248
жабдықты санитарлық өңдеу оның ластануына қарай және жұмыс
аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Қоғамдық
тамақтандыру
кәсіпорындарының
тоңазытқыш
жабдығында құрамалы-жиналмалы камералар, тоңазытқыш шкафтар,
төмен температуралы сату сөрелері мен мұздатқыштар бар. барлық
тоңазытқыш жабдықты үнемі тазалап, 1-2%-кальцинирленген сода
ерітіндісімен жуу немесе Денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму
министрлігі рұқсат еткен дезинфекциялаушы құралдармен жуу, содан
соң ыстық суменшаю керек. жүктеу алдында тоңазытқыш камера-
ларды желдетіп, кептіру қажет. барлық тоңазытқыш қондырғыларда
тағамдық өнімдерді сақтаудың температуралық режимін қадағалау
үшін термометрлер орнатылады. тоңазытқыш жабдықты бақылау
үшін сынапты термометр қолдануға рұқсат етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: