродукция – бұл ағаш және бұталы өсімдіктерді бұрын өспеген жаңа
аумақтарға көшіріп отырғызу, сол арқылы аймақтың өсімдік флорасының
аясын кеңейтіп, жаңа өсімдік түрлерінің ассортиментімен толықтыру.
Орман қоры – шаруашылық жүргізу, жекеменшік иелену және пайдалану
нысаны болып табылатын белгілі бір аумақтың көлеміндегі бүкіл орман.
Орман ресурстары – қоғамның материялдық, мәдени және басқада
қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзгеде қызмет процесінде
пайдаланылатын немесе пайдалануы мүмкін ормандар.
Орман ресурстарын тиімді пайдалану – орманның экономикалық,
экологиялық тұрғыда табиғи қор ретінде пайдаланумен байланысты әрекет.
Мемлекеттік орман пайдаланушылар – мемлекеттік республикалық
және комуникалдық заңды тұлғалар.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі – мәліметтер базасын басқару үшін
бағдарламалар қатары.
5
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚазОШҒЗИ – Қазақ орман шаруашылғының ғылыми зерттеу институты
ҚазҰАУ – Қазақ ұлттық аграрлық университеті
МЕМСТ – Мемлекеттік стандарт
АҚШ – Америка құрама штаттары
КазҒА – Қазақстан Ғылыми академиясы
РФ – Ресей федерациясы
ҚХР – Қытай халық республикасы
ҚР БҒМ – Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ГАЖ – Географиялық ақпараттық жүйе
МБ – Мәліметтер базасы
IUFRO - Орманның әлемдік байланыс жүйесі
АЭС – Атом электр станциясы
БАД – Басыңқы биологиялық қоспалар
ПДК – Шекті рұқсат етілген концентрациялар
ЖЭС – Жылу электр станциясы
АМ – Ауыр метал
ЕО - Еуропа одағы
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы
СҚО – Солтүстік Қазақстан облысы
ШҚО – Шығыс Қазақстан облысы
БҚО - Батыс Қазақстан облысы
га – Гектар
тг/ц – Тенге/центнер
% – Пайыз
0
С – Ауа температурасы
км
2
– Шаршы километр
мкг/г – микрограм/грам
min – минимум
max – максимум
Cv - Вариация коэффициенты
P - Дәлдік тәжірибесі
M±m - Орташа арифметикалық көрсеткіш жәнеқателік
мм – милиметр
һ - биіктік
м - метр
дм - диометр
см - сантиметр
6
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Интродукция дегеніміз – Бұл ағаш және бұталы
өсімдіктерді бұрын өспеген жаңа аумақтарға көшіріп отырғызу, сол арқылы
аймақтың өсімдік флорасының аясын кеңейтіп, жаңа өсімдік түрлерінің
ассортиментімен толықтыру. Көшіріп отырғызылатын өсімдіктердің өз өсу
ортасынан тыс, жаңа аймақтарға бейімделуін отандық және шет елдік көптеген
ғылымдар зерттеген. Көп жағдайда олардың өсу жағдайы ұқсас аудандарға
көшіріп отырғызу және бейімдеуге болатыны көрсетілген. Ал кейбір
ғалымдардың зерттеу жұмыстарында кейбір өсімдіктердің жаңа топырақ
климаттық жағдайға нашар бейімделетіні анықталған.
Интродукциялау мәселесінде басты көрсеткіш болып іріктелетін
өсімдіктердің жаңа орта жағдайына бейімделуге деген тұрақтылығы және тез
өсу көрсеткіштері саналады. Сонымен қатар келесі ұрпағының сол жердің
табиғат жағдайына тұрақталатындай түрлерін таңдау. Екпе ормандар өсіру
және қаланы көгалдандыру жұмыстарында сыртқы орта жағдайына тұрақты
және жоғарғы өнімділікті өсімдік түрлерін іріктеу және оларды еңгізу маңызды
мәселе болып табылады. Сол арқылы қала өсімдіктерінің сыртқы орта
жағдайына тұрақты өсімдіктердің тигізетін әсерін зерттеу және оларды кеңінен
қолдануға жағдай жасау қажет.
Интродуценттердің физологиялық даму көрсеткіштерін зерттеу арқылы,
олардың топырақ климаттық жағдайына бейімделу дәрежесін анықтауға
болады. Сонымен қатар физологиялық даму жағдайының өзгеруіне қарай және
олардың даму жағдайын ескере отырып барынша тұрақты, интродукциялау
өндірісінде болашағы жоғары өсімдік түрлерін іріктеуге мүмкіндік береді.
Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының жоғары қарқыны
Астана қонақтары мен Астаналықтардың демалуы үшін экологиялық таза,
жасыл алқаптар құру бойынша жұмыстарды орындауды талап етеді. Сонымен
қатар жоғары эстетикалық және санитарлық – гигеналық сапаларға ие, төзімді,
сүрекдіңдерін өсіру және қалыптастыру қажет.
Сәулетшілер мен экологтардың ортақ ойы – елордамыз жасыл желекке
орануы тиіс. Бұл бағытта бірінші қадамдар жасалынып үлгірді. Соңғы бес
жылдың ішінде қалада алты бақ, жиырма шақты саябақ пен елорданың
әкімшілік орталығында сулы жасыл бульварлар пайда болды. Сәулет
біртумасын құруды қала тұрғызушылармен қатар, «жасыл» сәулеткерлері де
қолға алды. Астананы гүлдендіру жұмысына қазіргі заманның дизайнерлері де
кірісіп, елорда бақтары мен саябақтарын барынша көркейту жүзеге
асырылады. Ақбұлақ өзенінің бойынан француз стиліндегі «Арай» саябақ
құрылысы жүргізіледі. Мұнда ағаштарды симметриялы түрде орналастыру
жобаланған. Астананың шағын жасыл аймақтарында интродуцент ағаштарын
енгізу көзделіп отыр: емен жапырақ тектес магония, куриль шайы, матсудан
талы, маньчжур жаңғағы, сүйір жапырақты үйеңкі және т.б. көптеген ағаш
түрлері енгізіліп жатыр. Жергілікті өсімдіктерге қарағанда, мұндай экзотикалық
түрлердің ерекше күтімді қажет ететіні анық. Жоспар бойынша жылына он
7
саябақ құрылысын бітіру жолға қойылды. Ал әрбір жаңа нысанның толығымен
бітуі үшін, қазынадан 30-45 миллион теңге бөлінуі тиіс.
Елорданың бас жоспарында толық көрсетілген қаланы көгалдандыру
тұжырымдамасы жеке «эко-орманы», «эко-дәлізі», «эко-кеңістігі» бар «эко-
қаланы» құруды ұсынып отыр. Жасанды шалғындар, сондай-ақ, жасанды
көлдер мен айдындар түрлі ағаштармен айнала қоршалатын болады. Бүгінде
қалаға шаған, қайың, қарақат, алма ағаштары, үйеңкі, қарағай, емен, тал ерекше
көрік беріп тұр. Елордамыздың жасыл «желегі» қалаға тек қана сән беріп қана
қоймай, сонымен қатар, табиғи апаттардан да сақтап қалады. Жасыл желектер
арнайы жолдармен отырғызылып, қатты желге қарсы қорғаныш қалқан
құруда. Мұндай әдіс арқылы желдің жылдамдығын 50-80 пайызға дейін
азайтуға болады. Одан өзге, қалың жасыл аймақтар жазғы шаң-тозаң мен қысқы
дауылдарды да азайтып, жалпы экологиялық жағдайды реттейді. Ғылыми
деректерге сүйенер болсақ, жапырақты ағаштар шаң-тозаңның отыз пайызын,
ал қылқан жапырақтылар – 42 пайызға дейін ұстап қалуға қабілетті. Ал бір
гектар орман 400 келі күкірт қышқыл газын сіңіре алады.
Астана қаласының ауа – райы шұғыл континентальді және табиғатының
тұрақсыздығымен ерекшеленеді, қысы суық, қар жамылғысы ұзақ уақыт
жатады, жазы болса қысқа және атмосфералық жауын – шашын мөлшері өте аз.
Солтүстік және батыстан соққан желдердің әсерінен арктикалық салқын ауа –
райының ілебі білінеді. Соның әсерінен көктемдегі кеш және күздегі ерте
үсіктер тез суып кету және қар жауу, қысты күні жылып кетуі сияқты тұрақсыз
ауа – райы байқалады. Бұл жадайлар өсімдіктердің дамуына көбінесе кері
әсерін тигізеді. Қала аумағында антропогендік әсер ету нәтежесінде, судың
булануы өзгеріп жер бетінің қызуына әкеліп соғады. Бұл жайыттар топырақтың
сортаңдануына және тұздануына әсер етеді. Бұл жайыттер қала жағдайында
жаңа өсімдік түрлерін бейімделуіне кері әсерін тейгізеді. Әсіресе қылқанды
ағаш түрлерін жерсіндіру қиынға соғады. Сондықтан көбінесе топырақтың
сортаңдануына төзімді жапырақты ағаш түрлерін іріктеуге мәжбүр болады.
Астана қаласының топырақ, климаттық жағдайына жаңа өсімдіктерді
бейімдеудің қарастыратын тағы да бір мәселесі сәндік пішіндегі өсімдік
түрлерін таңдау.
Қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру кезінде, оның айналасында
қорғаныштық алқа ағаштар құру үшін сонымен қатар демалыс аймақтарын
қалыптастыру үшін ағаш және бұталы өсімдіктердің кең ассортименттін
қолдануға болады. Ол үшін басқа аймақтардың әр түрлі өсімдік түрлерін
интродуценттеу арқылы жүзеге асыруға болады. Солтүстік Қазақстан
аймақтарында интродуценттерді еңгізу жолдары XVIII-XIX ғғ. жүзеге асырыла
бастады. Қазіргі уақытта «ҚазОШҒЗИ» ЖШС – мен жүргізілген зерттеу
жұмыстар нәтежесінде Солтүстік Америка, Қиыр Шығыс, Сібір, Еуропа, Кіші
және Орта Азия және т.б. елдердің өсімдіктерін интодуценттеуге болатыны
анықталған. Олардың ішінде аллеяларға топтасып өсіруге және т.б. мақсатта
қолдануға болатын экзотикалық өсімдік түрлерін көрсетуге болады. Бұлар
мәңгі жасыл майқарағай ағаштарының жекелеген түрлері. Сонымен қатар
шырша ағашының жекеленген түрлерінде, бейімдеуге болатынын көрсетті.
8
Орталық Американың флорасын зерттеген ғалым А. Гумбольд (1799-
1804жж) өсімдіктердің жойылу жағдайы және ауа – райы жағдайының
арасында байланыс болатына мән берген. Ол алғаш өсімдіктерді бейімдеу үшін
орташа температураны ғана емес вегетациялық кезеңдегі 0
0
С жоғары
температураның жиынтық көрсеткішіне мән беруді анықтаған. Бейімдеудің
жақсы нәтежесін алу үшін 0
0
С жоғары температураның жиынтығы, өсімдіктің
табиғи өскен жеріндегі температурадан төмен болмау керек. Сонымен қатар
басқа да табиғи факторларды ескеру қажет. Оларға – орташа температура,
ауаның ылғалдығы және ауа қысымы өсімдіктердің бейімделуіне басты әсер
ететін факторлар. Осы факторларды ескере отырып, зерттеу жұмысымызда
Астана қаласының топырақ климаттық жағдайына төзімді, қоршаған орта
әсеріне тұрақты, әрі сәндік пішіндегі ағаш, бұталы өсімдік түрлерін сынау,
іріктеу және көгалдандыруда еңгізуге ұсыныстар беру қарастырылды.
Докторлық диссертацияның мақсаты мен негізгі міндеттері
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Астана қаласының топырақ
климаттық жағдайына төзімді, сәндік пішіндегі тез өсетін қоршаған орта
әсеріне тұрақты, жоғары өнім бере алатын құнды ағаш және бұталы өсімдік
түрлерін таңдау, сақтау және бейімдеу арқылы толықтыру. Жаңадан бейімделіп
жатқан ағаш бұталы өсімдік түрлеріне зерттеу жасау, көгалдандыру және екпе
жұмыстарына қолдану мақсатында барынша тұрақты түрлерін анықтау, жаңа
түрлерін еңгізу, жергілікті түрлерден сәндік пішіндегі түрлерін іріктеу және
көгалдандыруға ұсыну.
Зерттеу жұмысының қарастыратын негізгі міндеттері:
-
Астана қаласын көгалдандыруға барынша құнды, сәндік және төзімді
ағаш және бұталы өсімдік түрлерінің тізімін қалыптастыру;
-
Астана қаласында көгалдандыруға ұсынылатын интродуценттерді сынау
жұмыстарын жүргізу;
-
Астана қаласындағы интродуценттелген өсімдіктердің физологиялық
дамуы және биоморфологиялық көрсеткіштері бойынша салыстыру, бағамын
жүргізу;
-
Астана қаласы жағдайында жақсы интродуценттелетін сәндік-бұталы
өсімдік түрлерін іріктеу;
-
Астана қаласының топырақ климаттық жағдайына төзімді жергілікті
ағаш, бұталы өсімдік түрлерін таңдау және оларды бейімдеу бойынша
ұсынылатын технологиялар.
Зерттеу нәтежесінің ғылыми жаңалығы
Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында отандық ғалымдардың, шетел
ғалымдарының зылыми зерттеу жұмыстары талданып, сараланып жаңа
интродуценттерді еңгізумен қатар, олардың тұрақтылығын артыруға, күтім
жұмыстарын жүргізуге бағытталған шаралар атқарылды.
Өсімдіктердің интродукциясы әр түрлі мақсаттағы жасанды түрде
құрылатын фитоценоздардың өнімділігін артыру үшін, үлкен қор болып
саналады.
Сондықтан қаланы көгалдандырумен қатар сирек кездесетін, жоғалып
бара жатқан түрлерді де, сақтауға шаралар жасау қажет.
9
Оларды табиғатқа қайтару үшін дендро саябақ, нысан алаңдары,
батаникалық бақтар құрылып олар көбейтілуі қажет. Сондықтан зерттеу
барысында аталған мәселелер қарастырылатын болады.
Диссертациялық жұмыста келтірілген зерттеу жаңалығының нәтижелері
теориялық және практикалық мәні бар деп есептеймін.
Соңғы жылдары табиғатты қорғау мәселесі, соның ішінде өсімдік
ресурстарын қорғау өзекті мәселеге айналды. Заман ағымына сәйкес
техникалық дамудың әсері терең сезіле бастады. Әсіресе қала жағдайында улы
газдар, шаң, тозаңдар және т.б. қалдықтар, қала тұрғындарына, сонымен қатар
жасыл өсімдіктеріге де зиянды әсерін тигізуде. Қарқынды дамып келе жатқан
Астана қаласының жасыл экспозициясы ағаш-бұталы өсімдіктердің шектеулі
түрлерімен ғана берілген. Қала көшелерін қоршаған ортаның ластануына,
шаң-тозаңға төзімді, әрі тұрақты жаңа өсімдік түрлерімен байыту заман
талабына сәйкес қажеттілік туғызады.
Осы мәселені шешу мақсатында жаңа өсімдік түрлерін бейімдеу
жұмыстарын жүргізу қолға алынып жатыр. Бірақ қажетті ағаш және бұталы
өсімдіктермен қала көшелерін көркейту, топырақ климаттық жағдайларының
қолайсыздығына байланысты көп қиындықтар туғызады. Сондықтан Астана
қаласының топырақ климаттық жағдайына бейімделетін жаңа өсімдік түрлерін
таңдау, сонымен қатар бейімделіп жатқан интродуцент ағаш және бұталы
өсімдіктердің физологиялық даму жағдайына бақылау жұмыстарын жүргізу
жүзеге асырылатын болды. Соның нәтежесінде топырақ климаттық жағдайына
төзімді сәндік пішіндегі аязға және ыстыққа төзімді интродуцент өсімдіктер
көгалдандыру жұмыстарында іс жүзінде еңгізілді. Зерттеу жұмыстарын жүргізу
барысында отандық ғалымдардың, шетел ғалымдарының зылыми зерттеу
жұмыстары талданып, сараланып жаңа интродуценттерді еңгізумен қатар,
олардың тұрақтылығын артыруға, күтім жұмыстарын жүргізуге бағытталған
шаралар атқарылды.
Өсімдіктердің интродукциясы әр түрлі мақсаттағы жасанды түрде
құрылатын фитоценоздардың өнімділігін артыру үшін, үлкен қор болып
саналады. Сондықтан қаланы көгалдандырумен қатар сирек кездесетін,
жоғалып бара жатқан түрлерді де, сақтауға шаралар жасау қажет. Оларды
табиғатқа қайтару үшін дендро саябақ, нысан алаңдары, батаникалық бақтар
құрылып олар көбейтілуі қажет. Сондықтан зерттеу барысында аталған
мәселелер қарастырылатын болады.
Зерттеу материалдары мен тәсілдері. Өсімдіктер бірдей үш түрлі топқа
бөлінген. Барлық үш түрлі өсімдіктер үш тәжірибелі учаскісіне отырғызылған.
Зерттеулер жүргізген кезде жалғыз ерекшелік принципі толық сақталған,
айырмашылықтары тек тәжірибелі учаскілерінде ғана белгіленген. Өсімдіктің
дамуы мен өсуі бойынша мүмкін ерекшеліктері тәжірибелі учаскілерінің
микроклиматына тәуелді болады.
Зерттеу бағдарламасына келесі сұрақтар енді:
1 Бағалы тұрақты және сәнді интродуценттердің түр түрінің қалыптасуы.
2 Ұсынылған интродуценттердің тесттік қондырғыларын жүргізу.
10
3 Жапырақ қатпарлардың биоморфологиялық параметрлері бойынша
интродуценттердің салыстырмалы бағасы.
4 Ағаш түрлерінің жапырақ қатпарларындағы ауыр металдардың
экологиялық - биологиялық ерекшеліктерінің жинағының анықталуы.
Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерінің нақты анализы және Астана
қаласының орман тұқымбағындағы ағаш қондырғы материалының түр түрі
негізінде, сонымен қатар әдеби көздер мен жеке бақылауымыздан Астана
қаласы жағдайында интродукцияға белгіленген 50 бұталар мен ағаштарының
түрлері құралды.
Жарықты режим: тозаңдану және түтіндеу салдарынан күн
радиациясының төмендеуі, жарық сапасының өзгеруі және ультракүлгін
сәулелер мен фотосинтетикалық белсенді радиация құрамдарының аздығы,
өсімдіктердің фотокезеңдік процестеріне әсер ететін.
Температуралық
режим:
температуралардың
тәуліктік
жолы
айқындалмаған; аяздардың әлсіреуі; оң ауа температурасы кезеңінің ұзаруы;
қыста қардан тазалау кезіндегі топырақтың сууы; үйлердің бетонды
қабырғалары мен асфальттың күндізгі қызуы және түнде олардан шығатын
күшейтілген жылу сәулелерінің болуы.
Гидрологиялық режим: асфальтты жабындардың әсерінен судың аз келуі,
канализациялық жүйеге түсетіндіктен ылғалдың көп бөлігі жойылады;
қаладағы өсімдіктердің сулы режимі ауаның жоғары құрғақтылығымен,
тозанданған жапырақтардың қызуымен күрделенеді; қала жағдайларында
оқшауланып өскен ағаштар (әсіресе жолүсті көшеттері) жапырақты беткі
қабатының қызуынан және транспирация жолымен судың жоғалуынан зардап
шегеді;
Топырақты факторлар: қаланың көп территориясының асфальтпен және
бетонмен жабылуы; тамырлы жүйелердің дамуына теріс әсер ететін
топырақтың (сулы, газды және жылу режимінің өзгеруі) желдетуінің
нашарлауы; жапырақтарды жинап жағу кезінде (подстилки) өсімдік табиғи
құнарлы заттардан айырылады, сонымен қатар топырақтың үсіп кету теңедігін
жоғарылатады; қаланың техногенді ортасының ауыр металдармен, тұздармен,
газдармен, тозаңмен және т.б. ластануы түрінде әсер ету.
Ауыр металдарды анықтауда экологиялық-биологиялық зерттеулер үшін
жапырақтарды іріктеу әр учаскіде әр түрдің өсіп өнуі соңында орташа сынау
әдісімен жүргізілген. Әр ағаштан 10-наң кем емес жапырақтан алынған.
Жапырақтардағы ауыр металдардың құрамы бақыланған температуралық
режимде муфель пешіндегі өсімдік сынамаларын жағу жолымен органикалық
заттардың толық ыдырауына негізделген құрғақ мелиорация әдісімен
анықталған. Химиялық заттардың мүмкін шекті концентрациялары А
қосымшасының кестелерінде келтірілген.
Зерттеуге арналатын жапырақтар ұшарбастың ортасындағы бөлігінің шеткі
аймағы бойынша жақсы жарықтанған өркендердің орталық бөліктерінен 30
данадан алынған. Бұл мөлшердің жеткіліктілігі N=20-30 саны болғандағы
Стьюдент нақтылық критерий t˃3және тәжірибе нақтылығы 5%шегінде
11
болғандағы алдын ала есептеулермен бекітіледі. Жапырақ қатпарларының ені
мен ұзындығын нақтылығы 1 мм дейінгі сызғышпен анықталды.
Астана қаласының жасыл көшеттері үлкен рөл атқарады, бірақ олардың өзі
техногенді қала жағдайларында түрлі және спецификалық, қала көшеттерінің
өсуіне, қала өсімдіктеріне көп әсер ететін ортаның негізгі факторларының
(топырақты гидрологиялық жарықты және температуралық режимдер) әсеріне
ұшырағыш болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |