Абжанова сокращенная indd


Адам организмі қызметінің гуморальдық реттелуі



Pdf көрінісі
бет12/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   151
Адам организмі қызметінің гуморальдық реттелуі. 
Ішкі серкеция бездерінің маңызы
гуморальдық реттелу қан құрамындағы заттардың әсерінен 
болады. гипофиз және эпифиз, қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, 
тимус, бүйрек үсті безі жатады. ішкі секреция бездері гормондар бөліп 
шығарады. 
гипофиз – сопақша пішінді, салмағы – 0,5-0,7 г. Ол үш: алдыңғы, 
артқы, ортаңғы бөліктен тұрады. алдыңғы бөліктен өсу (соматроптық
гормондары) гормоны бөлінеді. Ортаңғы бөлігі меланофор гормонын 


23
бөледі. бұл гормон терінің пигмент клеткасына әсер етеді. артқы 
бөлігі вазопрессин, окситоцин гормондарын бөледі. Вазопрессин орга-
низмде су және натрий, калий мөлшерін реттеуге әсер етеді. Оксито-
цин сүт бездерінен сүттің шығуына себепші болады. 
Қалқанша безі. тироксин гормонын бөледі. Өсу, даму, зат алмасу 
әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. меңіреулік 
бездің қызметінің нашарлығынан пайда болады (балаларда).
ересек адамда қалқанша безінің жұмысы жеткіліксіз болса, миксе-
дема (шырышты ісік) ауруы пайда болады, керісінше, қызметі жоғары 
болса, бақшаң көз (базедов дерті) пайда болады. 
Қалқанша маңы бездері паратгормон бөледі. Ол са
2+
алмасуын 
реттейді. 
Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі. инсулин гормонын 
бөледі. инсулин – организм клеткалары құрамындағы көмірсуларды 
сіңіріп отыруын реттейтін гормон. инсулин жеткіліксіз бөлінуінен 
қант диабеті пайда болады. бүйрек үсті безі екі бүйректің үстінде 
орналасқан. әрқайсысының салмағы 12 гр. бұл бездер сыртқы және 
ішкі қабаттан құралады. ішкі қабат адреналин гормонын бөледі. 
Тағамдық заттардың нейрогуморальдық жүйенің
қызметіндегі маңызы
тағамның құрамы нейрогуморальді жүйенің функционалдық 
жағдайына әсер етеді. Рационда белок (ақуыз) жетіспеушілігі орталық 
жүйке жүйесінің дамуын төмендетеді, әртүрлі рефлекстердің (шартты) 
қалыптасуын нашарлатады, оқу мүмкіндіктерін, есте сақтау, мидағы 
қоздыру үдерістерін нашарлатады. ал ақуыздың артық мөлшері 
орталық жүйке жүйесінің қозуын арттырады. көптеген амин 
қышқылдары нейромедиаторлар мен гормондары түзілуінің бастапқы 
заты болып табылады. 
көмірсулар мидың қызмет етуі үшін энергия көзі болып табылады 
және қанға глюкоза түрінде үнемі түсіп тұруы керек, себебі жүйке 
ұлпаларында гликоген өте аз. Қанда глюкозаның құрамы аз болса 
мидың тежелуі пайда болуы мүмкін, сол кезде эмоциялық реакциялар 
күшейеді. бұндай жағдай тамақтанудан бұрын болады. 
тез қорытылатын көмірсулар ми қабығын тыныштандырып
шаршағанды басады. сондықтан да көмірсулар өте қажетті нутриент-


24
 
 

тер болып табылғанымен, оларды қабылдаған кезде сандық нормасын 
сақтау керек. 
ми және жұлын ұлпаларында көптеген липидтер мен липоид-
тер (фосфатидтер, стериндер т.б.) кездеседі. Өте үлкен маңызы бар 
лецитин мен кефалин. бұл заттарға қажеттілікті өтеу үшін рационға: 
рафинадталған өсімдік майларын, сарымай, жұмыртқаның сарысын 
енгізу керек. 
Дәрумендер медиаторларды синтездеу үшін қажет. мысалы, 
халин сірке қышқылымен айетилхолин деген эфир түзеді. Ол жүйке 
жүйесінде ацетилхомин эстераза ферментінің активтілігін тежейді. 
тиамин жетіспеген кезде мидың шартты рефлекторлық қызметі 
бұзылады, қозу үдерісі әлсірейді және кідіру күшейеді, бұл адамның 
еңбек қабілетін төмендетеді. 
симпатикалық бөлімнің (жүйке жүйесінің) медиаторы нора-
дреналин – фенилаланиннің тотығуы, соңынан түзілген өнімнің 
декарбоксилденуінің нәтижесінде түзіледі. бұл үдеріс үшін пири-
доксин (дәрумен В6) қажет. Ол басқа да медиаторлардың (серотонин, 
гаммааминомай қышқылының) түзілуіне қатысады. Рибофлавин көру 
үдерісін қамтамасыз етеді. 
әсіресе жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдері дәрумен РР-нің 
жетіспеушілігіне сезімтал. Ол орталық жүйке жүйесінде терең 
өзгерістерге әкеп соғады, нейрондарға зақым келеді. 
сондықтан да В тобындағы дәрумендердің кез келгенінің 
жетіспеушілігі Ожж қызметін бұзады. 
аскорбин қышқылы (дәрумен с) норадреналиннің түзілуіне 
қатысады және адреналинді тотығудан сақтайды. 
нейрондардың қызметі организмдегі минералды заттардың 
мөлшеріне де байланысты. Na, K, Ca орындаушы органдарға 
хабарды жеткізуге қатысады. Осы минералды заттар және де Mg, P 
ферменттердің белсенділігі әсер етеді. Ферменттер жүйке клеткала-
рында негізгі алмасу үдерістерін жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет