246
арналған жұмыс болып табылады. жұмыс істеуге ыңғайлы болуы
үшін, бар тұрынтағы үшін жабдықтың бір бөлігі орналасатын және
өнімдердің бір бөлігі сақталатын қосалқы үй-жай жобалануы мүмкін.
Өз-өздеріне қызмет көрсететін кәсіпорындардағы буфет залда
орналастырылады. Ол келушілерге сатып ала алатын тауар, кондитер
өнімдерін, сусындарды және т.б. өткізуге арналған. буфетте, әдетте,
екі үй-жай жоспарланады, олар – тоңазытқыш шкафтар мен сату
сөрелерді орната отырып өнімдерді жіберу және сақтауға арналған
үй-жайлар.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорнының вестибюлі келушілер ағынын
нақты ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей етіп жоспарлануға
тиіс. Вестибюль кәсіпорынның типіне қарай жабдықталады. Вести-
бюльде келушілерге арналған киім ілгіш, дәретхана мен темекі
тарту бөлмелері орналастырылады. Вестибюльдің жалғасы ретінде
келушілердің кездесуі мен демалысына арналған кірме зал болады.
келушілер үшін сырт киім шешуге арналған киім ілгіштегі орын-
дар саны зал сыйымдылығынан 10% асуға тиіс. ілгіштер ұзындығы
1 метр ілгішке алты ілгек деп есептеледі. киім ілгіш бойынан
келушілердің негізгі ағынынан бос 1,5-2 метр кеңістік қарастырылады.
Дәретханаларда унитаздар (залдағы 60 орындыққа біреу) және ыстық-
суық су тартылған қолжуғыштар (залдағы 50 орындыққа біреу) орна-
тылады.
Достарыңызбен бөлісу: