Абжанова сокращенная indd


профилактикалық немесе ағымдағы



Pdf көрінісі
бет113/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   151
профилактикалық немесе ағымдағы
, ол санитарлық талаптарға 
сай, эпидемиологиялық жағдайға қарамастан үнемі жүргізіледі;
• 
шұғыл
– қоғамдық тамақтану кәсіпоынында инфекциялық 
жұқтыру ошағы пайда болу мүмкіндігіне күдік туындағанда, 
сонымен қатар осы кәсіпорынның қызметкерлерінің арасында 
инфекциялық аурулар болғанда жүргізіледі. 
Дезинфекциялау әдісінің екі: физикалық және химиялық тобы бар.
Физикалық әдістерге
жоғары температураларды, ультракүлгін, 
рентген сәулеленуі мен ультрадыбысты пайдалану жатады. жоғары 
температураларды пайдалану дегеніміз – қайнату, жидіту, қатты 
қыздыру, ыстық бумен өңдеу мен т.с.с. бұл әдістер жұқпалы 
микроағзалардың көбі мезофилдер болып келуіне негізделген 
және температуралардың күрт өзгеруін көтере алмайды. спора-
сыз мезофильдердің көбі 80-100°с-қа дейін қыздырғанда – бірнеше 
минуттың ішінде, ал 100°с жоғары температурада – одан да тез өледі. 
30 минут қайнату ұсақ және матадан жасалған құрал-саймандарды 
стерильдеу үшін қолданылады.
Қатты қыздыру
– құрғақ ыспен өңдеу – 1-2 сағаттай 180°с тем-
пературада құрғақ ысыту шкафтарында жүргізіледі. мұндай әсер ету 
споргендік емес мезофильдер үшін ғана емес, бірқатар споргендік тер-
мофильдер үшін де жойқын болып табылады. ыстыққа төзімді металл 
заттарды қатты қыздыруға болады. ыстық бумен өңдеуді артық 
қысымда автоклавтарда жүргізеді, бұл 100°с, әдетте, 115-120°с темпе-
ратурада ылғалды бу алуға мүмкіндік береді. автоклавтарда маталы 
заттарды өңдеуге болады. Дезинфекциялаудың жылу әдістерінің 
артықшылықтары – тағам өнімдеріне дезинфекциялаушы химиялық 
заттардың түсу мүмкіндігін болдырмайды. негізгі кемшілігі – дезин-
фекцияланатын заттардыңжылулық бұзылуы.


250
 
 

ультракүлгін мен рентгендік сәулеленудің бактерицидтік әсері 
ақуыздар мен нуклеин қышқылдарында қайталамайтын өзгерістерді 
тудыруында. Қысқа толқынды сәулелену – спектрдің көгілдір және 
күлгін бөлігі, сондай-ақ жойқын болып табылады. толқынының 
ұзындығы 200-450 нм қысқа толқынды сәулелену алу үшін жоғары 
және төмен қысымды сынапты-кварцты шамдар пайдаланылады. 
мұндай шамдардың қолданылуы сәулеленуі ауадағы және әртүрлі 
беткейлердегі микроағзаларға әсерін тигізеді. бактерицидтік 
шамдардың екі: ашық және жабық типі болады. ашық шам-
дар дезинфекцияланатын үй-жайда адамдар болмаған кезде ғана 
қосылады. сәулеленудің жиынтық уақыты 6-8 сағат болуға тиіс. 
жабық сәулелендіргіштерді адамдар бар кезде де қолдануға болады. 
Физикалық әдістерге ультрадыбыспен стерильдеу де жатады.
Дезинфекциялаудың химиялық әдістері – әртүрлі беткейлердегі 
микроағзалардың жойылуын тудыратын әртүрлі заттарды пайдалану. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қолданылатын дезинфек-
циялаушы құралдар үш топқа бөлінеді: хлоры бар, төрттік аммонийлі 
қосылыстар мен ббз, оттегісі бар құралдар. Дезинфекциялаушы заттың 
негізгі қасиеттерінің бірі оның микроағзаларды жылдам (бірнеше 
минут) жою қабілеттілігі болып табылады, дезинфекциялаушы заттар 
вегетативтік жасушаларды ғана емес, споралардыда жойып, тұрақты 
формалардың пайда болуын тудырмайды. Хлоры бар дезинфекцияла-
ушы құралдар: хлорлы әк, натрий мен калий гипохлориттері, а және б 
хлораминдері мен басқалары. Олардың әрекет етуі осы қосылыстардың 
диссоциациясы кезінде түзілетін гипохлорит ионы арқылы белсенді 
хлор мен оттегінің бөлінуіне негізделген. Органикалық емес хлоры 
бар заттардың кемшіліктері: хлордың қатты иісі, тұрақтылығының 
нашарлығы, жарықта тез бұзылуы, металдарға тот басу әрекет етуі, 
жабындар мен материалдардың түсінің кетуі. Органикалық хлоры бар 
заттар қолдану ыңғайлырақ, жабындар мен материалдардың түсін 
кетірмейді, құрғақ күйінде өзінің қасиеттерін жоғалтпай, үш жылға 
дейін сақталады. 
Органикалық хлоры бар дезинфекциялаушы құралдарға хлордың 
иісі бар ақ ұнтақ, суда жақсы еритін, 24-28% белсенді хлор – хлора-
мин жатады. әдетте, ол тура қолданар алдында дайындалатын 0,5-2% 
қоспалы ерітінді түрінде пайдаланылады.
заласыздандырушы іс-шаралардан кейін залалсыздандырушы 
заттар залалсыздандырылған барлық өндірістік нысандардан жуу 
арқылы тиянақты тазартылуға тиіс. тағам өндірістерінде мемлекеттік 


251
эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелері рұқсат еткен 
дезнифекциялаушы құралдар және олар қоса берілетін ережелерге 
сәйкес қатаң қолданылып, дайындаушының ыдысында арнайы орын-
дарда сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет