Абжанова сокращенная indd


Еңбек ету шарттарын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет126/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   198
Байланысты:
1 (5)

Еңбек ету шарттарын ұйымдастыру. адам күні бойы жұмысқа 
қабілетті бола алмайды. жұмысқа қабілеттілік жұмыс күнінің басында 
көтеріліп, 1,5 сағат жұмыс істегеннен кейін жоғары дәрежесіне жетіп, 
неғұрлым жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, соғұрлым ұзақ сақталады. 
содан  кейін  адамның  жұмысқа  қабілеттілігі  төмендеп,  дұрыс 
ұйымдастырылған үзілістен кейін қайта көтеріледі.


223
ағзаның  шаршауы  ауыр  және  ұзақ  жұмыс  істеу  нәтижесінде, 
жұмыс  үдерісі  дұрыс  ұйымдастырылмаған  кезде,  жұмыс  істеудің 
ыңғайсыздығы  нәтижесінде,  шаршау  мен  өз-өзін  нашар  сезінуді 
тудыратын  дем  алыстың  дұрыс  ұйымдастырылмауы  нәтижесінде 
болады.  жұмысқа  қабілеттіліктің  ауытқуына  байланысты  ауыр  және 
маңызды  жұмысты  жұмыс  күнінің  бірінші  жартысында  немесе  түскі 
үзілістен  кейін  бірден  орындау  керек.  күні  бойғы  шаршауды  азайту 
үшін  жұмыстың  әр  түрін  орындау  керек.  Қоғамдық  тамақтандыру 
кәсіпорындарында бұл оңай жүзеге асырылады.
жұмыс  істеу  ыңғайлы  болуы  керек.  Ол  жұмыс  құрал-жабдық-
тарының  өлшемі  мен  биіктігінің  дұрыс  таңдалуымен  қамтамасыз 
етіледі. жұмысшы тік, бүкіреймей тұруы керек. кейбір операцияларды 
аспазшы немесе кондитер биік орындықта отырып орындай алады.
Дұрыс  ұйымдастырылған  жұмыс  орны  артық  қозғалыстарды 
жасамауға  мүмкіндік  береді,  яғни  күні  бұрын  шаршауды  болдыр-
майды.  адамның  жұмысқа  қабілеттілігі  оның  өз  жұмысын  білуі 
деңгейіне, яғни өндірістік тәжірибесіне де байланысты.
жұмысқа  қабілеттілікті  сақтау  үшін  дем  алу  мен  жұмысты  кезек-
пен  істеу  керек.  жұмыс  күні  ішінде  ұзақтығы  бес  минут  болатын 
арнайы өндірістік гимнастикамен айналысу керек.
барлық  аталған  факторлар  қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорын-
дарындағы жұмыс барысын дұрыс ұыймдастыру мен жұмысшылардың 
шаршауын төмендетуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет