Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы дезинфекция Дезинфекция – сапрофитті микроағзаларды – шикізаттың, жар-
тылай фабрикаттар мен дайын өнімнің бұзылуына әкелетін өндіріс
зиянкестерін, сонымен қатар жұқпалы микроағзаларды – тағам инфек-
циялары мен тағамнан улану қоздырғыштарын жоюға бағытталған
іс-шаралар кешені. Дезинфекциялаудың бірнеше түрі бар:
• профилактикалық немесе ағымдағы, ол санитарлық талаптарға
сай, эпидемиологиялық жағдайға қарамастан үнемі жүргізіледі;
• шұғыл – қоғамдық тамақтану кәсіпоынында инфекциялық
жұқтыру ошағы пайда болу мүмкіндігіне күдік туындағанда,
сонымен қатар осы кәсіпорынның қызметкерлерінің арасында
инфекциялық аурулар болғанда жүргізіледі.
Дезинфекциялау әдісінің екі: физикалық және химиялық тобы бар.