Абжанова сокращенная indd


Дәрумендер жетіспеушілігінің даму себептері



Pdf көрінісі
бет45/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   151
Дәрумендер жетіспеушілігінің даму себептері
гипо- және авитаминоздардың дамуының негізгі себептеріне 
тағаммен дәрумендерді кем қабылдау жатады. бұл, әрине, ең алды-
мен қазіргі заман адамының тамақ рационында тазартылған тағам 
үлесінің тұрақты өсуінен болып отыр. мысалы, басты қабылданатын 
тағам түрі күріш болып табылатын Оңтүстік-Шығыс азия елдерінде 
бери-бери (В1 авитаминозы) эпидемиясы оның қабығын жылтыра-
тын сүргілеу технологиясы тәжірибеге енгеннен кейін басталды. бұл 
жайттың мәні – дәрумендердің, микроэлементтердің және тағамдық 
талшықтардың шоғырланған жері дән қабығы екендігінде, ал сүргілеу 
барысында күріштің қабығы алынып тасталады.
Осыған ұқсайтын жағдайлар ұнды майдалап тартқан кезде де 
қайталанады. Яғни жоғары және бірінші сұрыпты ұндарды өндіру 


95
кезінде бүтін бидай дәніндегідәрумендердің, микроэлементтердің 
және тағамдық талшықтардың 75-тен және 90% дейінгі мөлшері 
жоғалады. майда тартылған ұннан жасалатын тағамдар Қазақстан 
халқының негізгі тағамы – осы тағамдар есебінен рационның тәуліктік 
калориялылығының 50%-тен астам бөлігі жабылады. Дәрумендерден, 
микроэлементтерден және тағамдық талшықтардан құралақан тәттілер 
есебінен Қазақстанда рационның тәуліктік калориялылығының 15% 
қамтамасыз етіледі.
гиповитаминоздардың Қазақстанда кеңінен таралуы таңданарлық 
жағдай емес.
гиповитаминоздардың дамуына соқтыратын тағы біршама себеп-
тер бар. мұндай факторларға халықтың үйлесімсіз тамақтануы, раци-
онда консервіленген тамақтардың үлесінің тұрақты түрде артуы, 
қысқы-көктемгі кезеңдерде көкөністер мен жемістердің жетімсіздігі, 
зиянды әдеттерден арыла алмау және «модаға жүгіну» диеталары 
және т.т. жатады.
консервіленген тамақтар ыстық өңдеуден өту және ұзақ уақыт 
сақтау нәтижесінде дәрумендерге кедейлеу келеді, алкоголь мен 
никотин организмнің кейбір дәрумендерге қажеттілігін арттырады. 
Ұдайы өсіп отырған ақпараттық және экологиялық жүктемелер қазіргі 
замандасымыздың дәрумендерге деген мұқтаждығын арттырады және 
гиповитаминоздардың дамуына жол береді. көптеген дәрумендер 
(мысалы, с және В1 дәрумендері) тұрақсыз, сондықтан жарық көзінде, 
жылудан және ұзақ уақыт сақтау барысында ыдырап кетеді. Осыған 
байланысты сақтау шарттары мен мерзімдерін бұзу, ұзақ уақыт 
термикалық өңдеуден өткізу де гиповитаминоздардың дамуына себеп-
кер болады.
гиповитаминоздардың дамуына кез келген аурулар да себепші бола 
алады, өйткені ауру адамдардың дәрумендерге мұқтаждығы артады.
гиповитаминоз түрлі науқастық жағдайда тереңдей түседі және 
негізгі аурудың жағдайына әсер етіп, ауырлатады, сөйтіп, емдеудің 
тиімділігін кемітеді. Осыған байланысты қандай да бір ауруды емде-
генде дәрумендік препараттар қосыла жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет