Абжанова сокращенная indd


Қоршаған ортаның негізгі факторлары және олардың адам



Pdf көрінісі
бет128/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Қоршаған ортаның негізгі факторлары және олардың адам 
денсаулығына әсер етуі
Қоршаған орта және оның химиялық элементтермен ластануы
адам  денсаулығы  мемлекеттің  экономикалық  және  әлеуметтік 
саясатты  айқындайтын  факторлардың  бірі  болып  табылады.  адам 
денсаулығы халінің нашарлауын алдын алу барлық гигиеналық және 
табиғат  қорғау  іс-шараларының  басым  бағыты  болды.  гигиеналық 
іс-шаралардың көбі, соның ішінде қоршаған орта факторларының әсер 
етуін гигиеналық нормалау – зиянды факторды толық жоюды немесе 
оның әсерін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуді қарастырады.  
Қоршаған орта факторлары адам денсаулығының жай-күйін күрделі 
және  әртүрлі  бағытты  әсер  ете  алады.  Өзінің  тегі  жағынан,  олар 
химиялық,  физикалық  (шу,  діріл,  ультрадыбыс,  инфрадыбыс,  жылу, 
иондаушы  және  басқа  сәулеленулер),  биологиялық  (бактериялық, 
паразитарлық,  вирустық  және  басқалары),  сонымен  қатар  әлеуметтік 
(өмір салты, өндіріс пен тұрмыс жағдайлары) болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет