Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет130/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   198
Гигиеналық  нормативтер  –  адамның  тіршілік  етуіне  қауіпсіз 
деп  танылатын  қоршаған  орта  күйінің  жеке  факторын  сипаттайтын 
зерттеулер  кезінде  алынған  ұйғарынды  мәндер  аясы.  Қазіргі  уақытта 
гигиеналық  нормативтердің  талаптарын  сақтауға  немесе  төмендетуге 
мүмкіндік беретін көптеген технологиялар бар. 
әрбір азамат табиғат пен қоршаған ортаны сақтауға  және табиғат 
байлықтарын аялауға тиіс.
Ауа кеңістігінің гигиеналық мәні
ауа  кеңістігі  маңызды  табиғат  ортасы  болып  табылады.  ауа 
қатынасы  бір  дәржеде  барлық  биологиялық  саты  мен  жүйелерге 
қатысады.  ауа  арқылы  зиянды  заттар  мен  микроағзалар    тез  және 
үлкен  қашықтықтарға  жетеді.  ауа  кеңістігі  климаттың  түзілуіне  өте 
белсенді  түрде  қатысады.  атмосфера  құрамының  мардымсыз  өзгеруі  
экологиялық  жүйелерге  едәуір  зиян  келтіре  алады.  адамның  тірші-
лігі  –  қазіргі  уақытта  атмосфералық  ауа  құрамына  әсер  ететін  күшті 
факторлардың бірі, сондықтан оның сапасын анықтайтын гигиеналық 
нормалардың сақталуын тиянақты қадағалау керек. 
атмосфералық  ауа  сапасының  мәселесі  дамыған  елдердің  ірі 
қалаларында  өте  өткір  мәселе  болып  тұр.  Өнеркәсіп,  көлік  сияқты 
факторлар көміртегілерді жаққан кезде атмосфераға көп көмірқышқыл 
газын  бөліп  шығарады  және  ол  өз  кезегінде  климатқа  әсер  ететін 
аталмыш көшет әсеріне алып келеді. ауадағы көмірқышқыл газының 
көп  мөлшері  адамдар  мен  жануарларда  әртүрлі  аурулардың  пайда 
болуына  әкеледі,  ал  адамның  шаруашылық  қызметінің  барысында 
ормандардың  елеулі  азаюы  табиғаттың  көмірқышқыл  газын  сіңіруге 
қауқарсыз болып жатқан жағдайға алып келді. көмірқышқыл газының 
шығарындыларынан  басқа,  зиянды  шығарындыларға  химиялық 
үдерістер  жүретін  және  кейбір  тағамдық  өндірістер  жататын 


228
 
 
                                                                                          
өндірістерде  апат  болған  жағдайларда  атмосфераға  шығатын  ұшқыш 
химиялық қосылыстар шығарындыларын да жатқызуға болады. 
санитарлық  нормаларды  сақтау  мақсатында  өндірістерде  ауаның 
келесі көрсеткіштері қадағаланады:
•  температура;
•  беткейлер температурасы;
•  салыстырмалы ылғалдылық;
•  ауаның қозғалу жылдамдығы;
•  жылулық сәулелену қарқындылығы;
•  аэроиондық құрамды;
•  химиялық және физикалық зиянды заттар;
•  биологиялық зиянды заттар.
жайлы микроклиматты қамтамасыз ету үшін  ауа параметрлерінің 
үйлесімділігін сақтау қажет (13-кесте).
Температура  адам  денесінің  температуралық  теңгеріміне  әсер 
етеді,  бірақ  адам  денесінің  термиялық  реттеуге  шектеулі  болған-
дықтан, онда жоғары температураларда қызып кету, ал төмен темпера-
тураларда аса суып кетушілік мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет