Абжанова сокращенная indd


Өсу мен даму заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет81/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   151
Өсу мен даму заңдылықтары.
балалар мен жасөспірімдердің 
организмдері үнемі өсіп, дамуда болады.
Организмдердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына 
байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды.
Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) 
кеуде шеңбері.
Өсумен қатар, организмде даму жүріп жатады. Даму – сапалық 
көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық 
көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір 
қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің 
қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. 
Организмінің дамуы екі түрлі: 1) физикалық, 2) функциялық.
Дамудың негізінде үш фактор жатыр:
1) өсу;
2) органдар мен ұлпалардың мамандануы; 
3) форма түзілуі.
бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
адамның өмірін үш кезеңге бөлуге болады:
1) дамып, жетілу; 
2) кемелдену; 
3) қартаю.


176
 
 

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:
1) өсу мен даму гетерохронды болады.
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсуі мен дамуы қарқыны 
әртүрлі келеді.
3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты.
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелер қызметтерінің 
биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері және сыртқы ортаның 
жағдайларына тәуелділігі;
6) өсу мен дамудың акселерациясы (балалар мен жасөспірімдердің 
өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда 
жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп аталады).
Адам өмірін кезеңдерге бөлу.
жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық 
ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. белгілі бір жас кезеңінде 
организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайын-
далу мерзімі басталады.
1965 жылы мәскеуде болған дүниежүзілік жиналыста адамның 
барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.
№ жас кезеңдері
жас кезеңдерінің ұзақтығы
1
жаңа туған сәби
1-10 күн
2
нәрестелік шақ
10 күн – 1 жас
3
сәбилік шақ (ерте балалық)
1-3 жас
4
1-ші балалық шақ
4-7 жас
5
2-ші балалық шақ
8-12 жастағы ұл балалар, 8-11 
жастағы қыз балалар
6
жеткіншектік немесе 
жасөспірімдік шақ
13-16 жастағы ұл балалар, 
12-15 жастағы қыз балалар
7
жігіттік, бойжеткендік шақ
6-20 жастағы бойжеткендер, 
7-21 жастағы жігіттер
8
кемелге келу немесе ересектік 
мерзімнің 1-ші жартысы
21-35 жастағы әйелдер, 22-35 
ерлер
9
ересектік мерзімнің 2-ші жартысы 36-55 жастағы әйелдер, 36-60 
жастағы ерлер
10 егде жас
55-74 жастағы әйелдер, 60-74 
жастағы еркектер


177
11
Қарттық немесе кәрілік
75-90 жастағы әйелдер мен 
ерлер
12 Ұзақ өмір сүрушілер
90 жас және одан жоғары
әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. бір 
кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе «ауысу 
мерзімі» деп атайды. Өзгеру мезгілі – әр кезеңде де ауыр, организм көп 
күш жұмсайтын кез, денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан 
бейімделу уақыты. сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі 
біршама әлсіреп, сыртқы орта жағдайларының өзгерістерін қиналып 
өткізеді. бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне 
түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның 
жасы ұлғайған сайын қиындайды. жас кезеңдерінің уақыттары 
әртүрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне 
негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет