Абжанова сокращенная indd


Байытылған тағамдық өнімдердегі дәрумендерді кәдеге



Pdf көрінісі
бет44/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   151
Байытылған тағамдық өнімдердегі дәрумендерді кәдеге 
жаратудың тиімділігі
әдеби шолуларға тоқталсақ, байытылған бөлшектенген ет өнім-
деріндегі В тобының дәрумендерін пайдаға асыру және тәжірибелік 
жануарларға жүргізілген тәжірибеде осы дәрумендердің көзі ретіндегі 
бөлшектенген ет өнімдерінің тиімділігі зерттелген.
зерттеу денесінің бастапқы салмағы 60-62 г Вистар желісінің 70 
өсуші аталық егеуқұйрыққа (енесінен айырған төлдерге) жүргізілді. 
жануарлар төрт топқа бөлінді.
бірінші топтағы егеуқұйрықтар құрамында болатын негізгі 
тағамдық заттар, минералды тұздар мен дәрумендер толығымен жар-
тылай синтеттикалық тамақ үлесінде болған.
жануарлардың екінші тобы тура сондай тамақ үлесін алған, бірақ 
оның құрамында тиамин, рибофлавин мен ниацин жетіспеген және 
тамақ үлесін дайындау үшін қолданылатын дәрумендік қоспадан осы 
дәрумендер алынып тасталған. 
Үшінші топтағы жануарларға көрсетілген дәрумендерге тапшы 
тамақ үлесіне қосымша «мәскеулік» котлеттер беріліп отырған, ал 
төртінші топтағы жануарларға осы тамақ үлесіне қосымша тиамин, 
рибофлавин, никотинамид және аскорбин қышқылымен байытылған 
котлеттер берілді. төртінші топ жануарларының тамақ үлесіне 
қосылған дәрумендендірілген котлеттер мөлшері бірінші топтағы 


93
жануарлардың толыққанды тамақ үлесіне жақын дәрумендердің түсуін 
қамтамасыз ететіндей есептелген.
тамақ үлестеріндегі дәрумендерді пайдаға асыру тиімділігі жөнінде 
жануарлардың салмағының артуы мен тиісті дәруменге тәуелді 
ферменттердің белсенділігі бойынша баға берілген.
Дәрумен жетіспеушілігі
Дәрумен жетіспеушілігінің екі дәрежесі бар: гиповитаминоз және 
авитаминоз. гиповитаминозға қандай да бір дәруменнің жетіспеу-
шілігінің орташа дәрежесі жатқызылады. гиповитаминоздар, әдетте 
клиникалық белгілері аса байқалмайтындығымен және биохимиялық 
көрсеткіштердің де айқын ауытқулары жоқтығымен сипатталады. 
көптеген гиповитаминоздардың клиникалық белгілері нақтылы 
емес, тәбеттің нашарлауы, тез шаршағыштық, ашушаңдық, еңбекке 
қабілеттіліктің түсуі, сонымен қатар қызыл иектің жиі қанауы (с 
гиповитаминоз) көрсеткіштері, терінің іріңді жаралары, терінің 
қабыршақтанып кеберсуі, шаштың үзілгіштігі және ұшының айырла-
нуы (В тобының гиповитаминозы) сияқты жалпылама жағдайлармен 
білінеді.
бір немесе бірнеше дәрумен жетіспеушілігінде адамдарда полиги-
повитаминоз дамуы ықтимал. алайда бұл жағдайларда бір дәруменнің 
жетіспеушілігі жетекші орынды иемденсе, ал қалғандарының жетіс-
пеушілігі соған қосарланған ілеспелер сипатында жүреді.
гиповитаминоздың арнайы клиникалық белгілерінің жоқтығынан
адамдар, әдетте оған көңіл бөлмейді, дәрігерге қаралмайды және 
емдік шаралар жасамайды. бұл созылмалы дәрумен жетіспеушілігіне 
соқтырады, денсаулыққа айтарлықтай нұқсан келеді. түрлі гиповита-
миноздарды анықтау үшін белгілі бірнеше биохимиялық көрсеткіш 
қолданылады.
гиповитаминоздар даму мерзімі әртүрлі және ол нақтылы 
дәрумендердің айналымға түсу жылдамдығына байланысты. мысалы, 
В1 гиповитаминозы 2-3 тәулік ішінде дамитын болса, В12 гиповита-
минозы тамақпен бірге түспеуіне немесе жеткіліксіз мөлшерде түсуіне 
байланысты 1-3 жыл аралығында пайда болуы ықтимал.
Қандай да бір дәрумен жетіспеушілігінің ауыр дәрежесі авитами-
ноз деп аталады. авитаминоздар, гиповитаминозға қарағанда, арнайы 
өзіндік клиникалық белгілерімен сипатталады. авитаминоздың 
классикалық мысалына цинга (с авитаминозы), рахит (Д авитами-


94
 
 

нозы), бери-бери (авитаминоз В1), пеллагра (РР авитаминозы – нико-
тин қышқылы жетіспеушілігінің ауыр түрі), пернициоздық қан азаю 
(В12 авитаминозы) емдеу әдістері белгісіз кезде, авитаминоздан 
науқастанып қайтыс болу кеңінен таралған еді. Осылайша, цинга мен 
бери-бери эпидемиясы жүз мыңдаған адам өмірін қиған ауруларға 
жатады.
Дәрумендерді ашу және оларды профилактикалық және емдік 
мақсаттарда қолданудан қазіргі кезде біздің елімізде авитаминоздар өте 
сирек кездесетін құбылысқа айналды. солай бола тұра, Қазақстанда 
гиповитаминоздар әлі де, оның ішінде оқушылар арасында кеңінен 
таралған. ең жиі кездесетіндері – а, с дәрумендерінің, (аскорбин 
қышқылының), фолий қышқылының және өзге В дәрумендер тобының 
жетіспеушіліктері.
а, с дәрумендерінің және фолий қышқылының жетіспеушілік-
терінің кеңінен таралуы мезгілдік сипатқа ие. бұл дәрумендердің 
жетіспеушілігі қысқы-көктемгі мезгілде жиі кездеседі. Өйткені 
бұл дәрумендердің негізгі тасымалдаушылары және қор көздеріне 
көкөністер мен жемістер жатады, ал көкөністер мен жемістер қысқы-
көктемгі кезеңдерде кемірек пайдаланылады, бұл олардың басқа 
дәрумендерден өзгешеліктері болып табылады. басқа дәрумендердің 
негізгі жабдықтаушыларына өзге тағам түрлері жатады. мысалы, В1 
дәрумені дақылдық дәндермен бірге қабылданады, ал В12 дәруменінің 
жалғыз қорлық көзіне жануар тектес тағам түрлері (ет және сүт 
тағамдары) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет