Абжанова сокращенная indd


Қойма үй-жайларына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет137/198
Дата10.04.2022
өлшемі5,39 Mb.
#30489
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   198
Қойма үй-жайларына қойылатын талаптар
Қойма  үй-жайлары  құрамына:  сүт-май,  өнімдерін  сақтауға; 
тоңазытылған  етті  сақтауға;  салқындатылған  ет,  құс  еті,  балық, 
тұздықтар мен көкшөптерді сақтауға; тағам қалдықтарын, картоп пен 
көкеністерді  сақтауға  арналған  камералар;  құрғақ  өнімдер  қоймасы, 
нан қоймасы, ыдыстар қоймасы, құрал-саймандар қоймасы, қойманың 
жүк  түсіретін  платформасы,  қоймашының  бөлмесі,  тазалау  құрал-
саймандарының үй-жайы кіреді.
негізгі  мақсаты  –  сақтау  кезінде  тағамдық  өнімдердің  тағамдық 
және биологиялық құндылығын сақтау. сондықтан қойма үй-жайларын 
жобалауда  келесі  гигиеналық  қағидалар:  өнімдерді  түрлеріне  қарай 
бөлек  сақтау;  өнімдердің  түрлеріне  сәйкес  қоймаларда  ылғалдылық 
пен температуралық режімдерді сақтау негізге алынуға тиіс.


244
 
 
                                                                                          
Қойма  үй-жайлары,  әдетте,  жүк  түсіретін  жерге  топтастыра  оты-
рып,  ғимараттың  жертөлесінде  немесе  бірінші  қабатында  орналасты-
рылады.  екі  қабатты  ғимараттар  үшін  қойма  үй-жайларын  өндірістік 
цехтар  астында  орналастырған  оңтайлы  болып  табылады,  бұл  ретте 
лифтілер шикізатты жеткізудің ең қысқа және барынша оқшауланған 
жылжу  жолын  қамтамасыз  етуге  тиіс.  Қойма  үй-жайларының  саны 
мен тізімі кәсіпорынның қуаттылығымен анықталады.
салқындататын  камераларды  жобалағанда,  ет,  балық  пен  сүт 
өнімдері үшін микроағзалармен барынша тұқымдалған ретінде бөлек 
сақтап,  мен  әртүрлі  температуралық  режимдерді  қамтамасыз  ету 
керек.  салқындатылатын  камераларды    жүк  түсіретін  алаңға  немесе 
дәлізге  шығатын есігі,  тамбуры бар біртұтас блокпен орналастырған 
жөн.  камералар  оңай  жүре  алатындай  болуы  керек,  кіреберісте 
табалдырығы  болмауға  және  арнайы    жабдықталған  есіктері  болуға 
тиіс,  сөрелер  жалатылған,  едендер  су  өткізбейтін  болуы  керек. 
машина  бөліміндегі  камералар  жанында  тоңазытқыш  агрегатын 
орнату жоспарланады. салқындатылмайтын қоймалар құрғақ өнімдер 
мен  көкөністерді  сақтауға  арналған.  көкөністер  қоймасы  көкөніс 
цехінің  жанына  немесе  астында  орналастырылады.  жарық  жасанды 
болуға  тиіс.  себебі,  күн  сәулесі  дәрумендердің  бұзылуын  тездетеді. 
Құрғақ өнімдер қоймалары  өндірістік үй-жайларға жақындау бірінші 
қабатта  жобалады.  Олар  қабырғадан  25  см  немесе  еденнен  15  см  кем 
емес  қашықтықта  орналасқан  сатылармен  немесе  тауар  қоятын  ыды-
стармен  жабдықталады.  ірі  кәсіпорындарда  ыдыс-аяқ  пен  құрал-
саймандарды сақтауға арналған қоймалар жобаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет